Украинадағы соғыс: Ресей еркектері қырылып жатыр

«Медуза» және «Медизона» басылымдары Ресейдің импершіл соғысы басталғалы-бері қаза тапқан Ресейліктер туралы деректерді тұрақты түрде жариялап келеді. Жуырда «Медуза» мен «Медизона» соғыстың 1,5 жылында қаза тапқан Ресей азаматтары туралы жаңа деректерді жариялады.

1688974544347562.jpg

«Медуза» да, «Медизона» да Ресейде «шетелдік агенттер» деп мөрленген басылымдар. Тіпті, Ресей билігі «Медузаны» «қажеті жоқ ұйымдар» тізіміне енгізген. Міне, осы аталған қос басылым жуырда: «Соғыс басталған 1,5 жылдың ішінде 47 мың Ресей азаматы соғыста қаза тапқан», - деп таратты.

Бұл 47 мың Ресейлік – 50 жасқа дейінгілердің тізімі. Және олардың дені Ресей құрамына әпербақандықпен қосылған Луганскі мен Донецкі сепаратистері. Қос басылым журналистері Ресейдің Росстат агенттігіндегі мұрагерлік істер реестрін зерттеген. Сөйтсе, 2022 жылдан бері қайтыс болған ер азаматтардың көрсеткіші күрт көбейген.

Баламалы статистиканы BBC мен «Медизона» да тұрақты жүргізіп келеді. Олардың есебінше, соғыста 27,4 мың Ресей азаматының қаза тапқаны айтылады. BBC мен «Медизона»  дәл осынша адамның есім-сойларын анықтаған.

Ал шынтуайтына келгенде, соғысқа қаза тапқан Ресейліктердің саны бұдан едәуір көп болуы мүмкін. Ресей әскери билігі соғыстағы адам шығыны туралы өте сирек сөйлейді. Ең ақырғы рет, 2022 жылы РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу: «Біздің соғыстағы адам шығынымыз 5,9 мың», - деген. Бұл 2022-нің қыркүйегі еді. Одан кейін есепті жаңалаған жоқ.

Ресейде Росстатқа тиесілі «мұрагерлік істер реестрі» деген база бар. Сол базада көрсетілген деректер бойынша, 2022 жылы соғыста қаза тапқан Ресейліктер саны 25 мыңның төңірегінде болса, 2023 жылдың мамырында бұл көрсеткіш 47 мыңға жеткен (сәйкестік деңгейі 95 пайызды құрайды.).

Алайда, бұл реестрге барлық Ресей азаматтары тіркелмеген. Артында мұраға қалар дүниесі бар азаматтар ғана тіркелген.

«Жоғарыда қаза тапқан 47 мың Ресейліктің жеке деректері анықталғанын жаздық. Ал ауыр жараланып, әскер сапынан шығарылғандардың саны 125 мың адамды құрайды», - дейді зерттеу авторлары.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар