Нарықтағы IPO-ны қалай сатып алуға болады?

3.jpeg


«Самұрық-Қазына» қорын түбегейлі трансформациялау және ішінара жекешелендіру қажеттігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Қазақстан халқына жолдауында» мәлімдеген  болатын. «Самұрық-Қазына» қоры экономиканың негізгі салаларын бақылауға жеткілікті мажоритарлық пакетті ғана иеленетін инвесторға айналады. «IPO  (акциялардың нарыққа шығуы) тетігін қоса алғанда, қордың басқа активтері мен акциялары жекешелендіріледі»  деген болатын  ел басшысы.


Қазақстандық   ірі акциялар сатылымға шыға бастады. Қазақстанда IPO алғаш рет тоқсаныншы жылдары өткізілген болатын.  Одан кейін 2012 «ҚазТрансОйл» компаниясы, IPO шеңберінде бір акциясы 725 теңгеден тұратын 38 463 559 жай акцияны шығарды. Халық банк пен Каспи банк, Қазатпром акциялары сатылымға шығып кеткен болатын. 2022 жылдың аяғынан бастап,   ҚазМұнайГаз бен Эйр Астана акциялары да қолжетімді бағамен  сатылымға шыға бастады, ол жердегі   бір жай акцияның бағасы шамамен 8 406 теңгеден басталады.  


Сарапшылардың айтуынша, бұл жолғы науқанның өзіндік ерекшелігі бар, яғни бұған дейінгі IPO-да компания акциялары тек жергілікті тұрғындарға ғана қолжетімді болса, биылдан бастап  отандық биржамен қатар шет елдің нарықтарында да сатылады. Бірақ заң талаптарына сай, IPO-ға шығатын акциялардың кемінде 20 процентін жергілікті инвесторлар алуы тиіс. Айта кетейік Қазақстандықтар да шетелдік ірі компаниялар соның ішінде  атап айтқанда Apple мен Tesla акцияларын көптеп алып жатыр.  Қазақстандықтардың  шетелдік акцияларды сатып алу сомасы  бүгінде  5 млрд теңгеге жуықтаған.


Қандай акциялар сатылымға шыға бастайды. Биылғы жылғы,  2022 жылы қор биржаларында «Эйр Астана» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ,  2023 жылы – «KEGOC» АҚ және «QazaqGaz» ҰК АҚ,  2023-2024 жылдары – «Самұрық-Энерго» АҚ акцияларын орналастыру жоспарда тұр.  Әзірге сатылымға шықан «Эйр Астана» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ институционалдық инвесторлардан өтінім қабылдау мерзімі  9-30 қараша аралығында жүргізіледі. Ал бөлшек инвесторлардың өтінімі 2 желтоқсанға дейін қабылданады.  


Акцияларды қалай сатып аламын  Tabys мобильді қосымшасы, «Қазпошта», екінші деңгейлі банк немесе рұқсат алған брокерлік компания арқылы акцияны сатып алуға өтініш бере аласыз. Банк сізге  бөлек шот ашып береді, бұл шот күнделікті пайдаланатын шоттан бөлек.  Банк арқылы сізге тиімдісі, комиссиясы қымбатырақ екеніне қарамастан   қауіпсіз. Ал брокерлік компанияларға келер болсақ,  ыңғайлы әрі арзан. Бірақ кейбірі нарықта ойнамауы мүмкін, сондықтан брокерлік компанияны  әбден зерттеп алған жөн, жалған жарнамаға сенбей, тек ресми дереккөздерге сүйене отырып,  оның лицензиясының бар-жоғын брокерлердің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайттарынан бар ма жоқ па тексеріп алған артық емес.


