Женевадағы БҰҰ Бөлімшесі жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігі Лондон университетімен бірлесіп, «Қарусыздандыру және жаңа қару технологияларын дамыту: сындары мен мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Іс-шараның ашылуында, Қазақстанның Женевадағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжанова жасанды интеллектіні және киберқауіпсіздікті дамытудың, сонымен қатар заманауи ядролық қарулар жүйесін жаңғыртумен байланысты жаңа сындарға қарсы әрекет етуге арналған халықаралық шараларды қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Жиында Тұрақты өкіл 2018 жылғы 18 қаңтарда өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың: «ғылыми-технологиялық прогрестің қазіргі мүмкіндіктері және жаһанданудың шынайы болмысы жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау міндетін адамзаттың аман сақталып қалу мәселесіне айналдырып отыр», деген сөзіне екпін берді. Сол себепті жаппай қырып-жою қаруының жаңа түрлерін жасау үшін ғылыми ашуларды қолдануға тыйым салу бо-йынша халықаралық құжаттарды әзірлеп, міндетті орындау маңызды болып келеді. Бұл орайда «Әлем. XXI ғасыр» манифесінде аталып өткендей, БҰҰ жаппай қырып-жою қаруын жасауға және оны жетілдіру үшін қолдануы мүмкін ғылыми ашулардың есебін жүргізу бойынша реестр құру қажет.
Женевадағы БҰҰ Бөлімшесінің бас директоры, Қарусыздандыру бойынша Конференцияның бас хатшысы Майкл Мёллер келешектегі дау-жанжалдардың сипатын өзгертетін жаңа технология-ларды зерттеудің және олардың әсер етуінің уақыты келгенін айтты.
Дөңгелек үстелге шақырылған сарапшылар қатысушыларға дүние жүзінің жетекші елдеріндегі әскери-өндірістік кешендерден қабылданған соңғы ғылыми өңдеулер саласындағы қазіргі заманғы тенденциялар жөнінде айтып, сонымен бірге қарусыздандыру және таратпау режімінің потенциалды сындарын бағалады.
Қарусыздандыру бойынша конференция жанындағы Бразилия елшісі Гульерме Патриота қарусыздандыру саласындағы өз елінің бастамалары мен жаңа технологияларды дамыту амалдарын атап өтті.
Пагуош ғалымдары қозғалысы Женева бөлімшесінің директоры Сергей Бацанов ядролық қаруды жаңғыртудан қазіргі дүбірлі халықаралық жағдайда туындайтын қауіп туралы ескертті.
Сонымен қатар ол Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі саяси сенімдегі халықаралық өмірге қайта оралу және жүйелі диалогтың қажеттілігі туралы сөзін арнайы атап көрсетті.
ҚК жанындағы Германия Тұрақты өкілдігінің орынбасары Торальф Пильц және Қарусыздандыру мәселелерін зерттеу бойынша БҰҰ Институты директорының міндетін атқарушы Керстин Вигнард суық қарудың автономдық жүйесін дамыту және аталған саланы реттеу бойынша тұщымды ұсыныстар жөнінде айтып берді.
Барлық қатысушылар бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді. Осы пікірталастың қарусыздандыру және таратпау режімін нығайтып, оны реттеу механизмдерін өңдеуге себеп болатындығына сенім білдірілді.
Іс-шараға Лондон университетінің студенттері, мүше мемлекеттердің өкілдері мен БҰҰ бай-қаушылары қатысты, соның ішінде ғылыми-зерттеу институттарының және үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары бар.
«Егемен-ақпарат»