Франциядағы дүрбелең Макрон карьерасының нүктесі ме?

Францияда тағы да наразылық шеруі өтіп жатыр. 27 маусымнан басталған тәртіпсіздіктер мемлекеттің бірнеше қаласына жайылды. Наразылыққа шыққандар ғимараттар мен көліктерді өртеп жіберді. Марсель, Лион, Тулуза, Страсбург, Лилль, Париждегі дүкендер тоналған. Тәртіпсіздікті басуға 45 мың полиция қызметкері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары мен тұрғындар арасында қақтығыстар болып, полицияның көзді жасаурататын газ қолданғаны белгілі болды.


1688373829643999.jpg


Париж қаласында 126 адам ұсталып, қауіпсіздік шаралары күшейген. Ал Марсель, Лион, Лиль сияқты қалаларға қосымша көмек жіберілген. Тәртіпсіздіктердің төртінші түнінде елде 1300-ден астам адам қамауға алынды.


Бұл наразылықтың аяқ асты басталып кетуіне Нантер қаласында алжирлік иммигрант Наэль М. атты жасөспірімді полицияның атып өлтіргені себеп болды. Кәмелетке толмаған 17 жастағы ер бала «Mercedes» көлігін тізгіндеп, жол ережесін бұзған. Полиция оны атып тастаған.


Француз қоғамы полицияның әрекетін қатігездік деп бағалап, оларды «нәсілшіл» деп айыптады.


Жасөспірімді атып өлтірген полиция қызметкері қамауға алынды, оған қасақана кісі өлтірді деген айып тағылды. Бейсенбіде ол марқұмның отбасынан көпшілік алдында кешірім сұрады.


Франция президенті Эммануэль Макрон осы оқиғаларға байланысты Германияға жоспарланған сапарын кейінге қалдырған.


Ел басышысы наразылықты қоздырушыларды кінәлады. «Олар баланың өлімін пайдаланып, біздің институттарға шабуыл жасауды көздеп отыр. Олардың мойнында үлкен жауапкершілік жатыр.  Біз зорлық-зомбылық әрекеттерін қатаң айыптаймыз»,-деді Макрон.


ІІМ басшысы Жеральд Дарманен тұтқынға алынғандардың арасында 13 жастағы балалардың барын айтқан. Тәптіпсіздікке қатысқандардың шамамен үштен бірі «өте жас жеткіншектер» екені хабарланды. ІІМ Ата-аналарға қатаң ескерту жасап, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты.


Алжирлік иммигранттардың баласының өлімі француз қоғамында онсыз да өршіп тұрған нәсілшілдік проблемасын тағы да көтерді.


Жексенбі күні елде болған тәртіпсіздіктерге жауап беру үшін министрлермен кездесті. Жиында Макронның беделі мен реформа жүргізу қабілеті сынға түсті.


Бұған дейін де Францияда зейнетке шығу жасын көтергені үшін үлкен наразылық толқыны болып өтті.


16 наурызда Франция Үкіметі зейнетке шығу жасын 62 жастан 64 жасқа дейін көтеруді көздейтін зейнетақы реформасын жүргізу туралы шешім қабылдады. 20 наурызда Парламенттің төменгі палатасының оппозициялық фракциялары Үкіметке екі рет сенімсіздік вотумын шығарған, бірақ қажетті дауыс жинай алмады.


15 сәуірде ел президенті Эммануэль Макрон наразылықтарға қарамастан зейнетақы реформасы туралы Заңға қол қойды.


«Францияда тәртіпсіздіктер мен митингтер үнемі болып тұрады, бірақ кейінгі жылдары шерулер қоғамдағы бөлінушілікті анық көрсете бастады. Франциядағы наразылықтар Макрон үшін мина алаңына айналып барадыы», деп жазды Bloomberg.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар