Ердоған еш ұмытпайтын орыс пен түрік арасындағы: 1676-1681, 1686-1700, 1710-1713, 1735-1739, 1768-1774, 1787-1792, 1806-1812, 1828-1829, 1853-1856, 1877-1878, 1914-1917 жылдарғы, жиыны 11 соғыс болғанын бәріміз жақсы білеміз.
Осы соғыстың нәтижесінде біртұтас Валахия қаққа жарылды. Осы атау тарихта Дракула деген атпен белгілі Влад Цепеш билеген дәуірдегі мемлекет атауы ретінде әлем жұртшылығы есінде қалды.
Тап осы Влад Цепеш билеген Буджакты (Валахияны) Османдар 1503 жылдан бастап билеп төсеген кезде оның құрамында болған түркілердің бір бұтағы гагауыздар христан дінін қабылдаған болатын. Біз жоғарыда сөз еткен Орыс-Түрік соғысының нәтижесінде Румыния жеке мемлекет атанып, оның бір бөлігі болып танылатын Бессарабия Ресей империясының құрамына Новороссийско-Бессарабское генерал-губернаторство деп қосылды. Бір ұлт қаққа жарылды. Ресей Бесарабиялық румындарды молдаван деп атап, жаңа бір ұлт жасауға тырысты. Және осы тарихи аймаққа қарайтын біраз жерді Украинаға қосып, малоростардың губерниялық ауқымын кеңейтті.
1897 жылғы санақта осы гүбернедегі тұрғындардың 47,6 % молдавандар, 19,6% — украиндар, 11,8% — еврейлер, 8% — орыстар, 5,3% — болгарлар, 3,1% — немістер, 2,9% — гагауздар болды. 1917 жылы Румения өзінің тарихи аймағын өз құрамына қосып алды. Осылайша, Патшалық Ресейден енші алған Кеңестік қызыл империя Бессарабиядан айрылып қалды. Тек Гитлермен ауыз жаласқан Сталин Кеңес-герман құпия хаттамасы бойынша 1939 жылғы 23 тамызда Руменияға кеткен жерін өзіне қосып алып, көңілдері көншіді.
1897 жылғы санақта 2,9% болған гагауздар Комрат бас қаласы болып табылатын Гагаузияда тұрады. 2004 жылғы санақта бұл елде 155 646 халық тұрады. Олардың 83 пайызы гагауыздар. Үш тіл қатарынан мемлекеттік тіл саналады: молдаван, орыс және гагауыз. Сондықтан осы өлкеге Түркия мен Ресейдің ықпалы зор. Шағын бөлігі – Түркияны, қалған басым бөлігі – Ресейдің ығына жығылатын Молдованың ұлттық аймағы. Жас мемлекет өзінің жікішіл аймағын тәк-тәкпен ұстап келді. Енді міне, орыс барлауының араласуымен жағдай мүлде ушыға түсті. Ушығудың басты себебі осы елдің Еуроодаққа мүшелікке кандитат болып табылуынан.
Осы түркі халқы толықтай орыстанған десе де болады. Ресейдің ығына жығылушылардың қолтығына су бүркуші орыс барлауы осы жолы тым қатты кеттіп, екінші майдан ашып, Гагаузияның Халықтық жинының Төрағасы Дмитрий Константинов аузымен Ресей құрамына енуге 100 пайыз әзірміз дегенді айтқызды. Осы сабазың өзінің Азаттық Радиосына берген сұхбатында «халық осыны қалайды» деп мәлім етті. Молдованы әсіре ресейшілдік рухы жайлап алуда.
Дмитрий Константинов шаруаның бәрін 9 қыркүйекте аймақ астанасы Комратта өтетін жиын шешеді. Осылайша тағы бір ешкім мойындамайтын мемлекетті Ресей барлауы өмірге әкеле алды. Егер біз алдын алмасақ, қазақ жерінің Шығысы мен Солтүстігінде осындай бөле-жарушылық орын алуы бек мүмкін. Путиндік Ресей нағыз реваншистік қадамдарын әлем жұртының көзін бақырайтып қойып жасап жатыр.
Mezgil.kz