Атырау облысында «ақша бопсалаған діни ағым» өкілдері ұсталды

teror.jpg

«Атырау облысында халықаралық және қаларалық жолаушылар автобустарынан бірнеше жыл ақша бопсалаумен айналысқан топ ұсталды» деп хабарлады Азаттық радиосы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметіне қарағанда, Атырау облысы бойынша ҰҚК департаменті 31 қаңтар күні Атырау-Астрахань, Атырау-Орал және Атырау-Бейнеу бағыттары бойынша жолаушылар тасымалдаумен айналысатын тұлғалардан екі жыл бойы «ақша бопсалаған» топты әшкерелеген. «Ұсталғандар деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес «салафизм» діни ағымын ұстанады. Топтың белсенді алты мүшесі қамауға алынды. Олар ай сайын әр жүргізушіден 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін ақша жинап отырған» делінген арнайы қызмет хабарламасында.

Комитет аталған бағыттар бойынша 200-ге тарта автобус жолаушы тасымалдағанын айтады.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлімі 2 және 3-тармақтары бойынша («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен бiрнеше рет қорқытып алу») іс қозғалған.


Ұқсас тақырыптар