Күлі шашылған қала

2.jpg


Екібастұз қаласының маңында әлеуметтік шиеленіс өршіп келеді. Бұған МАЭС-1 басшылығының әрекеті себеп болды.

Екібастұздан 40 шақырым жерде орналасқан Қарасора көлі – жақын маңдағы бірнеше ауыл тұрғындары үшін жалғыз табыс көзі. Жергілікті халық көл түбінен МАЭС-1 және МАЭС-2 кәсіпорындары суға тастайтын күлді жинайды.

 Өндірістік күлдің құрамында алюмосиликат микросфералар бар. Бұл өнеркәсіптің түрлі саласында қолданылатын жеңіл бөлшектер. Микросфералар қосылып жасалған заттар тозуға төзімді, жеңіл келеді, жоғары оқшаулау қасиеттерге ие болады.

 Көл түбінен жиналған күлдің бір келісі 50-ден 75 теңгеге дейін бағаланады. 1 тоннасы – 50 мың теңге. Бұл жақсы табыс, сондықтан күлді жинау үшін адамдар Павлодардан да келеді. 

 Алайда, өткен жылдың соңында Қарасора айналасындағы жағдай қиындап кетті.


Шақырылмаған қонақ

 2022 жылға дейін көлдің айналасы үш компанияға бөлінді. Олардың барлығы МАЭС-1 және МАЭС-2 шарттарында көрсетілді. МАЭС үшін микросфераны өндіру өзінің негізгі экономикалық қызметіне пайдалы қосымша табыс болды. Көлде өндірілген күл үшін кәсіпкерлер станцияларға қомақты ақша төледі.

Бағалы күлдің басым бөлігін  «Металлогамма» ЖШС жинады. Бұл компания төлемді  1 млн теңгеден бастап, уақыт өте келе ұйым бұл соманы, кейбір деректер бойынша, 30 млн теңгеге дейін жеткізген. Компания осы салада лидер болды және тіпті күлді өңдеу цехын да салды. Алынған шикізат ел игілігіне жұмыс істемей, Польшаға жіберілді – «Металлогамма» ЖШС микросфераны жеткізу бойынша тиімді келісімшарт жасай алды.

 Бұл ретте компания жергілікті тұрғындармен тіл табыса алды. Көлде шамамен 2 мың адамға дейін жұмыс істеді. Олардың көбі жиналған күлді «Металлогамма» өкілдеріне өткізді. Әрі қарай күл салынған қаптар «камаздарға» тиеліп, МАЭС-ке жөнелтіліп отырды. Сол жерден бірден өңдеу цехына кетті. Күлді алып кетіп, жақын маңдағы ауылдарда орналасқан заңсыз қабылдау пункттеріне тапсырған жағдайлар болған (мәселен, Қалқаман ауылында Zumir поляк компаниясының пункті әлі де жұмыс істейді). Бірақ, негізінен, барлығы «Металлогамма» жұмыс істегенді жөн көрді: күлді ешқайда апарудың қажеті жоқ, жинап, бірден тапсырасың, ақшаңды алып кетесің, артық қимыл жоқ. Компания белгілеген баға бәрінің көңілінен шықты.

 Бірақ, 2021 жылдың 30 қарашасында МАЭС-1 себебін түсіндірместен келісімшартты 31 желтоқсаннан бастап  біржақты тәртіппен бұзатынын хабарлады.

 Осы жылдың наурызында МАЭС-1 жаңадан байқау жүргізіп, нәтижесінде елордалық «Астана Снаб НС» компаниясы жеңіске жетті. Ашық деректерге сүйенсек, бұл компанияның негізгі қызмет түрі тауарлардың кең ассортиментін көтерме бағада сату. Қандай тауар екені нақтыланып жазылмаған.  Яғни, оның бұған дейін жер қойнауын пайдалану саласына  ешқандай қатысы жоқ еді.

МАЭС-1 басшылығы өз шешімін коммерциялық пайда деп түсіндірді – елордалық қонақтар бір келі үшін 10 теңгеге қымбат төлеуге уәде берді.

 

«Тиімсіз болса, такси болып жұмыс істе»

 Мамырдың соңында «Астана Снаб НС» ЖШС басшылығы қоғамның қолдауына ие болуы үшін  жергілікті тұрғындармен кездесті. Осы кезде компания күлдің бағасын төмендеткісі келетіні  мәлім болды. Бір қап үшін 800 теңгеге дейін баға ұсынылды. Кездесуде компания директоры Ерасыл Сүлейменовты тыңдап отырған жұрт абдырап қалды. 

