АҚШ Қытайға енгізілген тариф мөлшерін арттырмақ. Ақ үй әкімшілігі бұл туралы нақтырақ тағы да ақпарат беретінін мәлімдеді. Ал болжам бойынша, Трамп АҚШ-тағы Қытай тауарларына қатысты тарифті 60 млрд тоннаға ұлғайтады. Бұл 2017 жылы АҚШ жеріне жіберілген Қытай тауарларынан 10 пайызға жоғары, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.
Дегенмен, нақты қай тауарға салық салынатыны және оның көрсеткіші әзірге белгісіз. Трамп тарифтері неліктен маңызды?
Трамп әкімшілігі жылдар бойы тауар айналымы саласына қатаң бақылау орнатқысы келеді, енді дәл осы жылы оны қолға алмақ.
Қытай шенеуніктері де жауапсыз қалмайды. Олар да Қытайға кіргізілетін АҚШ тауарына жауап ретінде тариф енгізеді. Ақ үй тарапының әрекетін күтіп отыр.
Қытай-АҚШ қатынасы ушығып кетуі мүмкін. Инвесторлар, экономистер мен саясаткерлер алаңдап отыр. Әлемдік сауда нарығына қауіп төніп тұр.
Америкалықтар Қытай тауарын көп сатып алады. Сондықтан, олар да алаңдаулы. Салық өссе, тауар құны да қымбаттайды.
Трамп әкімшілігінің шенеуніктері тауар соғысының басталғанын болжап отыр. Ақ үй басшысы бұл әрекеті арқылы сайлауалды абыройын көтеріп алмақшы дейді сарапшылар. Яғни, АҚШ-тағы жұмыс орындарына жақсылап жайғасқан қытайлықтар көп болғандықтан, оған ашулы америкалықтарды басу үшін, Қытайға қатал қарайтынын көрсетпекші.
60 млрд доллар тарифі тиімді бола ма, әлде керісінше, америкалықтардың жұмыс орнын одан сайын азайта ма, белгісіз.
Қытай бұл ретте не дейді? «Сауда соғысы ешкімге де пайда әкелмейді, жеңімпаз жоқ» деді Пекин пресс-конференциясында сөз сөйлеген премьер-министр Ли Кэцян.
Қытай АҚШ тарапына жауап ретінде оңдырмай соққы беруі мүмкін. Мәселен, Америкада шығатын соя мен сорго өнімдерін ең көп тұтынатын осы Қытай елі. АҚШ-тың аталмыш тауарларына тариф енгізіп не болмаса мүлдем бас тартып, Бразилия, Аргентинада шығатын сояны сатып алса, Вашингтон экономикасы зардап шегеді.
Сондай-ақ, Қытай АҚШ-тың ірі несие беруші әріптесі: Пекин Вашингтондағы мемлекеттік байланыстың ең ірі иесі, жақында ғана Қытай бұл мемлекет алдындағы қарызының көп бөлігін өтеді. Дегенмен, инвесторлар Қытайдың қысқа мерзімде барлық қарызды өтейтінін айтпайды.
Тамызда АҚШ Сауда өкілі Роберт Лайтхайзер Қытайды «америкалық интеллектуалдық ұрлықшы» деп айыптады. Яғни, ұялы телефон қосымшасы мен өзге де технологиялар патентінің идеясын алып қойды дейді. Бұл сауал соңына дейін зерттелмесе де, Қытайдың технология саласындағы жетістіктері орасан екені рас.
USTR шенеуніктерінің айтуынша, АҚШ компаниялары журналистер алдында сөз сөйлеп, Қытай тарапына мына 4 айыпты тағып отыр:
Қытай фирмалары әріптестікке келісіп, артынан америкалық компаниялардың идеясын меншіктеп алады.
Америкалық компаниялардың техникалық құпиялары мен инновациялық идеяларын ұрлау үшін Қытай компаниялары мемлекеттік қаражатты қолданады.
Қытай америкалық коммерциялық желіге ену үшін «кибер технологияларды» қолданады. Яғни, олар – тыңшы
Ал Қытайда жұмыс істейтін америкалық компаниялардың құқықтары шектеулі.
Рейганнан кейін алғаш рет Ақ үй әкімшілігі тауар айналымындағы заңды 1974 жылдан бері қайта қарастырып отыр. Трамп Конгресстің мақұлдауынсыз, өзге мемлекеттерді таңғалдыру үшін тағы да тарифке қатысты бір өзі шешім шығарды.
Америкалық компаниялардың аталмыш реніштерін зерттеуге кіріскен сарапшылар қорытынды жасады, енді тариф мәселесі өзгеріске ұшырайтыны анық.
Тауар сарапшылары Трамп әкімшілігімен келісетіндерін айтты. Яғни, Қытай технологиялар саласында идея ұрлағандықтан, бұл әрекеттеріне жауап беруі тиіс дейді сарапшылар. Экономистер де бұл шешіммен келіседі.