Оңтүстік Кореяда Пхеньянға қарсы наразылық шарасы өтті

70B46C30-4252-49A9-A0D4-42F66E1B9A70_w1597_n_r1_s.jpg

Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында 8 ақпан күні бір топ адам Солтүстік Корея саясатына қарсы наразылық өткізді. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.

Наразылыққа шыққандар Солтүстік Корея туын таптап, осы елдің лидері Ким Чен Ынның портреттерін жыртып, өртеді.

8 ақпанда Каннын мәдени орталығында Солтүстік Корея музыкалық оркестрінің олимпиада алдындағы концерті болды. Наразылық шарасы осы концерт алдында өтті. Қарсылыққа шыққандар Солтүстік Кореядегі режимді сынап, олардың олимпиадаға қатысуына қарсы шықты.

Қарсылық болған Каннында биылғы қысқы олимпиаданың коньки, керлинг, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккей жарыстары өтеді.

8 ақпанда Солтүстік Корея Пхеньянда әскери шеру өткізді. Бұл парадқа осы елдің лидері Ким Чен Ын қатысты.

 376113CC-76EA-43D5-970B-844CC62574B8_w1597_n_r0_s.jpg

 

Желтоқсанда екі Корея билігінің кездесуінен кейін Ким Чен Ын ел спортшыларының олимпиадаға қатысатынын мәлімдеген. Екі Корея спортшылары ашылу салтанатында бір ту астында шығады. Ал шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы жарысқа біріккен Корея құрамасы қатысады.

Пхенчхан олимпиадасы 9-25 ақпанда өтеді.


Ұқсас тақырыптар