 Содан кейін жергілікті тұрғындар наразылықтарын білдіре бастады.

- Бір қабына 800 теңге дегеніңіз, мысалы 3 қап жинасаң, 2400 теңге бола ма?. Біз ақшаны бензинге жұмсаймыз, өйткені бізге көлді айнала жүріп, күлдің қай жерге жиналып қалғанын қарау керек. Оған қоса тамағымыз бар. Демек, біздің тапқанымыздан, жұмсағанымыз көп болайын деп тұр. Пайдасы жоқ бізге», – десті тұрғындар.

 – Қазір баға сондай. Бәлкім басқа да жұмыс бар шығар. Жоқ әлде көлге келу міндетті ме? Біз көлге 150 адамды жұмысқа алу бойынша міндет алдық. Мен көлдегі жұмысқа жақын маңайдағы барлық ауылдан жұртты аламын деп айтпадым. Онда басқалар да жұмыс істей алады ғой. Егер тиімсіз болса, онда бәлкім такси болып жұмыс істерсіз», – деп кесіп айтты Сүлейменов.

 Жұмысқа небәрі 150 адам алынатыны жайында жаңалық нарызылықтың жаңа толқынын тудырды.

– Менің өзімді 150 адам жұмыс істеп жатыр. Онда сіздерде қалайша 150-ақ адам жұмыс істейді? Сіздер «Металлогамманы» ғана емес, біздің барлық фирмамызды құртасыз. Біз адамдарға не бетімізді айтамыз? Небәрі 10 теңге үшін бәрімізді табыс көзінен айырмақсыз. Бізде 15 фирма жұмыс істейді, барлықы қоңырау шалып, не істейтіндерін білмейді. Біз бұл фирмамен жұмыс істегіміз келмейді», – деп мәлімдеді жергілікті кәсіпкер Асхат Дүсіпов.

 Алайда, МАЭС-1 басшылығы өз шешімін өзгертуге асықпады, өзгерпейтін де сынайлы.

Кездесуге қатысқан станцияны қамтамасыз ету жөніндегі Директор Жақсылық Дәулетханов:

– Бізге жоғары баға ұсынған сайын, сол бізге соғұрлым тиімдірек. Халық – бұл басқа мәселе.


 Сатып алудың балама жолы

 Осындай өрескелдікке жауап ретінде жергілікті алтын өндірушілер тауарларды сату мәселесінде әрқашан балама табуға болатынын көрсетуге тырысты. Мысалы, жақын маңдағы ауылдардағы қабылдау пункттерін айтты. Онда бір қапты 75 теңгеге қабылдай алады.

 -Мұндай баға жоқ, – деді Ерасыл Сүлейменов. Ол егер ауылда осындай баға болса, күлді сонда өзі өткізетінін айтты.

 Бұған МАЭС қызметкерлері не деп жауап бергені белгісіз, бірақ оларға мұндай сұрақ ұнамағаны белгілі. Өйткені «Астана Снаб НС» өкілі оған коммерциялық пайда бірінші кезекте екенін, егер қажет болса, айлаға баратынын түсіндірді.

 Алтын іздеушілер енді күлді ауылдарға әкете алмайтыны анық болды.

        Бұл ұрлық, – деп қадап айтты бизнесмен.

 

Ұрып-соқпаймыз

 Ерасыл Сүлейменов мәселені ақылмен шешуге уәде етті.

        Күзет ешкімді ұрып-соқпайды. Біз ұрлықты көрсек, тоқтататын боламыз, тексеріп, 102 қызметіне хабарлаймыз», – деп мәлімдеді ол.

Бірақ елордалық қонаққа ешкім сенбеді.

        Ұрлық жасағанның артынан құмаймыз, атпаймыз, ұрмаймыз дегеннің бәрі өтірік, – деп айтты залдағы біреу.

 Біраз уақыттан кейін жергілікті тұрғындар Сүлейменовтің сөзіне неге мән бермегендерін түсіндірді. Белгілі болғандай, компания жұмысқа басқа өңірлерден адамдарды тарта бастады. Алтын іздеушілердің айтуынша, көлде Алматы, Тараз және басқа қалалардан келген бригадирлер пайда болған.

