«Шабыт» фестивалінде Шерхан Мұртазаны еске алуға арналған сыйлық табысталады
Астана, BAQ.KZ. ХХІ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне қатысуға өтінімдерді қабылдау әлі бір апта бойы жалғасады. Аталмыш шара қарашаның 5-і мен 9-ы аралығында өтеді. Бұл туралы Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы хабарлайды.
Шығармашылық бәсекеге қатысам деушілер материалдарды 30 қазанға дейін Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасына жолдауы керек, немесе www.shabyt-astana.kz сайтында онлайн өтінімді толтырады. Үміткерлердің жасы 16-дан 35-ке дейін болуы шарт.
Бір апта бойы жас таланттар қаланың үздік алаңдарында өнер көрсетеді, атап айтқанда, «Астана» концерт залында, Қазақ ұлттық өнер университетінің сахналарында, «Жастар» театрында, Бейбітшілік және келісім сарайында және т.б.
Осы күнге дейін «Шабыт» фестивалі тек қазақстандық қана емес, сонымен қатаршетелдік жұлдыздрдың жолын ашатын беделді шара екендігін дәлелдеді. Аша Матай, Қайрат Баекенов, Тұрсынбек Қабатов сынды артистер, «Меломен» тобы және басқалары әр жылдары Гран-при иегерлері атанған.
Еске салайық, биыл фестиваль басты 5 номинация бойынша өтеді: «Классикалық музыка», «Халық музыкасы», «Эстрадалық вокал», «Хореография» және «Журналистика». Оның үстіне, олардың кейбірі секцияларға бөлінген.
Мысалы, «Классикалық музыкада» 4 ішкі номинация бар. Оның ішінде – ағаш үрмелі аспаптар (флейта, гобой, кларнет, фогот, саксофон), мыс үрмелі аспаптар (валторна, труба, тромбон, туба), соқпалы аспаптар және камералық ансамбль.
«Халық музыкасы» номинациясы бойынша қатысушылар «Қобыз», «Прима-қобыз», «Шертер», «Бас-шертер», «Прима-домбыра» сияқты ішкі номинацияларда сайысқа түседі. «Хореографияда» конкурс халық биі бағытында би ұжымдары мен жеке орындаушылар арасында өтеді.
Дәстүр бойынша өнер салаларын барынша қамту мақсатында фестиваль номинациялары жыл сайын ауысып отырады. Соңғы алты жылдың ішінде биыл алғаш рет конкурстың ұйымдастыру комитеті «Журналистика» номинациясын қосып отыр. Секция елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналады.
Конкурсанттар Телевидение: «жаңалықтар сюжеттері», «бағдарлама сюжеттері және деректі фильмьдер», және интернет-ресурстар секциялары бойынша қатысады. Фестивальдің шартына сәйкес, БАҚ-та ондаған жылдар бойы қызмет етіп жүрген беделді журналисттерден құралған қазылар алқасы бірінші турда қатысушылардың дайын жұмыстарын қарап, іріктейді. Екінші турда телевидение қызметкерлері хронометражы 3 минуттан аспайтын телесюжет, ал интернет-ресурстарда жұмыс істейтіндер фоторепортаж дайындау керек. Барлық жұмыстардың басты тақырыбы Астананың 20 жылдығы және елордамыздың дамуы болуы керек.
Әр номинация бойынша Гран-при иегерлері мен жүлделі орын алғандар ақшалай сыйлықтармен және «Шабыт» фестивалінің дипломдарымен марапатталады. Гран-при иегерлеріне – 350 мың теңге, бірінші орын алғандарға – 300 мың теңге, екінші орын үшін – 250 мың теңге және үшінші орынға – 200 мың теңге беріледі. Бұдан басқа, әрбір секция бойынша ұйымдастырушы – елордалық Мәдениет және спорт басқармасы арнайы сыйлықтар мен құны 80 мың теңгелік атаулы дипломдар әзірледі. Атап айтқанда, «Журналистика» номинациясында атаулы сыйлық қазақ жазушысы, журналист Шерахан Мұртазаны еске алуға арналады.