Израиль: Біз тоқтамаймыз! Газаны үйіндіге айналдырамыз!

Израиль-Палестина қақтығысы өткен ғасырдың 40-жылдарынан бастау алады. 1947 жылдың, 29-қарашасында БҰҰ Палестинаны екіге бөлетін қарар қабылдап, екі мемлекет құрылатын жариялады. Ал 1948 жылы Израиль мемлекеті құрылды. Оған көптеген араб елдері келіспей, Израиль мемлекетін жау деп атады. Сол кезеңнен бері араб-еврей соғысы жалғасып келеді. Екі тарап та аталмыш аймақты өздерінің тарихи жері санайды, ал ең басты қарсыласу ошағы Иерусалим қаласы саналады. Оны арабтар да, еврейлер де «қасиетті қала» деп атайды. 1993 жылы Норвегияда тараптар кездесіп, ұзақ жылдық қақтығысты тоқтатуға келісті. 1994 жылы Палестина Ұлттық Автономиясы құрылды. 2012 жылы ол Палестина мемлекеті статусына ие болды. Алайда бұл тараптар арасындағы қақтығысты тоқтата алмады. Бүгінгі қақтығыс сол аяқталмаған соғыстың жалғасы.


Россияне в плену ХАМАС и полная блокада сектора Газа. Третий день войны в  Израиле - Газета.Ru

 

Шайқас Газа секторында болып жатыр. Палестина 1948 жылдан бері көп жерінен айырылып, Израиль оккупациясына ұшырады. Қазіргі уақытта Палестина бір-бірімен шектеспейтін екі аймақтан тұрады. Олар Газа секторы және Иордан өзенінің батысындағы Палестина. Екеуінде екі түрлі билік отыр және бір-бірімен пікірлері келіспейді. 2006 жылы Газа секторында ХАМАС ұйымы мен ФАТХ ұйымы билікке таласты. ХАМАС жеңіске жетіп, ФАТХ Иордан өзенінің батысындағы Палестинаға ығысты.

 

Газа аймағындағы ХАМАС Израильмен үнемі соғыс жүргізіп келеді, ал Иордан өзенінің батысындағы Палестина Израильмен соңғы он жылдықта ауқымды қақтығысқа түскен емес. Газа аймағына су, электр жарығы негізінен Израильден келеді. Ендігі таңда Израиль су, жарық беруді толық тоқтатты. 9-қазан кешкісін Израиль Газаға жарық пен су беруді біржолата үзіп тастады.  Осылайша Газа аймағындағы 2,5 млн адам өте қиын жағдайда қалды.

 

Халықаралық қауымдастық бұл әрекетті әлі айыптаған жоқ. Алайда бірқатар ел басшылары өз пікірлерін білдіруде. Түркия президенті Ердоған: «Су мен жарық беруді тоқтату, азық-түлік кіргізуге жол бермеу нағыз адам құқығын таптау, барлық шарттарға өрескел қайшы келетін әрекет. Жылдам арада халықаралық ұйымдар араласып, жағдайды реттеуі тиіс», - деді. Катар мен Мысыр болса тараптар арасындағы ұрыс қимылдарын уақытша тоқтатып, тұтқын және мүрде алмасуға шақыруда.

 

Израиль премьері Нетаньяху ел халқыны үндеу жариялап, ХАМАС-ты толық жоятынын, Газа аймағын үйіндіге айналдырып, Израиль тарихында болмаған соғысты жасайтынын айтты. Израиль телеарналары халыққа су, азық-түлік алып, бомбадан сақтану аймақтарына баруды ескертуде.

 

Қазіргі уақытта Израиль Газа аймағын үздіксіз бомбалауда. Операция салдарынан 700-ден астам адам қаза тапқан, ал жаралылар саны 4 мыңнан асады. Израильдің өзінде соғыстан опат болғандар саны 900-ден асады. 2400-ге жуық адам жарақат алған.

 

Израиль ХАМАС-пен келісімге келуден бас тартып, құрлық операциясын өткізуге шешім қабылдады. Газа аймағындағы халыққа үндеу тастап, Мысырға кетуге шақырды. Жалпы Газа секторы батысында Жерорта теңізімен, солтүстік және шығысында Израильмен, ал оңтүстігінде Мысырмен шектесіп жатыр. Газаның Мысырмен шекарасы 18 шақырымды құрайды. Егер Израиль әскері осы бір тұсты алатын болса, онда Газа аймағы толық қоршауда қалмақ.


Mezgil.kz

 

 

 

 

 

 

 

 



Ұқсас тақырыптар