– Мен өзім ол жерде адамдарды көрдім, олардың көпшілігі түрмеден шыққан адамдар. Сіз сонда адамдарды жұмысқа алдыңыз, олар өздері айтады – біз бұрын сотты болғандармыз деп. Олар өздері: «біз түрмеден шықтық, сақ бол, бауырым» деп ескертті, – дейді Береке ауылының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жантелі Сиезбек.

 Бұл сауалға Ерасыл Сүлейменов үн қатпады.


 Өлтіреміз бе?

 Елордалық қонақтарға сенуге болмайтынын жергілікті халық тез-ақ көз жеткізді. Маусымның соңында Қарасора жағалауында нағыз ұрыс басталды. Зардап шеккендерді бірі – Жанарбек Онашбай бүгін ауылдан қашып, құқыққорғау органдарына арыз жазуға дайындалып жатыр.

 Ол өзінің бастап кешкен оқиғасын әрең жеткізді. Түндердің бірінде ол көл жағасында машинасында түнеп қалған, сол кезде біреулер келіп, соғып, жағын сындырған.

        Мен өз көлігімде ұйықтап жатқам. Таңғы 4-те біреулер келіп терезені қақты. Оянып қарасам, Ертарғын тұр, ол қазір күзет басшысы болған. Мен көліктен шыққаным сол еді, күл ұрлап жүрсің деп мені бас салды. Тура сол кезде жағынан қатты соққы жасаған. Мен есімнен танып, құладым. Есімді жисам, қабырғам, бауырымнан теуіп жатыр екен. Тағы соқты, тағы тепті», – деп есіне алды Жанарбек.

 Оның айтуынша, оқиға орнына келген күзетшілер де бір нәрседен оқ атқан. Содан кейін олар жағалауда ұсталғандардың барлығын, соның ішінде сол жерде түнде вагонда түнеген іздеушілерді сыртқа шығарып сапқа тұрғызған. Оларды да ұрып-соға бастаған.

Сол оқиға нәтижесі Жанарбек Оңашбай үшін қайғылы болды, жағы сынды, екі қабырғасы шытынады, бет-аузы көгеріп, гематома болған.

Күзетшілер ойына келгенді істеп, ақыры іздеушілерді босатты. Бұл ретте Ертарғын басқаларға қарағанда қатты зардап шеккен Жанарбекке қысым көрсетті,  болған оқиға туралы ешкімге айтпауын талап етті.

        Ол маған: сенің отбасын, бала-шағаң бар. Ал маған бәрібір, аузыңды ашсаң, өкінесің, – деді Жанарбек.

 Зәресі қалмаған Жанарбек аузын ашпады. Алайда қорқыту мұнымен бітпеді. Соңында ол ауылдан кетіп, полицияға арыз жасуға бел буды.


 Сот дауы

 Енді «Металлогамма» ЖШС МАЭС-1 өкілдерінің әрекеттерін даулауға тырысып жатыр. Компания келісімшарт заңсыз бұзылғанын алға тартады. Мұндай пікірді «Атамекен» ҰКП мамандары мен Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Азамат Сләм да ұстанады

 - Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа адамға зиян келтіруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді. Ешкім өзінің теріс пиғылды мінез-құлқы арқылы пайда алуға құқығы жоқ, – деп атап өтті судья шығарған шешімінде.

 Бұдан басқа, судья МАЭС-1 басшылығы кейіннен тауарды конкурстық негізде неғұрлым тиімді бағамен сату үшін шартты қасақана бұзды деп есептеді.

- Сонымен қатар Азаматтық кодекстің  8-бабының нормалары азаматтық айналымның басқа қатысушыларына зиян келтіру үшін өз құқығын іске асыруға тікелей тыйым салады, – деп атап өтті судья.

Осының бәрін ескере отырып, сот келісімшартты біржақты бұзуды заңсыз деп тану туралы шешім қабылдады.

Алайда, Металлогамма өкілдерінің бұл жеңісі қысқа болды. Бір айдан кейін Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы МАЭС-1 жағына бірақ шықты. Енді Тараптар Жоғарғы соттың талқылауын күтуде.

 Сонымен бірге, сот ісі жалғасып жатқанда, Қарасор көлінің айналасындағы жағдай үдеп барады.



Ұқсас тақырыптар