Тәуелсіздіктің жетістіктері: Әлемдік балалар арнасы қазақша сөйлей бастады

Мемлекеттік тілді дамыту басты өзекті мәселе болып қалуда. Ресей империясы, артынша КСРО билігінің саясаты қазақ тіліне орасан зиян келтірді. Бірнеше мәрте әліпбиді ауыстыру, қазақ тіліндегі оқыту бағдарламаларын қысқарту, артынша орыс тілді мектепетер санын арттыру саясаты әлі күнге дейін өз салқындығын сездіруде. Бұл КСРО ыдырап, өзге елдер тәуелсіздігін алса да, өзінің кері әсерін көрсетуде.


Ea5DMx7XYAAkFy0-1.jpg


Бүгінде мемлекеттік тілді лайықты тұғырына қондыру мәселесі қызу талқыланатын тақырыптың бірі. Мемлекет деңгейінде түрлы шешімдер қабылданып, іске асуда. Солардың бірі телеарналар мен БАҚ-тағы мемлекеттік тіл үлесін еселеп арттыру болып табылады. Әсіресе балаларға мемлекеттік тілдегі анимациялық сапалы өнімдерді ұсыну арқылы өскелең ұрпақты мемлекеттік тілді білетін, сүйетін және құрметтейтін азамат етіп тәрбиелей аламыз. Бұл тұрғыдан мемлекеттік тілде балаларға өнім ұсынатын «Балапан» арнасы ашылып, сәтті де жемісті жұмыс істеуде. Балалар үшін ол маңызды.


Алайда әлем кең. Тек қана отандық арнаның өнімімен балалар арасындағы мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру қиынға соғады. Міне, сондықтан әлемге әйгілі балалар арналары мен анимациялық өнімдерді қазақ тілінде сөйлету маңызды. Тек қана шетелдік өнімді көретін балалар бар, талғамға талас жоқ. Дәл сондай балаларға шетелдік туындыларды мемлекеттік тілге аударып беру арқылы мемлекеттік тілдің дамуына үлес қоса аламыз. Ол жоба басталып та кетті, жемісі де, жеңісі де жоқ емес.


Discovery Networks - Audiovisual Identity Database


Шетелдік өнімдерді мемлекеттік тілге аудару, дубляж жасау бұрыннан бар. Бұл әсіресе кино саласында кеңінен қолданып келеді. 2017 жылы еліміздегі ОTAU TV алғаш рет Discovery арнасымен келісім жасай бастады. Артынша Discovery Networks Қазақстанда өз өнімдерін сапалы негізде мемлекеттік тілде көрсететін алғашқы арнаның бірі болатыны айтылды. Discovery Networks арнасы әлем бойынша жоғары стандарт қоятын арна. Ол аудармаға, дубляждайтын актерлардың құрамына, жарнаманың өнімдер арасында кең көлемде көрсетілмеуіне жіті назар аударады. Міне, дәл осы талаптар Қазақстанға да қойылуда. Себебі арна өзінің абыройын әлемдік нарықта сапасыз аударма арқылы жоғалтуды қаламайды. Сәйкесінше бұл біздің тараптан арна өнімін сапалы түрде аударып, көрерменге ұсыну үшін көп көлемде инвестиция салуды талап етеді деген сөз.


Ал балалар арасындағы анимациялық арналардың өнімдерін мемлекеттік тілге аудару мәселесі қалай болуда? Әлемге әйгілі Nickelodeоn мен TIJI арналарының өнімдерін қазақ тіліне аударып, жас көрерменге ұсыну мәселесі өткен жылы айтылған еді. 2022 жылы бұл жоспарды іске асыру үшін 570 млн теңге қаржы бөлінетіні дей атылды. Бір жыл ішінде 800 сағаттық өнімді мемлекеттік тілге аудару іске асатыны да айтылды, жоспарға сай жүзеге асты. 


Детский канал TiJi запускает звуковую дорожку на казахском языке


Nickelodeon арнасы қазақ тілінде сөйлей бастайтынын Paramount әлемдік медиагруппасы да айтқан еді. Бұл компания нарықта 40 жылдан астам уақыт бойы 6-12 жас аралығындағы балаларға сапалы анимациялық өнім ұсынып келеді.


2021 жылы «Танымал мультипликациялық балалар арнасын қазақ тіліне аудару» атты жоба қабылданған  еді. Сол сәтте аталмыш екі арнамен байланыс орнатылып, келіссөз жүргізіле бастады. Nickelodeon арнасы әлемнің 180 елінде 40 тілде балаларға бақыт сыйлап келе жатқан арна саналады. Ал арнаның ендігі таңда тілдік қорына қазақ тілінің де қосылуы мемлекеттік тіліміздің дамуының қарқынын арттыра түспек. 


Елімізде демография қарқыны жоғары. Орта есеппен жыл сайын өмірге 370 мың бала келуде. Оның 90 пайыздан астамы қазақ отбасыларында дейді мамандар. Демек болашақта қазақ тіліндегі өнімді тұтынушы, оның сапасына мән беруші балалар саны тек қана арта бермек.  Бұл балаларға арналған сапалы аударма, анимациялық өнім санын арттырып, оған бөлінетін қаржыны да еселеуге итермелейді. Қазақ тілінің дамуы да осыдан бастау алмақ.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар