Қазақстан банктері "кредитті жауып беретін" аляқтардан сақтануға шақырды

6.jpg


Қазақстан банктері сыйақы үшін кредиттерді жауып беруге уәде беретін тұлғалармен жұмыс істемейді. Бұл туралы Kaspi Bank, Home Credit Bank, Forte Bank, Eurasian Bank және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының біріккен мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлады Tengrinews.kz.

ҚҚҚ өкілдері кейінгі уақытта қазақстандықтардың қаржы алаяқтарына алданып жататын оқиғалардың жиілеп кеткенін хабарлады. 

"Делдал фирмалар банктен кредит рәсімдеп, қаржының жартысын беруді ұсынады. Ары қарай кредитті өздері төлеп, банк тарапынан болуы мүмкін қиындықтарды өздері шешуге уәде етеді. Біраз уақыттан кейін алаяқтар із-түссіз кетеді", - дейді қауыдастық өкілдері. 

"Біз, делдал фирмаларды қоса алғанда, үшінші тараппен жеке немесе заңды тұлғаларға кредит беру немесе оны төлеу бойынша ынтымақтастығымыз жоқ. Банкпен кредиттік қатынас "Банктер және банк қызметі туралы" заңмен және қаржы институты мен кредит алушы арасындағы келісіммен тікелей реттеледі", - деп түсіндірді ұйым өкілдері.

 Қауымдстық өкілдерінің пікірінше, мұндай компаниялардың қызметі алаяқтықтың барлық белгісіне ие және азаматтарды алдауға бағытталған. 

"Былтырдың өзінде Қазақстанда осындай деректер бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды. Қазір полиция Семейдегі екі фирмаға қатысты алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сақ болыңыздар! Қаржыңызды алаяқтарға тапсырмаңыздар!"- деп аяқтады қаржыгерлер.


Ұқсас тақырыптар