Елімізде терроризммен күрес үшін 286 миллиард теңге жұмсалмақ

Қазақстанда терроризм және діни экстремизммен күрес үшін 2018-2022 жылдар аралығында 286 миллиард 981,6 миллион теңге жұмсау жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны әзірледі. Іс-шара жоспары Ашық НҚА порталында жарияланды. Енді оны еліміздің кез келген тұрғыны 6 ақпанға дейін талқылай алады. Бағдарламаны әзірлеу кезінде Норвегияның, Финляндияның, Канаданың, Америка Құрама Штаттары мен Біріккен Араб Әмірліктерінің оң тәжірибесі зерделенді және назарға алынды.

«Бағдарламаны іске асыруға 2018 - 2022 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражаттар жұмсалатын болады. Бағдарламаны іске асыруға бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар 286 981,6 млн теңгені құрайды. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 226 294,2 млн теңге, жергілікті бюджеттен 60 687,4 млн теңге қарастырылған. Республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландыру көлемі тиісті кезеңге бюджет қалыптастырылатын кезде нақтыланатын болады», - деп жазылған құжатта.

 

 №

Қаржыландыру   көзі

2018жыл

2019

жыл

2020жыл

2021жыл

2022жыл

Барлығы

1.

Республикалық   бюджет (млн. теңге)

52

723,3

49

194,9

18

348,6

51

364,5

54

662,7

226

294,2

2.

Жергілікті   бюджет (млн. теңге)

23

884,6

14

736,8

11

636,0

6

097,6

4

332,4

60

687,4


БАРЛЫҒЫ:

76

607,9

63

913,7

29

984,6

55

179,2

56

712,2

286

981,6

 Бағдарлама аясында келесідей мақсаттар орындалмақ:

қоғамда радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті және радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру;

тіркелмеген діни топтармен және қауымдармен, соның ішінде радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға және діни араздықты немесе алауыздықты өршітуге жол бермеуге бағытталған діни бірлестіктерді тарта отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

халыққа діни қатынастар саласында консультативтік көмек көрсетуге бағытталған бірыңғай республикалық «114 - қауырт желісінің», радикалдық идеологиядан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ сотталған адамдармен және олардың жақын ортасымен жұмыс жүргізу үшін өңірлерде өкілдіктерін құру;

қылмыстық-атқару мекемелерінде теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бөлімшенің қызметін жетілдіру және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдармен, оның ішінде радикалдық идеологияға деген иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни бірлестіктердің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

Интернет және әлеуметтік желілер арқылы радикалдық идеологияға деген иммунитетті, діни қатынастар саласындағы радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және радикалсыздандыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде мынадай жолдармен:

1) діни алауыздықты немесе араздықты жандандыруға, терроризм мен экстремизм идеяларын насихаттау түрлерін, әдістері мен тәсілдерін әшкерелеуге бағытталған терроризм мен экстремизм идеяларының қауіптілігін түсіндіру;

2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, сондай-ақ діни бірлестіктер арқылы үкіметтік емес ұйымдарды тарту;

3) жаңалықтарды жариялайтын порталдарда, әлеуметтік желілерде, соның ішінде танымал блогерлер мен қоғамдық пікір жетекшілері арқылы ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат материалдарын тарату;

4) жастар үшін ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат материалдарының көрнекі әдістерін (роликтер, бейнематериалдар), ойын элементтері мен интерактивтік әдістерді пайдалану;

5) әлеуметтік желілерде аккаунттардың сүйемелдеуін ұйымдастыру және терроризмге қарсы тақырып бойынша мемлекеттік органдардың, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен діни бірлестіктердің өкілдерін сөз сөйлеулерін орналастыру;

 

ult.kz


Ұқсас тақырыптар