Рогозин: Украина қаласын ғарыштық зымыранмен өртеп жіберейік!

Неміс басылымы BILD Ресейдің Киев қаласына ғарыштық зымыранды құлату жоспары болғанын жария етті. «Роскосмос» компаниясының бұрынғы директоры Дмитрий Рогозин Ресей президенті Владимир Путинге Украинаның ірі қалаларының біріне ғарыштық зымыранмен соққы жасау ұсынысын айтқан.


Под Харьковом горит склад боеприпасов - Газета.Ru

 

Бұл туралы ойын Рогозин «Прогресс» ғарыштық-зымыран орталығының бас директоры Дмитрий Барановпен телефон арқылы сөйлескен сөзінде жеткізген. Неміс басылымы телефон жазбасын жария етті.   

 

BILD ақпаратына сәйкес ғарыштық зымыранды Украина қалаларының біріне құлату жоспары Рогозин мен Баранов арасында 2023 жылдың басынан бастап талқыға түскен. Саясаткерлер зымыранды әскери ғарыш айлағы саналатын Плесецкіден ұшыру ең дұрыс нұсқа болады деп шешім қабылдапты. Баранов зымыранды ұшыру сәтінде бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін екенін ескерткен. Ол ғарыштық зымыран ішіне салынатын бомбалар мен өзге де жарылғыштар ғарыштық зымыран әуе кеңістігіне аса жоғары жылдамдықпен көтерілген сәтте ысып, қызып кетуі мүмкін екенін айтқан. Рогозин бұл мәселені шешу үшін ғарыштық кеме мен зымырандарды құрастырушы Юрий Соломоновпен кеңесетінін мәлімдепті.  

 

Рогозин кеме ішіндегі бомбалар мен жарылғыштардың қызып кету мәселесін кеме құрастырушылармен келісе отырып, мәселені шешкенін айтып, Барановтан ғарыштық кемені ұшыру операциясына қанша уақыт кететінін сұраған. Ол кемі жарты жыл уақыт кетуі мүмкін деп жауап қатқан.

 

BILD басылымының жазуынша Рогозинннің жоспарын Ресей президенті әкімшілігінің басшысы Антон Вайно Путинге жеткізген. Путин 16 қаңтарда жоспарды алған, алайда Рогозинге қандай жауап қатқаны белгісіз.  

 

Рогозин «Роскосмос» басшылығы қызметінен 2022 жылдың маусымында кетті, ал 2023 жылы оккупациядағы Запорож облысының заң шығару кеңесінің сенаторы қызметіне тағайындалды. 2022 жылдың желтоқсанында Рогозин Донецкте зымыран соққысынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылған еді.


Mezgil.kz

 

 

 

 

 

 

 

 



Ұқсас тақырыптар