Қазақ тұрмысына мұсылмандық ілімнің ену тарихы

1.jpg

 

Қазіргі таңда Республикамызда ислам дінінің маңызы аса зор. Ол, әсіресе, мемлекеттік және діни басымдыққа ие болып отыр. Ал осы діннің мемлекетіміздегі қалыптасу және орнығу тарихының өзі үлкен ерекшелік пен бірегейлікке толы екендгі анық. Себебі әлем бойынша түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері ұстанатын бұл діннің тарих сахнасында болуы он төрт ғасыр уақытты қамтиды. Осыған орай, Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтарын зерттеу мәселесінде міндетті түрде Исламның Қазақстан жеріндегі таралу мен қалыптасу ерекшеліктеріне тоқталу қажет.

Алла тағала адам баласын қараңғылық зұлматы мен адасушылықтан – қайырым, шапағат, рақым мен мейірімге толы тура жолға салу үшін әр кездері пайғамбарларын жіберіп отырды. Оларды белгілі бір қауымдардан шығарып, Пайғамбарларға Алла тағала қасиетті кітаптарды, яғни өмір сүру заңын да қоса жіберіп тұрды. Адам баласы оны орындамағандықтан, Жаратушы иеміз қиянатшыл қоғамдарды жойып жіберген. Соңында Алла тағала адамдарға «Алланың діннен бекем ұстап, айырылмаңдар» [19, Әл-Имран сүресі, 103-аят], «Ақиқатында, Аллаға қабыл дін – Ислам діні» [19, Әл Имран сүресі, 19-аят] деп таза да ақиқат дін – ислам екенін нақтылап, оны бізге жіберді. Адам баласы қаситетті Құранды басшылыққа алып, ешкімге де, ешнәрсеге де қылдай қиянат жасамай өмір сүрсін, қоғамы әділ де иманды болсын деп дұрыс жолды көрсету үшін Құран Кәрімді Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымызға уахи етті.

Жалпы исламдандырудың басты кезеңі ретінде еліміздегі Қарахан әулеті (Х-ХІ ғғ.) мен моғолдар (ХІV-ХV ғғ.) кезеңін атап өтуге болады. Себебі Ислам діні осы уақыт аралығында мемлекеттік дін болып жарияланған. Нақты атап өтетін болсақ, Караханидтік билеушілердің ішінде бірінші болып мұсылмандықты қабылдаған Сатұқ-Боғра хан болды. Ол өзіне 955-956 жж. мұсылмандық есім Абу ал-Керімді иемденген. Оның ұлы Мұса да әке жолын жалғап, 960 ж. исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. Сонымен бірге олардың исламды таратудағы саясаты да болды. Қараханидтер өздерінің көршілес тайпаларына жерді қолдануға берген кезде ислам дінін қабылдау туралы жалғыз талап қойған. Сондықтан Қараханидтердің саяси және әскери жеңістері Орталық Азия территориясына исламның таралып қана қоймай, оның осы жердегі халықтың бұқаралық идеологиясы ретінде ресми статусқа ие болуына жақсы жағдай жасады. Сол сияқты Исламның таралуы Алтын Орданың тәуелсіз мемлекет ретінде нығаюына және жаңа қалалардың дамуына ықпал етті. Оның таралуының да өзіндік ерекшеліктері бар. Жалпы ислам мәдениетінің таралуына әсер еткен негізгі факторларды атап өту керек. Олар:  Ең бірінші, мұсылмандық қауымдастыққа кіру жоғарыда атап өткеніміздей, хандардың субъективті шешімі болса да, араб саяхатшысы Ибн Баттута еңбектерінде исламның таралуына саудагерлердің рөлі зор болды деп көрсетілген. Екінші анықталған тұжырым: Таяу Шығыс маңына ХІ ғасырда түркілердің келуі болды. Түріктер VII-IX ғасырларда исламды жаппай қабылдаған. Түріктер исламды қабылдағаннан кейінгі кезеңдерде дамып, жетілген әдебиет мұсылман-түрік қауымдарының әдеби-үлгілерін қамтитындықтан, түрік-ислам әдебиеті деп аталған. Үшіншіден, Дешті Қыпшақ жеріндегі ислам мәдениетінің таралуына Қожа Ахмет Яссауидің рөлі өте зор болды. Исламның түркілер арасында таралуына ықпал еткен тағы бір фактор сұлтан Бейбарыс билік құрған Мысыр елімен жан-жақты байланыс орнату болды. Сонымен қатар ислам нормаларының сіңісуіне қалалардың да рөлі маңызды орын алды. Бұл жайында Әбсаттар қажы Дербісәлі: «Ислам ортағасырларда қазақ даласында бұрын болған қалалар мен қорғандар, камалдар мен кенттердің іргетасын нығайтып қана қоймай, өзге де шаһарлардың ірге тебуіне ықпал етті. Исламды уағыздайтын мешіттер мен медреселер, ғылым-білім ошақтары бой көтерді», – деп, Отырардың шығысындағы Сайрам, Манкент, Тараз, Түймекент, Құлан, Меркі, Баласағұн, Шу қалалары мен Сыр бойындағы Сүткент, Ясы (Түркістан), Қарнақ, Сауран, Иқан, Қауған, Өзкент т. б. қалалардың жанданғандығын атап өтуге болады.

Ежелгі Түркі даласына дін ретінде енген ислам, қазір қазақ дүниетанымына мәдени негізде толыққанды сіңіп кетті. Ұлтымыздың барша салттары мен дәстүрінің Ислам дінінен басталатынын ондағы құндылықтардың адамдар есінде мықтап тұрып сақталғандығынан айқын байқай аламыз. Сондай-ақ, аталмыш дін кең байтақ даламызда сан алуан дәуірде үлкен саяси және аумақтық маңызы болғандығын да айтып өткен жөн.  Сондықтан, әр аймаққа исламның білгірін жібердім, олар өз кезегінде исламда көрсетілген сенім бойынша бұқара халықты ұятты нәрселерден тиятын болады. Адамдардың білімін көтеру үшін медресе мен мешіттер салдырдым. Мен әр қалада Қасиетті Құранды, Ислам дінінің негізіне атақты ғалымдардың зерттеулері арқылы үйрететін иманды діни өкілдер тұруына жағдай жасадым», – деп атап көрсеткен.

2.jpg

ХІІ ғ. моңғолдардың басып кіруі нәтижесінде ислам позициясы нығая түскен. Мұндай құбылыс Алтын Орданың бастапқыда Берке хан тұсында (1255-1266), кейін Тудеменгі мен Өзбек хандар тұсында мұсылмандықты қабылдауына алып келді. Ал ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі исламның интенсивті түрде кең таралуы қазақтардың Орта Азия халықтары мен Еділ бойы татарлармен экономикалық және мәдени байланыстарының негізінде қалыптасып, дамыды. Исламның жол серіктері ретінде Бұхара, Самарқанд, Ташкент, Хиуа, Түркістаннан келген миссионерлері саналды. Одан кейінгі дәуірде, яғни ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақстанның исламдануына Ресейдің Ислам дініне деген қарым-қатынасы мен көзқарасы шешуші фактор болып есептелді. Себебі Қазақстан Ресей секілді алып империяның құрамындағы отар елге айналды. Негізі отаршылдықтың алғашқы жылдарынан-ақ ресей өкіметі көшпелі халық арасына христиан дінін тарата бастады деген деректер бар. Алайда ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде мұсылманша оқудың негізімен таныс болған, әрі осы кезеңдегі исламның негізінде балаларын мұсылман мектептеріне беріп, өздері де мешіттерге барып тұрған деген деректер де кездеседі. Қалай айтқанмен де, қазақ жеріндегі бұқара халықтың Ислам дініне деген беріктігі Ресей империясы тарапынан ХХ ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясатына, оның бүртұтастығына қауіп төндіруші фактор ретінде қабылданды. Алайда жиырмасыншы ғасырдың басында көктемде мұсылман қауымының алғашқы жиыны болды. Ол сол кезде Верный деп аталған жерде өткен. Бұл жиында Түркістан өлкесінің мұсылмандары бас қосты. Құрылтайда қабылданған қаулы бойынша Ресейдегі мұсылман қауымның діни-руханият мәселесін реттейтін басқарма құрып, мұндағы барлық діни қызметкерлерді қарапайым халық сайлағаны жөн деген шешім шығарды. Сондай-ақ, мешіт, мектеп,медресе салу керектігі де айтылып өтті. Сөйтіп сол жылдары Жетісуда өзге де саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар сияқты діни қауымдастық та ресми түрде тіркелген. 1917 жылы мемлекеттік басқару мәселесіне байланысты жалпықазақ съезі өтті. Онда қазақ облыстары территориялық ұлттық автономиясын алатын Ресей демократиялық федеративтік парламенттік республикасын құру идеясы ұсынылды. Орынбор қаласында өткен екінші жалпықазақ съезінде жалпы ресей құрылтай жиналысы мақұлдауға тиісті қазақ-қырғыз облыстарының автономиясына «Алаш» атауын беру ұйғарылды. 1917 жылдың қараша айында Қоқанда ІV Жалпытүркістандық Төтенше съезі ашылды, Съезде Ислам мемлекеттік дін ретінде мақұлданатын Түркістан автономиясының, Түркістан Халықтық Өкіметінің құрылуы жарияланды. Алайда ол бастама отаршыл саясат тарапынан қуғынға ұшырайды. Жалпы Кеңес Одағы кезінде Исламның алғашқы қабылдануынан Шығыс халықтарының арасында өзіндік атрибутқа айналғанға дейінгі өзгерістер эволюциясын 1917-1927 жылдар аралығында қабылданған құжаттар тізбегі мазмұнынан көруге болады. 1917 жылы қараша айында қабылданған «Ресей және Шығыс еңбектенуші мұсылмандарға» деп аталатын РСФСР халық комиссарлар Кеңесі жолдауында: «...осы бастан бастап сіздердің салт-дәстүр, наным-сенімдеріңізге қол сұғылмайды, ұлттық және мәдени ұйымдарыңыз өз қызметін еркін жүзеге асырады. Өздеріңіздің ұлттық өмірлеріңізді азат әрі кедергісіз жүзеге асырыңыздыр», – деп атап көрсетілген. Сол секілді 1920 жылғы қазан айындағы КАССР еңбектенушілердің құқық Декларациясында: «осы декларация белгілеген негізгі ережеде еңбектенушілердің құқығына нұқсан келмейтін қырғыз халқының тұрмыстық ерекшеліктерін ескере отырып, Кеңестік Ресейдің халықтық революциялық соты тәжірибесінің нақты мысалында халықтық әділет құру» қарастырылып, аталған құжатта «мұсылман» термині қолданылмайды, сонымен қатар діндарларды Кеңес-терге сайлау және сайлану құқығын иемдендіре отырып, осы кезде қазақтың әдет пен Шариғаттан тұратын халықтық соты трансформацияға ұшырайды  деп берілсе де 1921 жылы сайлауға қатысу құқығынан билер, имандар, ишандар, хазреттер, муфтилер және мұсылмандардың діни басқармасының мүшелері айырылады. Сондай-ақ жиыпмасыншы ғасырдың жиырмасыншы жылдары халықтық салт-дәстүрлер, атап айтқанда қалыңмал беру, құн төлеу жойылады.

Дүниежүзі соғысының екінші кезеңінде неміс халқы Еділдің бойын жағалап, жақындап келген тұста, олардан үрейленген Сталиннің әрекеті ендігі кезекте өзіне кереғар сипатта болады. Ол отыз жеті-отыз сегізінші жылдары күш көрсеткен Орталық Азиядағы мұсылмандаға енді басқаша қарай бастайды. Өзіне тарту мақсатында олардың дініне, яғни исламға көбірек назар аударып, оған өз тарапынан көмек берген болады. Сондықтан қырқыншы жылдары Орталық Азиядағы және еліміздің мұсылман халқы арасында үлкен жиын өтеді. Оған мемлекетіміздің құрамасын Абд әл-Ғаффа есімді адам бастап барады. Сәдуақас қажи Ғылманидан соң 1972-1979 жылдары қазият кеңсесін Жахия қажы Бейсенбайұлы басқарған. 1975-1979 жылдары Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қазақстандағы қазият хатшысы болып Рәтбек қажы Нысанбайұлы қызмет атқарады.

60-жылдардың бас кезінен бастап исламның өкілдері мен басқару органдары арасындағы қарым-қатынас пен елдегі діни ситуация туралы мынадай мәліметтермен бекіте түсуге болады. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарында елімізде жиырмадан астам мешіт болған екен. Сондай-ақ, намазға бас ұратын мұсылмандардың ішінде әйел адамдар он-жиырма пайызын құраса, ер адамдардың көрсеткіші бес-алты процентке жеткен. Молдалардың білімі төмен болды. Себебі, жаңа діни кадрлар Ташкент және Бұқарадағы дінді оқытатын училищеде білімдерін жетілдіретін. Бұл мекемеде жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жаылдарында біздің елімізден 7 адам білім алған. Негізі жиырмадан астам мешіт тіркелсе, алпыстан астам діни ұйымдар мен бес жүзден астам үй-үйді аралап жүретін кезбе молдалар болыпты. Жалпы еліміздегі исламның дамуы дін бірлестіктерінің қызметін тексеретін ережелер мен заңдылықтардың пайда болуымен және Қазақстанда тоқсаныншы жылы Мұсылман Дін Басқармасының құрылуымен, сондай-ақ, басқа ислам дінін ұстанушы мұсылман елдерімен тығыз қарым-қатынас орнатуымен және біздің елдегі дін саласының қызметкерлерін басқа елдерге оқуға жіберіп, тәжірибе алмасумен басталып, айқындалады. Себебі, Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылға дейін Ташкентте болғандықтан Қазақстанның діни-рухани өміріне әсер ете алған жоқ. Мешіттер салынып, діни әдебиеттер басылмады. Ташкентте шығатын бірен-саран журнал, газет республика халқының діни сұранысын өтей алмады. 1980 жылдардың екінші жартысындағы Кеңес империясындағы жариялылық, демократияландыру үрдісі дін саласына да өз әсерін тигізді. Сондықтан да егеменді елімізде дінді басқаратын ұйым жасау туралы жоспар жүзеге асырыла бастады. Бұл ой сол уақытта мемлекетіміздегі министрлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен қуатталады. Сөйтіп, Назарбаев қолдау көрсеткеннен кейін Москвадан да оңды пікір келіп, Тоқсаныншы жылдары қаңтар айының он екінші жұлдызында еліміздің мұсылман қауымы бас қосқан алғашқы отырысы өтті. Осыкезде Қазақстанның діни басқармасы дүниеге келіп, оның басшылығына Рәтбек Нысанбайұлы төраға болып тағайындалады. Аталмыш орнында ол екі мыңыншы жылға дейін отырды. Кейін осы жылы маусым айының жиырма төртінші жұлдызында елімізде бүкілмұсылмандық үшінші құрылтайы өтті. Осы жиында көпшіліктің ұйғаруымен бас төрағалыққа Дербісәлі Әбсаттар келді.Одан кейін он үш жыл өткен соң кезектен тыс құрылтай шақырылып, мұндағы келушілердің шешімімен еліміздегі дін басқармасының басшысы болып Ержан Малғажыұлы тағайындалды. Аталмыш басқарма мен ұйымдардың негізгі жұмысы тоқсан екінші жылы негізі қаланған дінге қатысты заңдар аясында және Ата Заңымыз бен азаматтық кодекстің көмегімен атқарылып отырды. Бұл мемлекет басшылығының діннің рухани әлеуетіне, оның қоғамдық ортаны біріктірудің орасан зор рөліне жоғары баға бергендігінің көрінісі болып табылады. Тәуелсіздік жылдары діни ахуал жақсы дамыды. Елімізде бірнеше жүздеген мешіттер ашылды, Алматы қаласында Нұр-Мүбарак Мысыр Ислам мәдениеті университеті, Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институты ашылды. Діни маңызы жоғары халықаралық шаралар өткізілді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің төл басылымдары ретінде «Ислам және өркениет» газеті, «Иман» діни-ағартушылық танымдық журналы басылып шықты.

Жалпы түрлі ғылыми пікірлерді сараптай отырып, тарихи деректер қараханидтер (ІХ-Х ғғ.) кезінде Ислам мемлекеті ретінде танылғанымыз айқындалды. Қараханидтер мемлекетінің негізін құрушы Қарахан 960 жылы қайтыс болғаннан кейін оның баласы Мұса исламды мемлекеттік дін деп жариялағаны белгілі.

 

 ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТIЗIМI

 

1.  Пивоваров А.В.Дін философиясы М.: Академиялық жоба, 2006.- 640 с.

2.  Солдатов А.В. Дінтану. СПб.: Издательство «Лань», 2004.
Гараджа В.И. Религиоведение. – М. 1995

3.  Гараджа В.И. Дін социлолгиясы. М. 2006

4.  Шахнович М.М.Дінтану. СПб. 2006

5.  Самыгин С.И, Нечипуренко В.И., Полонская И.Н. Дінтану: Дін социологиясы мен психологиясы. Ростов на Дону.

6.            Қазақстан діндері.Аль-Фараби атындағы  ҚазҰУ университетініңт дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұжымы Алматы, 2010 421 б.

7.            Лега В.П. Религиозная философия. М.: Изд-во МГЛУ, 2009.

8.            Қысқаша діндер тарихы. - Алматы: Әрекет Принт, – 2009.

9.            Сегизбаев О.А. Казахская философия XV – начала XX века. Алматы, 1996 

10.       Әлем ұлттарының мифы. Энциклопедия. 1991.

11.       Элиаде М. Дін тарихы трактаты. Спб,бсп. «Алетйя», 1999.

12.       Джеймс У. МДіни тәжірибе көптүрлілігі. Мәскеу. «Наука», 1993.

13.       Щелокова Е. ХХ ғасырдың  20-60-жылдардағы Қазақстандағы діни ахуал / Евразийское  Сообщество.-2003.

14.       Орынбеков М.С. Ежелгі Қазақстан сенімдері. А, 1997

 

Теолог Канапяинов Е.



Ұқсас тақырыптар