Ақтөбе облысында газға уланған мұнайшы қайтыс болды

1.jpg


Ақтөбе облысындағы Жаңажол кен орнында мұнайшы газға уланып, қайтыс болды. Тағы бір жұмысшы ауруханаға түскен, деп мәлімдеді КТК арнасы.

Бұл оқиғаға «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамына қарайтын цехта болған. Куәгерлердің айтуынша, мұнай қондырғыларын тексеріп жүрген слесарь жұмыс орнында есінен танып қалыпты. Бұдан соң қасындағы жұмысшы да талып қалған. Дегенмен, алғашқы көмек беруге мамандар жеткенше слесарь сол жерде жан тапсырады. Ал көмекшісі Кеңқияқ ауылындағы ауруханаға жеткізілген. Қазір еңбек инспекциясы осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатыр.


Ұқсас тақырыптар