Ресей - қарттар елі: Оны сыртқы жау емес, бала тумайтын әйелдер күйретеді!

Демографтар: «Орыс халқының жойылу үдерісінің тез жүріп жатқаны соншалық, алдағы 20 жылда ол қарттар еліне айналады», - деп мәлімдейді.

1698140304415108.jpg

Алдағы 20 жылда Ресейде жылына орта есеппен 500 000-нан астам адам өледі. ХХІ-ші ғасырдың екінші жартысына соңғы 70 жылдағы ең төмен халық саны тіркеледі.

Бұл туралы Ресейлік БАҚ-тар 2020 жылғы халық санағын ескере отырып құрастырылған «Росстаттың» жаңа демографиялық болжамына сілтеме жасайды. Осылайша, таяудағы 20 жылда, яғни, 2046 жылға дейін Ресей өлім-жітім туу көрсеткішінен асып түсетіндіктен, 13 миллионға жуық адамға кемиді. Ресейде депопуляция процесі қарқын алуын жалғастыруда, осыған Путин қарсы тұрмақ болғанымен, еш дәрмен қыла алмады.

Соңғы 10 жылда Ресейде халық санының төмендеуі 3 миллион адамнан асып түсті.  Аталған процесс Қырымды басып алғаннан кейін тым жеделдетілген қарқын ала басталды. Осы орайда демографтар Ресей халқының жойылу процесінің үдей түсуі, оны қарттар еліне айналдырады деп дабыл қағуда. 2040 жылдардың басына қарай елдегі балалар мен жасөспірімдер саны 26 %-ға – 27,2-ден 20 миллионға дейін, ал олардың Ресейдің халқы арасындағы көрсеткіші 18,5 %-дан 14,2 %-ға төмендейді.

Зейнеткерлердің үлесі керісінше, 2046 жылы 24,5 %-дан 26,9 %-ға дейін өседі. Осыған қатысты экономикалық сарапшы және блогер Анатолий Несмиян Ресейде Путиндік режимнің бұған тосқауыл болуы мүмкін еместігін:

«Халық санының азаюы белең алған кезде адамдарда сенімділік, қауіпсіздік және тыныштық сезімі болған кезде ғана ел халқының санын көбейту туралы сөз қозғауға болады. Қазір адамдар белгісіз себептермен өлуден басқа өздеріне ешқандай жарқын болашақ көрмейді. Әр ұлт өкілі өлім үшін тумайды, өмір үшін туады, бірақ бұл режим өмірге уәде де, кепілдік бермейді. Тек қана өлімге кепілдік береді, ал өлімге шақыру, жалпы өшпенділік пен зұлымдық мемлекеттік идеология мен үгіт-насихаттың негізгі бағыты болып табылады», - деп ашып айтады. Сарапшының пікірінше, Ресейліктердің жойылу жағдайы Путин режимі өмір сүргеннен кейін өзгереді.

«Демек, әзірге бәрі бизнес. Режим өзгереді – мақсаттар өзгереді, елге, адамдарға деген көзқарас өзгереді – демографиялық үрдістер де өзгеретіні сөзсіз. Әзірге бұған негіз жоқ және болуы мүмкін емес. Осындай өмірі өксікке толы жерде халықтың еш көбейгісі келмейді», - деп жазады.

Ресейді сыртқы жау емес, оның бала туу жасындағы әйелдерінің жатырының бітелуі күйеретеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар