«Cultural Dialogue» Қоғамдық Қоры және SANTО компаниясы әйгілі мүсіншілердің шығармашылық студияларына барып, «Healing with HeArt» атты кездесулерін жалғастыруда. Бұл студияларда «Ғылым мен өнер коды» тақырыбындағы ашық республикалық мүсін сайысы үшін нобайлар мен макеттер әзірленеді. Сайыстың мақсаты – денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологияларды бейнелейтін үздік нобайларды көтермелеу. Белгіленген мүсін Шымкент қаласындағы Қазақстандық фармацевтикалық өндіріс көшбасшысы болып табылатын SANTO компаниясының көркемдік рәмізіне айналады.
Қазақстанның заманауи өнерінің қалыптасу тарихы 1938 жылдан басталады. Бұл жылы Қазақ КСР партиясының наркомы бірінші оқу орны – Алматы көркемөнер училищесінің құрылуы туралы қаулыға қол қойған. 1955 жылы Құрманғазы атындағы Консерваторияда театр факультеті ашылып, оның негізінде 1977 жылы Алматы Мемлекеттік театр-көркемөнер институты ашылды. Хакімжан Наурызбаев бірінші кәсіби мүсінші болып, Қазақстандағы ұлттық монументалды мүсін мектебінің қалыптасуы осы кісінің атынан басталды. Наурызбаев – көптеген әйгілі мүсіндердің авторы, олардың арасында Абай даңғылындағы Абай ескерткіші, ҚР ғылым академисының ғимаратына қарама-қарсы орналасқан Шоқан Уәлиханов ескерткіші бар.
Алғашқы шығармашылық кездесудің қатысушылары мүсінші Эдуард Казарянның шеберханасында болды. Бұл жолы журналистерді Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Мүсін» кафедрасының профессоры Мәлік Жүнісбаев қарсы алды.
Шағын формалардан бастап, монументалды жұмыстарға дейін шығармашылық диапазоны кең және әр алуан шебердің мүсіндері реалистік және шартты-абстрактылы кейіптерде бір-бірімен жақсы үйлеседі. Шеберхананың жұмыс атмосферасын жақсылап сезу үшін жетекші БАҚ өкілдері мүсін формасын жылдам модельдеу барысын бақылады. Мәлік Жүнісбаев сайыс студенттерге өз өнерін көрсетіп, еліміздің танымал шеберлерінен баға алу мүмкіндігін беретінін атап өтті. Сайыста Қазақстанның еңбегі сіңген әрі танымал мүсіншілерімен қатар, жастар да өз күшін сынайды.
Ижи Урбанец, SANTO компаниясының бас директоры: «Технология, ғылым немесе өнер болсын, кез-келген салада сабақтастық мәселесі, жас буынға білім белу мәселесі маңызды болып табылады. Біздің компания еліміздің жетекші медициналық оқу орындарымен әрекеттесе отырып, талантты жастарға білім беруге белсенді түрде қолдау көрсетеді. Біздің ойымызша, еліміздің ғылыми және мәдени әлеуетіне жасалған инвестицияның маңыздылығы технологияның дамуына жасалған инвестицияның маңыздылығынан кем түспейді. Біз жариялаған сайыс Қазақстанның заманауи өнерінің өркендеуіне түрткі болатынына сенеміз. Елімізде талантты мүсіншілер өте көп. Қазақстандықтар олардың өнерін және отандық фармация жетістіктерін мақтан тұта алады».