Қытай Ресейден Қиыр Шығысты тартып алуға қамданып жатыр....

«Жыланды үш кессең де кесірткелік әлі бар» деген қанатты сөз Ресейге қаратыла айтылғандай. Патшалық Ресей де, Қызыл Ресей де мыңдаған жылдық тарихы бар империя һәм алып көршісі Қытайды көзге ілмей келді.

1695800218696855.jpg

Қытай тіпті, Ресейге еліктеп, марксизм иедеясын өмірлік мұрат етті. Шағын соғыстарда КСРО-дан жеңіліс тауып, бір кездері Патшалық Ресей түрлі озбыр келісімшарттармен тартып алған жерлері жайында тең күңкілдеп сөз етіп, ішік жарасын сыртқа шығармай келгені жасырын емес. Әлемдік тарих Ресейдің империялық пиғылмен біраз жерін тартып алып, біртұтас Қытай Моңғолиясын қаққа бөліп, өзімен шекаралас халхаларға жеке мемлекет құрып бергендігін де, 1904 жылы Жапониямен соғысқа арқау болған Порт Артур сияқты жерін жалға бергеніндігін де біледі. Қытай бір кезде кеткен есесін қайтармайды дегенге дәл қазір ешкім сенбейтін болды.

Сол кесірткелік әлі бар Путиндік Ресей өзін айдаһардай сезініп жүргенде Қытай Қиыр Шығысты тартып алудың жоспарын жасауға кірісіп те кетті. Жемқорлық жайлаған һәм Украинадағы соғыстан қалжыраған Ресейдің әлсірегенін пайдаланып қалғысы келген Қытай 1860 жылдан бері Ресейдің қолында болған Қиыр Шығысты қайтаруға бел шеше кірісті.

Тарихи деректерге зер салар болсақ, Қытай әлі күнге дейін өзінің бастапқы атауымен «Хайшенвай» деп атайтын 20 000 шаршы мильді құрайтын бұл аумақты Ресей Бейжін келісімінің бөлігі ретінде өз бауырына басқан болатын. Және осы аймақтағы қытай санын азайту үшін этникалық украиндарды қоныстандырғанын тарихтан жақсы білеміз. Осы жолы да Украинадан басып алған жерлеріндегі халықты зорлықпен қоныстандыруды ескі әдетімен қайыра бастап кетті. Сол себепі бұл аймақтағы демографиялық жағдай да күн өткен сайын өзгеруде. Керек десеңіз қытайлар бұрынғы өз аймағын бір оқ шығамай халық нөпірімен жаулап ала алатыны күн өткен сайын айқын бола түсті. Бұны қазақ «Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп, сақалынан айырылыпты» дейді. Ресейдің сақалынан айырылуының басты нышаны – тап осы Қиыр Шығыс болғалы отыр. Бұны саяси сарапшылар Ресей империясының күні өткендігі деп бағалап отыр.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар