Жандарын жегідей жеген күдікке қарамастан ата-аналар балаларды бауырына басқан, алайда 16 жылдан соң тағдырын сынап көруге бел буады.
Сараптама сүйікті балаларының туған перзенті еместігін растады. Ұлдарының туған ата-анасын іздеп тауып, тәрбиелеп өсірген балаларының бөгде адамның перзенті екеніне көз жеткізу үшін бірнеше жыл уақыт тарын сарп етеді.
Ал Лида ана араға 20 жылға жуық уақыт салып туған ұлы Даниланы кездестірді. Осы және өзге де оқиғалар жөніндегі көңілді, қызықты комедиялық телехикаяны 26 қарашадан бастап 19.00-де 31 арнадан тамашалай аласыздар.
«Ивановтар-Ивановтар» телехикаясының сюжеттік желісі осыдан 16 жыл бұрын ауылдағы перзентханалардың бірінде орын алған келеңсіз жайтты өзек етеді. Данила мен Иван жаңа туған кезінде алмасып кетеді де, бөгде отбасында тәрбиеленеді. Балалардың ауысып кеткені белгілі болған уақытта екі отбасы кездесіп, «балаларын алмастырып» алғылары келеді. Алайда сол сәтте тағы бір кездейсоқ оқиға орын алып, екі отбасының бірі үйдің құжаттары мен қолдарындағы қаражаттарынан айырылып қалады. Сөйтіп, балалары әлі бір тоқтамға келе алмаған бақуатты Ивановтар әулетімен тақыр кедей Ивановтар әулеті тағдырдың жазуымен бір жекежайда тұруға мәжбүр болады.
Екі отбасының қайсысы бақытты? Байлар ма, кедейлер ме? Кімнің әкесі баланың жанын жақсы түсінеді? Қай ана баласын келесі отбасына беруге келіседі? Екі бірдей Ивановтар әулетінің алдында мың сан сұрақ тұр. Алайда оларды әзілсіз шешу мүмкін емес...
«Әрине, балалардың ауысып кетуі күлетін жайт емес. Алайда біздің эксклюзивті жобамызда – «Ивановтар-Ивановтар» комедиялық телехикаясында бәріне де орын бар. Бұл телехикаяда перзентханадағы акушерлердің қателегінен екі бала ауысып кететіні туралы баяндалады. Аталмыш мәселе әулеттер үшін ауыр тигенімен, оны әзіл-қалжыңсыз баяндау мүмкін емес. Кеңестік, одан соң ресейлік телехикаялар үнемі көрерменді ізгілікке, татулыққа, басқалардың қиындықтарына бірге қайғыруға үйрететінін білеміз. «Ивановтар» телехикаясы да соның бір айғағы. Жаңа телехикая көрерменнің көңілін көтеріп, өміріне әр сыйлап, жанын жадыратады. Отбасымен бірге уақытты тамаша өткізуге септеседі. Сондықтан сағат 19.00-де 31 арнада басталатын «Ивановтар-Ивановтар» атты жаңа телехикаяның тұсаукесерін өткізіп алмаңыздар», - деді «31 арнаның сату-сатып алу жөніндегі менеджері Әйгерім Ниязбекова.
Айта кетсек, «Ивановтар-Ивановтар» ойынын (телехикаядан гөрі ойынға ұсайды) қоссаңыз болғаны, өз-өзіңізден экрандағы бейсауыт әрекеттерді шын қабылдап, уақыттың қалай өткенін байқамай қаласыз. «Ивановтар» телехикаясы ә дегеннен сізді өзіне баурап алып, қызық пен шыжыққа толы 20 минуттық эпизод көзді ашып-жұмғанша өте шығады.