Фотошолу: «Орыс әлемінің» ойраны һәм Бахмут қанды қырғыны

Қазақта «Есі кеткен айғыр Енесіне шабады» деген ұлағатты сөз бар. Осы сөздің бір мысалы Ресейдің «Русь мемлекетінің таған тасы – Украинаға» баса-көктеп соғыс ашуы болды.

1695888411222537.jpg

Бұл соғыс «Орыс әлемі» идеологиясына сызат түсірді. Беларусь пен Қазақстандағы орыс тілділер мен этникалық орыстар әрі-сәрі күйде қалды. Бұны бабаларымыз «Сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңе болайын» дейді.

Соғыс Ресейге де, Украинаға да орны толмас қайғы-қасірет әкеліп жатыр. Бәрін айтта бірін айт дегендей, тек қана осы соғыста әлемге аты жайылған Бахмут шайқасын сөз ететін болсақ, көз алдымызға Бахмут пен оның маңындағы Клещеевка мен Андреевканың сұрықсыз суреті келеді.

Тарихта 10 айға созылған «Бахмут қанды қырғыны» деген атпен қалған бұл елдімекеннің 75 мың тұрғыны үйсіз-күйсіз, далада қаңғырып қалды. Өткен жылдың 20 маусымында қалаға тіке шабуылды бастаған Ресей басқыншылары 21 маусым күні: «Біз қаланы алдық», - деп әлемдік БАҚ бір шулатып алды.

Сол кезде, яғни, 21 маусымда Хиросимада өткен G7 саммитінде болған Владимир Зеленский: «Бахмутты Ресей Федерациясы толық басып алған жоқ», - деп кесімді жауап берді. Евгений Пригожиннің «Вагнері» осы бағытта етігімен қан кешіп, талай мәрте бұл қаланы алғанын мәлімдеуден танбады.

Қайсар украиндар өз қаласын саны басым жауға беріспей 10 айдай қорғады. Бұл қорғаныс 224 күнге созылды. Осылайша Украина ҚК жаудың алға басуын мүлдем тоқтатып, өздерінің қарсы шабуылы үшін тыныстай алды. 70 мың Ресей әскерінің басын жұтқан қырғын осылайша толас тапты десек те, украин жағы өздеріне тиімді биіктіктерде орналасып, қала маңындағы басқыншылар әскеріне маза бермеуде. Әрі көп кешікпей жауға кеткен жерін қайтарып алатын қауқары барлығы қазір белгілі болып отыр.

ФОТОШОЛУ: СОҒЫС ЖҰТҚАН ҚАЛА - БАХМУТ, КЛЕЩЕЕВКА ЖӘНЕ АНДРЕЕВКА

1695888138420854.jpeg

1695888164476686.jpeg

1695888193627541.jpeg

1695888224620823.jpeg

1695888261271224.jpeg

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар