"ЮрРайКом" компаниясының үлескерлері құрылысқа салынған ақшаларын қайтарып алуға тырысуда

crop_201009122843914e_1611036511.jpg


2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "ЮрАйКом" ЖШС үлестік құрылысқа Қазақстан азаматтарының ақшасын жинау үшін бірқатар компанияларды тартып отыр. Бұл компаниялар бірлескен қызметшарттары негізінде қатыстырылуда.

"ЮрАйКом" ЖШС Алматы қаласының Наурызбай ауданында 2,7 гектар  жер учаскесінің иесі бола отырып, үлескерлердің ақшасын 11-14 төрт қабатты тұрғын үй салу үшін жинаған, бұл үйлер Ақжар  шағын ауданда  Береке 7 мекенжайы бойынша салынуы тиіс болатын.

"ЮрРайКом" ЖШС құрылтайшысы Базар Васильев.

 Заңгер Қайсар Егізбаев:

 "Қазіргі уақытта сегіз адамның  үлестік құрылыс бойынша көрсетілген жобаға 111 млн. теңгеден астам сома ақша салғаны белгілі. Зардап шеккендердің саны шамамен 264 адамға жетуі мүмкін. Зардап шеккендердің айтуынша, аталған үлестік құрылыс ұйымы заңсыз болып табылады және үлестік құрылыс туралы заңды бұзады. Алайда, құрылысты ұйымдастырушы және жер учаскесінің иесі "ЮрАйКом" ЖШС залал сомасын мойындамай отыр және ақшаны зардап шеккендерге қайтарудан бас тартады".

Алматы қаласының апелляциялық инстанция  соты құрылысты ұйымдастырушы "ЮрАйКом" ЖШС-не шығын сомасын төлеуді міндеттеп, зардап шеккендердің пайдасына шешім шығарды. Алайда, "ЮрАйКом" ЖШС директоры Мұратқазы Рахымбердинов бұл шешімге Қазақстанның Жоғарғы сотына шағым түсірген.

 Атап айтқанда, Үлестік құрылыс туралы заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес үлескерлердің ақшасын тарту республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының рұқсаты негізінде ғана мүмкін болады.

Сонымен қатар, Үлестік құрылыс туралы заңда мыналар қарастырылған:

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мынадай тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:

      1) Бірыңғай оператордың кепілдігін алу;

      2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;

      3) тұрғын үйдің (тұрғын үй  ғимараты ) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға құқығы бар.

"ЮрАйКом" ЖШС көрсетілген талаптардың ешқайсысын да орындамаған.

Сондай-ақ ЮрАйКом компаниясы  Бірыңғай оператордың кепілдігін алмаған, екінші деңгейлі банктің қатысуын қамтамасыз етпеген және тұрғын үйдің қаңқасын тұрғызбаған. Сондықтан "ЮрАйКом" ЖШС тұрғын үй кешенін салу үшін басқа заңды тұлғалардың ақшасын тартуға құқығы жоқ еді.

Бұл ретте  Үлестік құрылыс туралы заңның 7-бабының 2-тармағы мынаны тікелей белгілейді, яғни,

"Жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу үшін осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен тартуға тыйым салынады".

Осы заңнамалық тыйымға қарамастан, "ЮрАйКом" ЖШС  "Дорожник" ЖШС, "Эксмаш-20" ЖШС, "АКЕМ" ЖШС, "Алатау Энерго Құрылыс" ЖШС, "Амир Бетон" ЖШС және "Нилс" құрылыс" ЖШС ақшаларын белсенді түрде тартқан.

Олар өз кезегінде Қазақстан азаматтарының ақшаларын тартумен айналысқан. Аталған компаниялардың ешқайсысының үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ.

"ЮрАйКом" ЖШС өзі бірлескен қызмет туралы шарт жасасқан басқа компаниялардың   міндеттемелері бойынша жауапкершіліктің жоқтығына сілтеме жасайды.

Алайда, бірлескен қызмет туралы шарт жасасу фактісінің өзі Үлестік құрылыс туралы заңды бұзу болып табылады. Аталған бұзушылық үлескерлерге мүліктік залал келтірді, оны құрылысты ұйымдастырған және бірлескен қызмет туралы шарт жасасқан тұлға ретінде "ЮрАйКом" ЖШС өтеуі тиіс.

Келіссөздер барысында зардап шеккендер жер учаскесінің иесі "ЮрАйКом" ЖШС тартқан барлық компаниялар "Дорожник" ЖШС, "Эксмаш-20" ЖШС, "АКЕМ" ЖШС, "Алатау Энерго Құрылыс" ЖШС, "Амир Бетон" ЖШС және "НИЛС" құрылыс" ЖШС - міндеттемелерді орындау үшін қандай да бір активтері жоқ "алдамшы" компаниялар болып табылады деген қорытындыға келді. Барлық активтер "ЮрАйКом" ЖШС-да, бірақ ол  міндеттемелер мен тәуекелдерді өз мойнына алғысы келмей, жеке тұлғалардың үлескерлерінен қаражат жинау үшін басқа компанияларды пайдаланып отыр.



Ұқсас тақырыптар