Мәжіліс: Ресей полигонға алған 8,5 млн гектар жерді қайтару керек!

Мәжіліс депутаттары Ресейдің Қазақстаннан жалға алып отырған әскери полигондарының шарттарын қайта қарауды талап етті.


керке.jpg

«1995 жылдан бастап Ресей Қазақстанның 8,5 млн гектардан астам жерін әскери полигондар ретінде пайдаланып отыр. 1 гектар жерге бар болғаны 1050 теңге төлейді. 2005 жылдан бастап бұл баға өзгерген жоқ.

Біздің сұрағымыз мынадай: жердің құнын кім және қандай әдіспен белгіледі? Жалдау мерзімі аяқталған кезде полигонды қалпына келтіру үшін әр гектарға мың теңге жете ме әлде бәрін мемлекет бюджетінен алмақпыз ба? - деп сұрады «Ауыл» партиясының  депутаты Серік Егізбаев.


Ресей жалға алып отырған полигондар Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау және Қарағанды облыстарында орналасқан.


«Салыстыру үшін айтсақ, әскери полигондар аумағы Әзірбайжан (86,6 мың км2), БАӘ (83,6 мың км2), Чехия (78,9 мың км2), Грузия (69,7 мың км2) немесе Дания мен Нидерландыны қоса алғандағы аумаққа сәйкес келеді», - деп атап өтті депутат.


Әскери полигондарды жалға беріп отырған Қазақстан өз мүддесін қорғауға келгенде осалдық танытып отырғанын айтты мәжілісмен.


Депутат полигондарды жалға беру бойынша комиссия құрамының тізімін көрсетуді сұрады.


«Бұл бізге бақылау жасауға мүмкіндік береді, сондай-ақ біз Ресей тарапымен келіссөздер жүргізу шеңберінде комиссия мүшелеріне кез келген жәрдем көрсетуге дайынбыз», - деді депутат.


Әскери полигондарды жалдау шарттарын қайта қарау мерзімі 2030 жылға сәйкес келеді.


Келіссөздер шеңберінде комиссия жерді кейіннен рекультивациялау қажеттілігін ескере отырып, жалға беру құнын ұлғайтуы керек, деп есептейді депуттаттар.


«Сонымен қатар, биылдан бастап ауыл шаруашылығы жерін ұлғайту үшін сынақ полигондарын азайту керек», - деп атап өтті Серік Егізбаев.


Депутаттың айтуынша, 2019 жылы мұндай ұсыныс болған. БҚО әкімдігі Сыртқы істер министрлігіне, Қорғаныс министрлігіне және Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс аумағында Ресей Федерациясы жалға алған полигон аумағын 1 млн 100 мың гектарға қысқарту жөнінде ұсыныс берген.


«Бұдан басқа, Қазақстан Үкіметі 2030 жылы әскери полигондарға жер жалдауды ұзарту немесе тоқтату мәселесі бойынша өз ұстанымын айтуы керек», - деді депутат.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар