Жасөспірімдер арасындағы қылмыс неге артып келеді?

6.jpg

Қылмыс-қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Яғни бір адамның екінші адамға қауіп төндіруі. Адамдар қылмыстың екі түріне барады. Біріншісі-қасақана ойласып жасалған қылмыс. Екіншісі-абайсызда жасалған қылмыс. Әрбір қылмысқа барған адам Қазақстаннның қылмыстық кодексі бойынша жасаған қылмысының ауырлығы мен түріне, басқа да факторларға байланысты заң алдында жауап береді.

Қазіргі барлық мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы қылмыс күн санап өсіп келеді. Өзіміз білетіндей, технологиямен қатар қылмыстың түрлері де артып жатыр. Жасөспірімдер арасында неліктен қылмыс артып келеді? Бұл жасөспірімдердің психикалық әлсіздігі, адамдардың материалдық қиыншылықтары, ата-анасымен дұрыс қарым-қатынаста болмауы, үйінде қандай да бір қатыгездік көруі, сонымен қатар ұялы телефонның кең қолданысқа ие болып, түрлі сайттардың пайда болуы, т.б факторлар әсер етіп жатқандығы бар.

Мысалы, Қазақстанда түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған балаларға компьютерлік клубтарда отыруына тыйым салынған. Бірақ, бұл ережені ұстанады деп айту қиын. Мектеп қабырғасында жүрген тәртібі бұрыс жасөспірімдер арасында төбелес, бірін-бірі тіпті аямай ажал құштырып жатқандарын да көрдік. Бұның барлығына тосқауыл қою үшін мектепте түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр. Әл- Фараби атындагы қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінде жыл сайын қылмыс жөнінде жиналыстар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар, ата-ана үй тәрбиесінде баланың тәртәбін қолға алғаны дұрыс. Мектептерге негізгі пән ретінде жастайынан құқықбұзушылықтың мәнін түсіндіретін пәндерді енгізу қажет деп ойлаймын. Сонда ғана сәл болса да қылмыстың саны азаятына сенім білдіремін

«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!», деп Мұхтар Әуезов атамыз айтқандай, қарт қарияларымыздан жақсы тәлім алып, біз аз ғана саны бар қазақ қандастарымызды құрметтеп, өмірімізді мәнді де, сәнді қылып өткізейік.

 

Есекеева Айнаш

Әл-Фараби атындағы

Қазақ Ұлттық Университеті,

Заң факультетініц оқытушысы



Ұқсас тақырыптар