Біз жіберетін қателіктер. Сарапшылардың да айтатыны ең сенімді брокерлық компанияны ажырата білу.  IPO ақпарат шығысымен ақ, қалай сатып алуға болады, тетіктері қандай,  қандай банк немесе брокерлық компаниямен келісім жасауға болатыны туралы сол компания сайтында  ашық жазылады. Ерінбей сайттарды ақтарып, анықтау сіздің қаржыңыздың тиісті жерге жетуіне сенімді құралы. Екіншісі акция құны неғұрлым қымбаттаған сайын,  халық  көбірек сатып алып қалуға тырысады. Бұл да үлкен қателік, сарапщылар айтуынша «қымбаттау ол уақытша құбылыс, біраз уақыттан кейін өзінің бастапқы құнына қайта түсуі мүмкін». Үшінші бір кеңес өзіңіз сатып алмақшы компания туралы ғаламтордан ақпарат көрмей, болашағы, қосымша табыс әкелетін қандай тетіктері бар, бәрін сараптамай сатып алмау. Қазіргі уақытта халық арасында ең сенімдісі  Самұрық Қазына АҚ қарасты компаниялар болып тұр.  Тағы бір қателік, акцияларды әртараптандырмау, халықтың ойында бір ғана компанияға ірі көлемде қаржы құйсам қаржым екі есе ақталады, бір жерде тұрса жинақы, бір құжатпен ғана жұмыстанамыз деген түсінік қалыптасқан. Бұл да кішігірім қателіктер дейді, брокерлық операторлар. Акцияны әртараптандыру әр компанияда   қаржы дағдарысы немесе қаржылық өсу жүруі мүмкін. Бірінде  қаржылық дағдарыстар жүрген жағдайда екінші АҚдағы салымыңыз өз құнын жоғалтпай сақтап тұра береді.


Айбар Олжай тәуесіз сарапшы:


«Табысқа ешкім кепілдік бермейді. Оны акция нарығында жүргендер жақсы біледі. Бірақ техникалық анализден хабары барлар, ҚМГ акцияларының шын мәніндегі әділетті бағасы 13 мың теңге тұратынын айтады. Ол биржада өзінің әділетті бағасына дейін өссе, онда потенциалды табыс 60 пайызға жетуі мүмкін. Бірақ кез-келген тәуекелді ескеру керек.


Ең бастысы – акцияны еш уақытта кредит алып, сатып алмаңыз. Бұл ең жауапсыз қадам. Кредиттің өтем проценттері сіздің болашақ табысыңызды жеп қояды. Ал акция бағасы өспесе, не түсіп кетсе, оңбай құлайсыз».


Пайда көргендер бар ма? Әрине бар төмендегі мәліметте кейбір IPO ға шыққан акциялар туралы мәлімет береміз.


«KEGOC» АҚ бір акциясының құны орналастыру кезінде 505 теңгені құраса, (2014 жылы нарыққа шықты) «бір жылдан кейін ол 705 теңгеге дейін өсті және 2014-2022 жылдар аралығында ең жоғары көрсеткіш - 1925 теңгеге жетті.


• «ҚазТрансОйл» АҚ бір акциясының құны орналастыру кезінде 725 теңгені құрасс, бір жылдан кейін ол 906 теңгеге дейін өсті және 2012-2022 жылдар аралығында ең жоғары көрсеткіш - 1620 теңгеге жетті.


• «Қазатомөнеркәсіп» (сатылымға 2018-2019жылдары орналастырылды) бір акциясының құны орналастыру кезінде 4322,74 теңгені құраса, бір жылдан кейін ол 5429 теңгеге дейін өсіп, 2018-2022 жылдар аралығында максимум 23500 теңгеге жетті.


IPO өткізілген күннен бастап бүкіл кезең ішінде «KEGOK» АҚ 1 акциясына 722,88 теңге, «ҚазТрансОйл» 1 акциясына - 1132,71 теңге және «Қазатомөнеркәсіп» - 1 акциясына 2145,59 теңге көлемінде дивидендтер төледі.

                                           

Аида Қожмамбетова



Ұқсас тақырыптар