Ресей ақырғы айласына көшті: Батысты тежеу үшін, ядролық сынақ жасайық!

Украина майданындағы жағдайы күн өткен сайын кісіқызығарлық күйден кетіп бара жатқан Ресейдің әскери һәм саяси басшылығы әлемді енді ядролық қарумен қорқытуды жөн деп тапқан секілді.

1695986009351439.jpg

2019 жылдың 24 желтоқсанында Ресей қорғаныс министрлігінің кеңейтілген отырысында президент Владимир Путиннің: «Бүгінгі күні біздің жаңа да, заманалық таримхымызда ерекше жағдай қалыптасып отыр: басқалар бізді қуып жетуге тырысатын болды. Қазіргі таңда әлемнің бірде бір елінде гипердыбыстық қару жоқ, ал континентальдық қашықтықтағы гипердыбыстық қару-жарақты турасында сөз етпей-ақ қоялық», - деп мақтанғанын және: «Батыс бізді КСРО сияқты жанталаса қаруланудың жолына түсірмек, біз оған аттап баспаймыз», - деген дөңайбатын әлем жұртшылығы ұмыта қойған жоқ. 

Енді Украинада жүні жығылған шақта Путиннің досы «Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығының жетекшісі Михаил Ковальчук Батыс елдерінің Ресейге барған сайын «тым көп агрессия көрсете бастағанын» алға тартып, «оларды қорқыту үшін»  жаңа жерде ядролық сынақ жүргізуге ашық шақырды.

«Курчатов институты» ұлттық зерттеу орталығының жетекшісі Михаил Ковальчук: «1961 жылы КСРО АҚШ-тың агрессиясына жауап ретінде әлемдегі ең қуатты «Царь-бомба» термоядролық бомбасын сынақтан өткізген кезде  америкалықтар тәубесіне келген болатын», - деп өткен күндердегі КСРО құдіреті мен бүгінгі Ресей құдіретінің арасы жер мен көк екенін ескермей сөйлепті.

Ковальчукті шабынан түртіп бұлай көкітіп отырған жайт ақпан айында Ресей президенті Владимир Путин федералдық жиында жасаған жолдауында егер АҚШ ядролық қару сынаса, Жаңа жердегі полигонды ядролық қару сынауға дайындауға нақты тапсырма бергендігі.

Олардың жаруы мен жармауы АҚШ пен Батыс үшін еш мәнді емес, тек Ресейдің арты ашылып, ақшасы шашылады. Бар болғаны сол. Бірақ бұған Қытай анық жол бермейді. Себебі ядролық жарылыс ол көзін тігіп отырған Антрактида құрылығы мен бауырына басқалы отырған орыстық Қиыр Шығысқа экологиялық апат әкеледі. Сол себепті көптеген саяси сарапшылар Ресей «әттең тонның келтелігін» ескермей отыр дейді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар