Бауыржан Қарағызұлы жаңа қызметке тағайындалды

2.jpg

Бауыржан Қарағызұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

Ол – қазақтың талантты ақыны, көптеген халықаралық, республикалық, әдеби конкурстардың жеңімпазы.

Ол 1982 жылы 17 қазанда дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың және ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткен Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері.

«Әлемге әйгілі - Астана» атты жыр мүшәйрасының Гран-При жүлдесінің иегері. Сейдолла Бәйтереков атындағы арнайы сыйлықтың иегері. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткен «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» атты І республикалық Мағжан өнер фестивалінің лауреаты.

«Табысты қазақстандық - 2012» Ақмола облыстық жастар байқауында «Жас дарын» сыйлығының иегері. Ақын-импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жыл толуына орай өткен әдеби байқаудың жеңімпазы.

2014 жылғы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сепендияның иегері.

«Жұмбақтасқа жауған күз», «Өң.Мен.Түс.», «Жүрек кітабы», «Топырық демі» атты жыр-кітаптарының авторы.

Республикалық «Алаш үні» газетінде тілші, Елордалық «Астана» журналында тілшілер қосынының жетекшісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында «Кітап патшалығы» журналы бас редакторының орынбасары; Көкшетау қаласындағы «Ақпараттық кітапхана жүйесі» Мемлекеттік мекемесінде директор; «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» жетекшісі; «Мәдениет порталының» бас директоры; Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған Жас ақын-жазушылар кеңесінің хатшысы қызыметтерін атқарған.

Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отырған әке.



Ұқсас тақырыптар