Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанды

1.jpeg


Қазақстандық Самал Еслямова 71-нші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды. Ол ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты картинасында басты рольді сомдаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.


2.jpeg


Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Фестивальдар сарайында өтті. Жеңіске қол жеткізген Самал Еслямова режиссерге алғысын айтты. "Сергей, саған көп рақмет. Бұл зор құрмет", - деді ол.

"Айка" әлеуметтік драмасы Қырғызстаннан келген қыз жайында, ол Мәскеуде босанып, баласын перзентханада тастауға мәжбүр болады, картинада сол қыздың аналық сезімі мен қайғы-мұңы суреттеледі. Фильм бес компанияның қолдауымен түсірілген: "Кинодвор" атты Сергей Дворцевойдың студиясы, сонымен қатар, Германияның, Польшаның, Қытайдың, Қазақстанның компаниялары.

3.jpeg


Ұқсас тақырыптар