Димаш Құдайбергеновтың Лондонда өтетін шоуының билеттері 80% өтіп кеткен

2.jpg

Астана, BAQ.KZ. Билеттен түскен қаражат Қазақстандағы жас таланттарды қолдауға жұмсалады. Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.

19 қараша күні Димаш Құдайбергенов Лондонда концерт өткізеді. Бұл концерт Ұлыбританиядағы Қазақстанның мәдениеті күндері аясында өтеді.

Оның тыңдармандары билеттерді түгел дерлік сатып алған. 19 қазан күні сатылымға шыққан билеттің қазіргі кезде 80%-ы өтіп кеткен. Билеттен түскен қаражат Қазақстандағы жас таланттарды қолдауға жұмсалады.

«Достар! Мен сіздермен Лондонда кездесуді тағатсыздана күтемін! Дайындалыңыздар! Сіздерге тосынсый әзірледім. Керемет шоу болады! Сондай-ақ, сатылымда біраз билеттер қалды. axs.com сайтына кіріп, билет сатып алыңыз», - деп жазды ол әлеуметтік желі парақшасына.

Бірегей шоу әйгілі Indigo at The O2-де өтеді. Көрермендер Димаштың жаңа бағдарламасын көреді. Димаш досы Денис Теннің құрметіне SOS d'un terrien әнін орындайды. Ол ән салып, билеп қана қоймай, әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнайды.

Шоу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлыбританияның және Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады.



Ұқсас тақырыптар