Алматыда жас суретші Оралбек Қабөкенің жеке көрмесі өтеді

1-2.jpg

Тамыздың 22 күні Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде суретші Оралбек Қабөкенің «Біртұтас» атты жеке көрмесі өтеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Өнер иесі 1987 жылы ҚХР-да Алтай қаласында дүниеге келген. 2011 жылы Т. Жүргенов атындағы академиянының сурет факультетін кескіндеме мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылдан бері ҚР суретшлер одағының мүшесі. Бұған дейін көптеген республикалық және халықаралық көрмелерге қатысқан.

1-1.jpg

2010 жылы «Шетелдегі қазақ жастары және ана тілі» атты Халықаралық өнер фестивалінде Бас жүлдені иеленген. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған республикалық «Каспий көкжиегі» атты суретшілердің пленэр байқауында да Бас жүлдені жеңіп алған.

«Оралбек Қабөке қазақ бейнелеу өнеріне жақында келген жас буынның белсенді де беделді өкілі десем артық болмас. Жаратушының берген дарынын, қастерлей білетіндігін байқадық, сөйтіп Суретшілер одағына кезектен тыс мүшелікке қабылдадық. Суретші өз картиналарына тақырып іздеп, қиядан асып, ел шетіне шығып кетпейді. Өмір мен болмыстың заңдылықтарын ата дәстүрден, ұлттық тұрмыстың ғасырлар бойы сыннан өтіп, дәлелденген қарым – қатынасынан, жан –дүниенің қоңыр қобыздың сарынындай мың құбылысы бар иірімдерінен іздейді», - дейді графикашы-суретші, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Байтұрсын Өмірбеков.

Жоба Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы қорының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

1-3.jpg


Ұқсас тақырыптар