Өліп жатыр: Польшаның Украинамен шекарасында сұмдық ауру тарауда

Польшада қауіпті дерт тарап, адамдар көз жұмуда. Ғылымда легионеллез деп аталатын дерттен 14 адам көз жұмып, 150-ден аса адам ауруханаға жеткізілген. Ауру Украина шекарасына жақын маңдағы Жешув қаласында тарауда. Аталмыш ауруды кейде питтсбург өкпе қабынуы (пневмония) немесе форт Брэгг безгегі деп те атайды.


В Жешуве, важном городе у границы с Украиной — вспышка легионеллеза - Вот  Так

 

Жергілікті билік легионеллездің шығу ошағын анықтауға тырысуда. Суға дертті қоздырушы бактерия түсуі де мүмкін дейді.

 

«Біз тексеріс жүргізіп жатырмыз, алайда әзірге қандай да бір саботаждың белгісін таппадық. Қала Украина шекарасына өте жақын орналасқан және Батыстық қарудың барлығы осы қала арқылы Украина жеріне кіруде. Сондықтан да барлығын тексеріп, әзірге қауіпті және болуы ықтимал деген сценарийлерді де ойластырудамыз. Әзірге суға вирус тастау көрінісі жоқ», — дейді Polsat-қа берген сұхбатында арнайы қызмет өкілі  Станислав Жарын.

 

Бір апта бұрын Жарын аурудың шығуына байланысты дәрігерлерден бөлек арнайы қызмет өкілдері де қатысып жатқанын айтқан болатын. Ал аймақтық санитарлық қызмет өкілі Адам Сидор суық және ыстық суға бактерия қосу қаупін жоққа шығармайды.

 

Қазір қалада және қала маңында 105 түрлі жерден су сынамасы алынып, оның 18 сынамасынан дерт анықталған. Бірақ зерттеушілер бұл дертті адамдар тек қана судан жұқтырып жатыр дегенге сенбейді. Ауруды өршітетін бактерия Жешув қаласының 113 тұрғынынан анықталған, қалғандары осы қала маңындағы елді-мекен тұрғындары көрінеді. Аурудан көз жұмғандардың жетеуі 64-95 жас аралығындағы қарттар.

 

Жешув қаласының мэрі Конрад Фийолек қаладағы хлор мен озон қорының көлемін арттырғанын мәлімдеді.Су жүйелерін дезинфекциялау жұмысы күнделікті жүруде.  

 

Легионеллез ауруы ауыр өкпе қабынуына ұшыратады. Аурудың адам ағзасында тарауы 10 күнге дейін жалғасады. Бастапқыда аурудың қарапайым тұмаудан еш айырмашылығы жоқ. Әлсіздік, температураның көтерілуі мен кішігірім жөтел, бас ауруы болады. Артынша ауру өрши түскен сәтте кеуде тұсының ауыруы, ентігу, асқазан тұсындағы бүріп ауыру мен іш өту, құсу симптомдары пайда болады. Ауруды негізінен legionella бактериясы таратады.

 

Алғаш рет бұл дерт 1976 жылы анықталды. АҚШ-тағы «Америка легиондары» әскери ардагерлер ассоциациясы конференция өткізіп, 220 адам белгісіз аурумен ауырған болатын. Олардың 34 ауруханада көз жұмды. Міне, осы сәттен бастап ғылымда легионеллез ауруы айтыла бастады.


Mezgil.kz 

 

 



Ұқсас тақырыптар