Қанды ақша: Ресейлік олигархтар соғысты қалай қаржыландыруда?

Ресейлік миллиардерлер Олег Дерипаска, Леонид Михельсон, Сергей Гордеев, Михаил Гуцериев және өзгелері өз компанияларына ер азаматтарды жұмысқа алып, артынша оларды Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға көндіруде. Олар Украина соғысына аттануға ниет білдіргендерге сыйақы да төлеп отыр. Бұл туралы "Важные истории" онлайн зерттеу журналы жазды.


10 самых обедневших российских миллиардеров | Forbes.ru

 

Журналистер «Редут» жеке әскери компаниясының жендеті болған, бүгінде «Сокол»  ерікті жасағының мүшесі саналатын Игорь Сергиенкомен сөйлесті. «Сокол» жасағы ерікті деп аталғанымен, шындығында Ресей қорғаныс министрлігіне бағынады. Ол екі жерден айлық алатынын жасырмайды. Ай сайын  200 мың рубль қорғаныс министрлігінен түссе, 100 мыңды «спонсор»  компания аударады екен.

 

Миллиардерлердің компаниялары ер азаматтарды жұмысқа алып, олардың Украинаға бару ниеті бар-жоғын біледі. Соғысқа барғысы келгендерді Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға мүмкіндік беріп, себепсіз өз компаниясынан жұмыстан шығарып, өтемақы ретінде қаржы төлейді. Осылайша бірден екі жерден ақша алу мүмкіндігін беріп, ер азаматтарды соғысқа аттандырып отырған. Бұл рекруттық жүйені Батыс елдері қазіргі уақытта зерттеп жатыр және дәлелдемелер нақты болған сәтте, ресейлік олигархтарға қосымша санкция салу мүмкіндігін қарастыруы ықтимал.

 

«Сокол» ерікті жасағының мүшелері айлықты «Русал менеджмент» компаниясынан алып отыр. Бұл олигарх Олег Дерипаскаға тиесілі компания саналады. Компания өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Зерттеу барысында тағы бір компанияның Украина соғысына қатысушы ресейліктерді қаржыландырып келгені анықталды. Ол «Аэротерминал» компаниясы. Қазіргі уақытта Краснодар әуежайын жөндеумен айналысуда. Анапа мен Красноярскте құрылыс жұмыстарын жасауда. Бұл компанияның да Дерипаскаға қатысы бар болып шықты.

 

Ерікті жасақтарға Ресейде газ өндірісі бойынша Газпромнан кейін екінші орын алатын «Новатэк» компаниясының да қатысы бар екені белгілі болды. Оның басшылары бүгінде санкциялық тізімде жатқан Леонид Михельсон мен Геннадий Тимченко саналады. «Новатэк» соғысқа аттанушыларды тікелей өзі арқылы емес, «Сатурн-1» деген компания арқылы іздестіріп келген. Ал қаржыны 2022 жылы құрылған «Мужество» қорынан төлеген.

 

Осылайша ресейлік олигархтар биліктің қысымынан кейін соғысқа аттанушыларды қаржыландыруға мәжбүр дейді зерттеушілер. Бұл компания үшін шығын болса да, олардың Кремльге қарсы келетін ойы жоқтығы анық.


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар