Мемлекеттік тұрғын үй құрылысына банктерді тарту керек – Мемлекет басшысы

20180209142757.jpg


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тұрғын үй құрылысын екінші деңгейлі банктер қаржыландыруы тиістігін атап өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Екі жылдың ішінде үй салу мәселесіне мемлекет 550 млрд теңге жұмсады. Бұл құрылысты тікелей қаржыландыру. Дағдарыс жылдарында Жол карталарын әзірлеген кезде тиісті қолдау шараларын жасауға бет бұрды, яғни бұл дұрыс қадам болды. Енді осы қаржыны нарықтық тетіктермен пайдалануға көшу керек. Құрылысты банктер қаржыландыруы тиіс, ал Үкімет, Ұлттық банк, әкімдер баспана құнының арзандауы үшін жағдай жасауы қажет», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде.

Мемлекет басшысы осындай тізбекпен бюджет қаржысына бақылау болатынын атап өтті. Банктер осы қаржыға жауапты болып, оны қайтарып, Үкімет алдында есеп береді.  


Ұқсас тақырыптар