Құпия құжат: "Вагнер" Түркиядан қару алмақ болған...

Әлеуметтік желілерде жарияланып кеткен Пентагон мен Орталық барлау басқармасының құпия құжаттарынан журналистер Украина мен Ресейдің қорғаныс қабылетіне қатысты ақпараттарды анықтады.  Бұл ақпараттарға The New York Times пен Washington Post басылымдары талдау жасаған.

еноено.jpg

Құжаттарға қарағандан, Ресейдің "Вагнер" жалдамалы әскери тобы ақпан айының басында Түркиямен қару-жарақ сатып алу бойынша келіссөз жүргізген. Олардың келісімге келген, келмегені белгісіз.

Түркия НАТО-ның мүшесі. Егер ұйымның сыртынан Ресейге қару-жарақ жеткізуге байланысты келіссөз жүргізсе, бұл Түркияның беделі үшін үлкен соққы болады деп жазады Washington Post.

Құжатта сонымен бірге Қытайдың Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымы да қаралған.

Құпия құжаттардың қалай жарияланып кеткені әзірге анықталмады. Бұл құжаттарға қарағанда, американың барлау қызметі өзге елдердің де жоспарлары жөніндегі мәліметтен хабардар болған.

Аталған басылымдардың журналистерінің жазуынша, құпия құжаттардың жарияланып кетуі АҚШ-тың одақтастарымен қарым-қатынасын қиындатуы мүмкін.

Өткен жұма күні АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды қызметкерлері құжаттардың қол жетімділігіне шектеу қойған.

АҚШ-тың әділет министрлігі бұл оқиға бойынша тергеуді бастағанын мәлімдеді.

Пентагон украин армиясының шабуылы қарсаңында Украинаға көмек көрсету жоспары туралы құпия құжатты жариялаған адамдарды іздестіріп жатыр. Материалдар жақында твиттер мен телеграмда жарияланған, деп хабарлады New York Times газеті Джо Байден әкімшілігіндегі лауазымы жоғары қызметкерге сілтеме жасай отырып.


Құпия материалдарда шабуылға дайындалып жатқан украин әскери бөлімдерінің құрамы мен қару-жарағы, әскери техника мен қару-жарақты жеткізу кестесі туралы мәлімет бар.

New York Times құпия құжаттардың жарияланып кетуін Ресей барлау қызметтің соғыс бастан уақыттан бергі ең ірі олжасы деп атады. Газет дереккөзі құпия материалдағы деректердің кейбірі ескіріп кеткенін, онда наурыздың басындағы жағдай сипатталғанын айтты. Соған қарамастан Мәскеу осы мәліметтерден біршама пайдалы ақпарат жинай алады. Мысалы, HIMARS зымыран жүйесінің жарақтары қаншалықты тез таусылаты туралы мәлімет бар. Содан-ақ бұл жүйені украин армиясы пайдаланады деген қорытынды жасауға болады.

Соғыс басталған уақытта Киев әскери жоспарын Вашингтонмен бөліскісі келмеген, мәліметті үшінші бір тарап біліп қоя ма деп қауіптенген. Кейінгі айларда екі ел арасында әскери жоспар құрудағы байланысы кеңейген. Құпия құжаттардың жария болуы мұндай байланысқа кері әсер етуі мүмкін.


Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар