2025 жылдың сәуірінде Оманның астанасы Маскатта Иран мен АҚШ арасында «Иранның ядролық бағдарламасы» мен «санкцияларды алып тастау» мүмкіндігіне арналған тікелей келіссөздер өтті.
(Сурет: wikipedia.org)
Иран делегациясын сыртқы істер министрі Аббас Аракчи, АЛ америкалық делегацияны АҚШ президентінің Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф басқарды. Келіссөздерге Оман СІМ басшысы Бадр әл-Бусаидидің делдалдығымен өтті.
Келіссөздердің бірінші раунды шамамен 2,5 сағатқа созылды. Талқыланған басты тақырыптар:
Бірінші – Иранның ядролық бағдарламасы,
Екінші – АҚШ санкцияларын алып тастау мәселесі.
Аталған кездесуде Иран мұнайының экспортына шектеулерді жеңілдету мәселелері талқыланды. Иран өзінің ядролық бағдарламасының «бейбіт сипатын» айтып, «қауіп-қатер мен қысым жоқ» деген шартпен АҚШ-пен диалогқа дайын екенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 19 сәуірде екінші кезек кездесуге мақұлдасты.
Енді Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи апта соңында консультациялар өткізу үшін Ресейге барады. БАҚ-та тараған ақпараттарға көз жүгіртсек, АҚШ пен Иранның ядролық келіссөздерінің екінші раунды 19 сәуірде Италия астанасында өтеді. Журналистердің айтуынша, Вашингтон 12 сәуірде өткен алғашқы кездесудің қорытындысына риза болды және келесі раундтың тікелей диалог форматында өтуін талап етті. Бұл АҚШ пен Иранның арасындағы ұзақ уақыттан бергі алғашқы тікелей келіссөздер болмақ. Келіссөздерге АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи қатысады.
Иран делегациясы Дональд Трамптың бұрынғы ядролық келісімнен шыққанын еске салды, сондықтан бұл сценарийдің қайталануына қатысты қауіптенулер әлі де сақталып отыр. Өз тарапынан АҚШ Иран ядролық бағдарламасының әлеуетті әскери құрамдас бөлігіне алаңдаушылық білдірді. Вашингтон Тегеран ядролық қару жасау шегінен арылу үшін нақты қадамдар жасауды талап етеді. БАҚ деректеріне сүйенсек, алдағы келіссөздерге Оман делдалдары бәрібір қатысатын болады. Алайда бұл жолы талқылау екі делегацияның қатысуымен бір бөлмеде өтуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетсек, 2020-жылдары Трамп әкімшілігі Иранмен бұрынғы ядролық келісімнен шығып, кейінірек жаңа мәміле жасау бастамасын қолға алған болатын.
Тақырыпқа тұздық: Mezgil.kz ақпараттық порталы осы тақырыпқа қатысты өзге де материалдарды назарларыңызға қайта ұсынады...
Біз оларды бомбалаймыз: АҚШ пен Иран келісім жасаса ма?
125 жылдық соғыс: Иран-Ұлыбритания-АҚШ текетіресі қайта тұтанды...
Mezgil.kz