Бүгінгінің Ер Жәнібегі қыздарды шетелдіктерден құтқарып жүр

Фото: voxpopuli.kz.   

Қазақ қыздарының намысын қорғап жүрген желі қолданушысы кезекті видео жариялады

Facebook.com әлеуметтік желісінде блогер Жәнібек ИМАНМӘЗІР кешкі уақытта серуендеп жүрген шетелдік азамат пен әйел адамды видеоға түсіріп өз парақшасына салып қойған. Видеоға түсіруші қыз балаға өзге ұлт өкілімен неге жүресің, саған қазақ жігіті жетпей ме дейді. Қыз қасындағы жігіттің күйеуі екенін айтады. Шетелдік азамат қолындағы сақинасын көрсетіп ағылшын тілінде әйелінің сөзін растайды.

«Жігіттер, ай қарап отыра берсек шетелдіктер қыздарымызды алып-алып бітіріп тастайды. Ертең қыз бітсе... кімге үйленесіңдер? Шетелге тиіп, қайта ажырасқан қыздар өте көп.Солар жатырына шетелдіктердің сасық ұрығын толтырып кері қайтып келіп жатыр...Сол қан бұзғыш сатқын қызды аласыздарма?», - деп жазды Жәнібек Иманмәзір өз парақшасында.

Бұл видеоға 231 адам лайк басып, 243 желі қолданушы бөліскен. Пікір қалдырушылардың көбі блогердің пікірін қолдаған. Бұл тәрбиесіз, арсыздық деп желіні басына көтергендер де бар. Енді бірлері шетелдікке тұрмысқа шыққандарды азаматтықтан айыру керектігін айтып өткен. Қызу талқыланған тақырыптағы кейбір пікірлерді қаз қалпында ұсынуды жөн көрдік.

Еркеш Калиев:  «Анадан ала да құла да туады арсыз қыздар о дүниенің сұрақ жауабын неге ойламайды екен» .

Бабаларым Батыр Тұлға: «Ой əкеңді, жақсы ит өлігін көрсетпейді, тиген екен көзден аулақ жоғалмайма қазақтың жерін сасытпай».

Ергали Кулбаев: «Жағдай болса жігіттер тоқалдыққа алып өзіміз қамтамасыз ету керек ау. Жалпы Жәке мақсатың дұрыс».

пикир.jpg

Пікір білдірушілердің арасында қыздың таңдауын қолдағандарда табылған.

Gulmira Kerimbaeva: «Қаншама қызды зорлап екі қабат қылып тастап кетіп, содан соң дені дұрыс қыз іздейтін қазақтың жігіттері көп. Сондықтан бірінші  басқалардың өміріне араласқанша разберитесь сначала в себе».

Anar Aldamzhar:  «Онда тұрған не бар? Қазақтар сөз айтып келмесе, енді еркектердің мойнына асылып өзі сөз айтпайтын шығар. Өзі жабысса, шошақтап деп тағы әңгіме. Әр адамның бақытты болуға xақы бар. Ана болғысы, ақ көйлек кигісі келетін шығар. Ала салып, жамандағанша түсінуге тырысайық».

Даулет Махмудов: «Үш əріптер қазақ деген жігіттерді аңдығанша.Осы қыздардың миын айналдырып ұлт деген керек емес мұсылман болса болды деп,оқытып жатқан арбшыл діндарсымақтарды тоқтатпайма.Олар солай оқытады сасық түрік болса да мұсылман ол тие бер деп біздің қыздарға.Ол талақ айтып тастаса көне бер деп үйретеді».

Айта кетейік, желі белсендісінің бұл алғашқы видеосы емес. Ол Алматы көшелерінде шетелдіктермен жүрген қазақ қыздарын үнемі видеоға түсіріп, "жөнге" салып жүргелі біраз болды. Жәнібек мырзаның пікірінше, қыздарымыздың намысын осылайша әрбір қазақ жігіті қорғау керек.

ratel.kz    


Ұқсас тақырыптар