Қоршауда қалған Газадағы қанқасап: Израиль не дейді, ХАМАС не дейді?

Газа қаласында 640 мың адам тұрады. Бұл осы аумақтағы барша тұрғындардың 35%-ын құрайды. Израиль тарапы аталған қала ХАМАС-тың барша тірлігінің ордасы деп уәждап келеді. Аталған топ осы қалада жер асты жолдарының өте күрделі инфрақұрылымын тұрғызып үлгерген. Сол арқылы шабуылдап та, жасырынып та үлгеруде.

1699002786575589.jpg

ЦАХАЛ-дың штаб бастығы Герци Халеви бейсенбі күні Израиль армиясының Газа қаласын қоршай бастағанын хабарлаған еді. Енді міне, жұмада Израиль армиясының қорғаныс өкілі Дэниэль Хагари Израильдің құрлық әскері Газа қаласын толықтай қоршауға алғанын және қалаға кіре бастағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Газа секторын бақылауында ұстап отырған Құдыстың радикалды тобы ХАМАС бейбіт келісімге келуге пейіл танытпағандықтан, дәл қазір атысты тоқтату мүмкін емес.

«Біздің әскер ХАМАС лаңкестік ұйымының орталығы Газа қаласын қоршауды аяқтады», - деді Израиль қорғаныс армиясының өкілі Даниел Хагари. Израилдің пайымдауынша, ХАМАС содырлары израилдік әскерге оқ ату үшін қаланың жер асты туннельдерінен шығып, кейін жер астына қайтадан шегінеді.

Газа секторындағы БҰҰ ашқан төрт мектеп соңғы кезде атыс пен бас сауғалайтын панаға айналған. БҰҰ құдыс босқындары істері бойынша агенттік Джабалия лагерьінде бас сауғалаған 20 адам ажал құшты деп мәлімдеді. Осы жер үсті кеңейтілген шабуылдары барысында 20 Израиль әскери қызметшісі қаза тапты.

Міне, осындай мәлімдемелерден кейін, бейсенбі күні Газа секторын 400-ге жуық шетелдіктер мен жаралы болған құдыстықтар тастап шықты. Олардың бәрін ұрыс даласынан алып кету Мысырмен шекарадағы жалғыз бақылау және өткізу бекеті «Рафах» арқылы жүзеге асты. ХАМАС шетелдіктерді Газадан шығаруға дайын екенін хабарлап, Мысыр шекарасы арқылы қос азаматтығы бар және жаралған 600 адамының тізімін жариялады. Олардың ішінде Америка, Жапония, Австрия, Чехия, Финляндия, Австралия, Болгария, Индонезия, Иордания азаматтары бар. ТМД елдерінің және ОА азаматтары бұл тізімде жоқ.

Мысыр СІМ-і ел астанасы Каирде аталған аймақтан жеті мың шетелдікті шығару үшін жұмыс істеп жатқандарын тілге тиек етті. Эвакуацияның бірінші күні, яғни, 1 қарашада Газадан 350 шетелдік пен 80-ге жуық жаралы құдыстық шығарылды. Жарлылар әзірше шекаралық өткізу бекетіне жақын жердегі Мысыр территориясындағы дала емханасында орналастырылды.

«Reuters» агенттігі Израиль жағы Еуропа елдерінен Газа секторын тастап шығуға рұқсат етілген жараланған құдыстықтар үшін кеме-емханасын жіберуді өтінген. 2 қарашада «Рафах» арқылы 45 жүк машинасы гуманитарлық көмек жеткізді.

Израильдің телеграм арналары Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин қаласына да ЦАХАЛ бөлімшелерінің кіргенін хабарлады.

Бүгін, яғни, 3 қараша күні Израилге іс-сапармен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келді. «The New York Times» Энтони Блинкен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды соғыс қимылдарын аз ғана уақытқа болса да тоқтата тұруға шақырмақшы деп жазады.

«Темір қылыш» операциясы басталғаннан бері ХАМАС бақылауындағы Газа Денсаулық сақтау министрлігі 10 мыңнан аса адам қаза тапты, оның басым бөлігі әйелдер мен балалар деп дабыл қақты.

«Bloomberg» мәліметіне сүйенер болсақ, АҚШ пен Израиль соғыс біткенннен кейін секторға көпұлтты әскери күштерді кіргізуді қарастырып отырған жайы бар. Олардың ішінде АҚШ әскерилері де болуы бек мүмкін.

Бұл көпұлттық әскерлер тек мұсылман елдерінің қосындарынан тұрса, енді бір нұсқада таушығыстық даулы өңірлерде АҚШ, Британия, Франция және Алмания әскері ғана орналасуға тиіс деп көрсетілген.

«Al Arabia» арнасы осы соңғы нұсқаға Мысыр қарсы шығып, болашақта Газа секторын онда орналасқан Батыстың әскеріне арқа сүйейтін халықаралық және израильдік басқаруға келіспейтіндігін бідірді.

Осы соғыс басталғаннан бері Израиль жағы 2000-нан аса адамынан айырылса, Газа секторында қаза тапқандардың саны 9000-нан асты, тап осы араб-израиль дауында еврей тарапынан 5000 адам, арабтар жақтан 32 мың адам, оның 5300 балалар түрлі деңгейдегі жарақат алды.

Израиль Қорғаныс Армиясы (ИҚА) Газа секторын, оның ішінде Газа қаласын толық қоршауға алдық десе де, оның анық-қанығына ешкімнің көзі жетпеуде. ИҚА жағалау аймағындағы соғыс қимылдарын ғана жариялауда, ХАМАС болса, Зейтун ауданның шығысында ұрыстар болып жатыр деп хабарлайды. Еврейлер сектордың солтүстігінде 5 шақырым ғана алға жылжи алған. Дәл бүгін Аль-Халидия мешіті маңында қиян-кескі шайқас орын алуда.

Осыған дейін Газаны толық қоршадық деген ИҚА оңтүстіктегі Салах эд-Дин тасжолында еврейлер айтарлықтай басымдыққа ие бола алған жоқ. Осы орайда араб елдерінің БАҚ-тары секторды толық қоршай алмаған ЦАХАЛ оның солтүстігін оңтүстігінен бөліп тастау үшін, теңізге шығу үшін барын салуда деп жазады.

Израиль өз кезегінде тамаша жеңіске қол жеткзіп жатырмыз, оңтүстік пен солтүстікті жалғастыратын барша жолдар біздің қолымызда десе, өз кезегінде ХАМАС басшысы соңғы 48 сағатта ЦАХАЛ-дың танк батальонын (6 танк, екі БТР және бульдозер) жойып жібердік деп мәлімдеді.

Ливан бағытында «Хезболла» ЦАХАЛ-дың тірек пунктеріне зымыран соққыларын жасаса, құдыстық аль-Кассамның жергілікті бөлімшелері Кирьят Шмонды зымыранмен атқылады. Нәтижесінде бейбіт тұрғындар арасында адам шығыны бар.

Ливандық «Хезболла» басшысы Хасана Насралланың Израиль әскерін Газа секторынан шығаруға қойған ультиматумы бүгін 15:00 бітеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар