Мәжілісте Никита Шаталов деген депутат бар. Мәжілістегі доминант басымдыққа ие «Аманат» партиясының өкілі. Екі-үш күннен бері Шаталовтың «шатпақтары» Қазақстанның ішкі аудиториясынан асып шығып, Ресей БАҚ-тарының қызды-қызды тақырыбына айналып отыр.
(Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды)
Ресей БАҚ-тары жерден жеті қоян тапқандай, Шаталов айтты деп ақпарат таратуда. Солардың бірсыпырасын қараңыз:
РЕСЕЙ АҚПАРАТЫ ОЙБАЙҒА САЛУДА: «ШАТАЛОВТЫҢ БАР АЙЫБЫ – ОРЫС БОЛҒАНДЫҒЫ»
«Rbc.ru»: «Депутат Мажилиса Казахстана рассказал о нападках из-за национальности», - деп жазды.
«Gazeta.ru»: «Депутат парламента Казахстана рассказал о нападках на него из-за национальности», - деп жазды.
«lenta.ru»: «Депутат из Казахстана объяснил нападки в соцсетях фразой «потому что я русский», - деп жазды.
(Сурет: google.com скрині.)
«Rbc.ru» жазған материалдан бір үзінді: «Қазақстан Мәжілісінің биліктегі «Аманат партиясының депутаты Никита Шаталов этникалық орыс болғандықтан әлеуметтік желіде қазақстандық қолданушылар оған шабуыл жасағанын айтты. Бұл туралы ол журналистерге палата отырысынның кулуарында айтты.
«Өкінішке орай, мұндай көріністер (әлеуметтік желілердегі сын – РБК) этникалық орыс болғандықтан ғана туындайтынын мойындауым керек. Міне, сондықтан», - деді Шаталов өзіне тағылған айыптар оның ресейшіл ұстанымы үшін деген сұраққа жауап бере отырып», - деп жазды.
(Сурет: Mezgil.kz скрині.)
ШАТАЛОВ ДАУЫ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ?
Шаталов дауы қайдан шықты? Енді осы төңірегінде қысқа-нұсқа айта кетейік...
Әлгінде Украина әскері Ресей территориясында орналасқан Каспий құбыр консорциумына соққылаушы дрондармен шабуыл жасады. Әлеуметтік желілер мен БАҚ сол кезде: «Қазақстан мұнайына қауіп төнді», «Украина Қазақстанның мұнай құбырына соққы жасады» деп даурықты.
Сол кезде Мәжілістен осы Никита Шаталов шығып: «Шабуылдың Қазақстанға шығын келтіргенін және Қазақстанның мүддесіне жасалған агрессия екенін айтып, «украин тарапын жауапқа тарту қажет» деп мәлімдеді.
Шын мәнінде шабуыл Қазақстан территориясына және Қазақстанның мұнай құбырына жасалмағанын, Қазақстанның мұнай экспортына шектеу салынбағанын ҚР Энергетика министрлігі ресми түрде мәлімдеген еді.
Біз де «Mezgil.kz» ақпараттық порталында аталған оқиғаға қатысты: «Каспий құбыры (КҚК) шабуылға ұшырады: Қазақ мұнайына қауіп төнді ме?» және «Лавров Қазақстан мен Украинаны шағыстырмақ па?» деген екі бірдей сараптамалық материал жарияладық. Онда шабуыл нақты қайда жасалғанын, Қазақстанға қандай қатысы бар екенін егжей-тегжейлі түсіндірдік.
Осыдан соң, Шаталовтың сөздеріне әлеуметтік желіде сын айтушылар болды. Бірақ, олардың арасынан «Шаталов орыс болған соң сөйтті» деген сөзді көре қоймадық.
Осыдан көп өтпей, Шаталовтың: «Өкінішке орай, әлеуметтік желілердегі сын менің этникалық орыс болғандығымнан ғана туындайтынын мойындауым керек», - деген сөзін Ресей БАҚ-тары жарыса жазып кетті.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛУ АШУЛЫ: ШАТАЛОВ МАНДАТЫН ТАПСЫРСЫН!
Шын мәнінде, Шаталовтың осы сөздері Қазақстанды жарғы жығар, Қазақстан мен Ресей арасында дау тудырар сөздер. Сол себепті де, әлеуметтік желінің қазақстандық сегментінде қазақ тілдісі бар, орыс тілдісі бар, Шаталовтың мәселесін майшаммен қарау керектігін талап етуде. Солардың бірсыпырасы:
Шыңғыс Мұқанның желідегі жазбасы:
«Шаталовта шатағым жоқ… Бірақ Шаталовтың кесірінен шаталып кететін жағдай жоқ. Саяси қызметте жүрген кісіге байқап сөйлемек керек. Жалпы халық, халық емес, есті жұрт соғысты қолдамайтыны анық. «Халықтың қалаулысы» болса, халықтың пікірімен санасқаны жөн.
Сосын, «орыспын», «өзге ұлтпын» деген нарратив қазіргі таңда өте қауіпті. Ақпараты алақанында отырған әлеумет бүйрегі басқа жаққа бұрып сөйлеген кез келгенге сұрау салары анық. Орыс бол, қазақ бол, бәрібір. Әсіресе, депутаттарға олай отпен ойнауға болмайды. Бар мұнайдың, бір құбырдың тілеуін тілеп, өзіміз әрең жүргенде Шаталовтардың кесірінен шаталып кететін жағдай жоқ», - деп жазды.
Айсұлтан Жақыповтың желідегі жазбасы:
«Шаталовтың ылаңы Ресейге де жетті. Жеткені құрысын! Өзімізге айналып келді. Дементьева, Рожин, Шиповскихтер секілді болса оған кім ұрынар еді? Ұлтына бөлмей-ақ, талай қазақтың «басына ты..п» отырмыз ғой осы жерде ұнамай қалған кездері. Шаталов әулие ме еді соншама? Меніңше Никитаны Мәжілісте енді ұстаудың қажеті жоқ. Тапсырсын мандатын. Елде алауыздық туғызды, әлгібір сөзімен. Шахтинскіге барып, Ленин шахтасының астына түскені пайдалырақ ел үшін. «Ойбай, шахтада апат болғанда мәселе көтерген еді», - деп ақтаудың қажеті де жоқ. Ол көтермесе басқа депутат көтерер еді жоғарыдағылардың рұқсатын алып тұрып. 46 кеншінің өлімі Шаталовсыз да шу тудырар еді. Одан қаһарман жасаудың қажеті жоқ», - деп жазды (жазба ықшамдатылды).
Дина Сабырованың желідегі жазбасы:
«В российских СМИ разгоняется тема притеснения депутата партии «Аманат» Шаталова по национальному признаку. RBK, gazeta ru, lenta ru, rambler новости. «Аманат», вы в курсе этого заявления? Цитирую RBK:
«Депутат Мажилиса Казахстана от правящей партии «Аманат» Никита Шаталов рассказал, что подвергся нападкам в социальных сетях со стороны казахстанских пользователей, из-за того что он является этническим русским. Об этом он рассказал журналистам в кулуарах палаты.
«К сожалению, я вынужден констатировать, что такие проявления (критика в соцсетях. — РБК) возникают только потому, что я этнический русский. Ровным счетом поэтому», — сказал Шаталов, отвечая на вопрос о том, что обвинения в его адрес поступили из-за якобы его пророссийской позиции (цитата по ТАСС). Шаталов добавил, что всегда, когда ему приходится выступать публично, в том числе по вопросам внешней политики, он делает выбор в пользу национальных интересов Казахстана. Кроме того, Шаталов заявил, что люди «манипулируют информацией и распространяют цитаты», которые он не писал и не говорил.
В середине февраля Шаталов в своем телеграм-канале раскритиковал власти Украины за атаку дронов по Каспийскому трубопроводному консорциуму. Депутат говорил о необходимости привлечения украинской стороны за понесенные убытки и за агрессию в адрес интересов республики, указав, что 90% нефти, которая проходит по консорциуму, является казахстанской. Шаталов отмечал, что Казахстан в российско-украинском конфликте изначально занимал нейтральную позицию, не поддерживая ни одну из сторон.
Также Шаталов раскритиковал действия президента Украины Владимира Зеленского на встрече с президентом США Дональдом Трампом в Белом доме. Депутат отметил, что Россия в вопросе по установлению мира на Украине «изначально демонстрирует гораздо большую сговорчивость», - деп жазды.
Тортуыл Шоқанның желідегі жазбасы:
«ҚР президенті Қ. К. Тоқаевтың назарына; ҚР мәжіліс парламенті спикері Қошановқа талап!
ҚР мәжіліс парламенті депутаты Никита Шаталовтың депутат және ҚР азаматы ретінде Украина президенті саясатын сынауы - заңды. Ал өзінің сол жазбасына сын айтқандарға: «Сын - менің ұлтым орыс болғаны үшін» айтылып жатыр» деп, ҚР ҚК 174 бабында нақты көрсетілген ұлтараздықты туындататын сөзі үшін депутаттық мандатынан айырыңыздар! Шаталовтың «ұлтым орыс болғаны үшін» дегені мемлекет құрушы ұлт - қазақтарға арнала айтылғаны анық. Шаталовтың дәл осы сөзін РФ сайттары жарыса жазып жатыр», - деп жазды.
ШАТАЛОВТЫҢ АҚТАЛУЫ: ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ...
Бүгін Никита Шаталов өзінің «Шаталканал» деп аталатын Телеграм арнасында ақтала сөйлеп, жазба жариялапты. Онда былай дейді:
«Бәріміз қазақпыз ғой! В ответ на все, что про меня пишут, хочу сказать одно: я больше казах, чем русский, и это моя основная идентичность. Хотя за все это время меня называли и ватником, и иноагентом, и прокремлевским. В этом нет ни доли правды, и я всех призываю внимательно изучить мои позиции по острым вопросам.
В последнее время вокруг меня много различных инсинуаций: то мне приписывают то, что я специально в биографии указал местом рождения КазССР, то российские СМИ вырывают из контекста мои слова и намеренно придают им не тот смысл, который я закладывал. Признаю, что мое последнее высказывание можно трактовать двояко, это моя ошибка. Но только если не прочитать или не посмотреть его полностью.
За громкими заголовками, которые сейчас продвигаются в социальных сетях, нет ни доли правды. Зато есть попытки откровенных манипуляций и информационных интервенций. Это то, с чем я последовательно борюсь все время моей работы в Мажилисе. И сейчас тоже не оставлю это просто так.
Мне повезло родиться в независимом Казахстане, когда никакого СССР, слава Богу, не было. Я здесь вырос, женился, родил детей, другой Родины у меня нет и не будет.
Есть хорошее крылатое выражение: «Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ!». Могу заверить, что подобная ситуация не повторится», - дейді.
Түйін: Шаталовтың сөзі – жеке бастың дауы емес. Қазақстан мен Ресей арасындағы ұлтаралық дауды қоздыратын сөздер. Мемлекеттік мүддені қауіпке жығатындай сөздер. Сол үшін де, Шаталов мырза: «Қазақпыз ғой» деп ақтала алмайды! Депутат Шаталовтың мәселесін Мәжіліс басшылығы майшеммен қарауы керек!
Тақырыпқа тұздық: Осыған дейін Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Ресей-Украина соғысында Қазақстанның бейтараптық позициясын ескерместен, Ресей басқыншылығын ашық қолдағаны үшін депутаттық мандатынан айырылған еді. Бұл 2023 жыл болатын. Экс-депутат Әбілдаевтың ұлты қазақ болған. Соған қарамастан, ол мандатынан айырылған.
Сондықтан, Шаталовтың ұлты орыс болғаны үшін ақпараттық тоқпаққа тап болды деу мүлде жаңсақ пікір!
Mezgil.kz