Путиншіл Тинаға есік жабылды: Алас, алас! Тинаның өзінен де, сөзінен де, алас!

Тина Канделаки Қазақстанға, қазақтарға тиіскенде біраз адам: «Ол ресми пікір емес, жай ғана бір тележүргізушінің сөзі. Оған назар аударудың керегі де жоқ» деген сыңайда пікір айтып еді.

1705911138904615.jpg

Ондай аса толерантты тұжырымдармен келіспей, арнайы мақала жазғанбыз.

Өйткені, ол кесірлі келіншек қарапайым журналист емес. Ол - ТНТ секілді дырдай бір федералды телеарнаның жетекшісі. Ал ондай БАҚ басшылары Кремльдің тапсырмасыз не онымен ақылдаспай саяси астары бар мәлімдемелер жасамайды.

1705910926102901.jpg

Және де Канделаки кезінде «Ростехте», оның басшысы Чемезовпен тікелей қарым-қатынаста болып, қызмет атқарған. Чемезов болса, Ресей президенті Путиннің ең жақын дос, әріптестерінің бірі, көрші ел саясатын анықтайтын олигархтардың бірегейі.

Енді, міне, Сыртқы істер министрлігі осы инцидентке қатысты өз позициясын жариялапты. Ендігі жерде ол арандатушыны СІМ Қазақстанға кіргізбейтін болыпты.

Бәрекелді-ақ! Тинаға да, оның пікірлестеріне сабақ болсын.

1705911022916617.jpg

Алайда, мәселенің басқа жақтары да бар.

Біріншіден, Канделаки өзі елімізге кіре алмаса да,ол басқаратын ТНТ телеарнасы Қазақстан ақпарат әлемінің төрінен өз орнын ойып алған. Яғни, өзі кіре алмаса да, сөзі – күні-түні осында! Бәлкім, реакциямыз пропагандостардың жанды жеріне тию үшін ол телеарнаға да қатысты бір шешімдер керек болар.

Екіншіден, Канделакиге күші жеткен біздің билік неге бұған дейін Қазақстанға, қазақтарға тіл тигізген ресейлік тұлғаларға дәл осындай шара қолданбайды?

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар