Өзбек пен Қырғыздың қылмыс әлеміне күресі: Саакашвили мен Назарбаев мысалы...

КСРО-ның посткеңестік елдерге қалдырған мұрасы – «заңдастырылған ұры». Орысшасы – «Вор в законе». Бұл барша бұрынғы Одақтас республикалардың ғана емес, Батыс пен АҚШ-тың бас ауруына айналғаны жасырын емес.

1701682871942401.jpg

Батыс пен АҚШ бұны – «орыс мафиясы» деп атайды. Және осы ұрылар тілінде сөйлейтіндер оны «орыс әлемінің» екінші ресми тіліне айналдырып, «қылмыс роматикасымен» миллондардың санасын улап жатыр. Осы фенде сөйлеушілер Путиндік Ресейдің өзін ешқашан сатпайтын, айтқанын екі етпейтін нағыз жандайшабына айнала білді. Тура бір кезде ақ патшаның казактары сияқты, түрлі ұлыс пен нәсілден тұратын этникалық жаңа орыстар өмірге келді.

1701682515959626.jpg

ГҮРЖІСТАННЫҢ КҮРЕСІ...

Кеңес Одағы тарап, бұрынғы коммунистер оның идеясынан бас тартса да, «заңдастырылған ұрылар» ерекше каста ретінде КСРО мұрасын «барлық елдердің қылмыскерлері бірігіңдер» деп, әлі тірі сақтап отыр. Оларға қарсы ең алғаш күресті Гүржістан ашып, үлкен жетістікке қол жеткізді. Бұны АҚШ пен Батыс ескеріп, «Гүржі тәжірибесін» бұрынғы ТМД елдеріне таратып, Балтық бойын осы қоқыстан тазарта білді.

Отандық БАҚ бұған дейін Қырғызстандағы қылмыс серкелерінің КСРО идеалы – «заңдастырылған ұрыдан» бас тартуын кеңінен жазғанын жақсы білеміз.

1701682559283591.jpg

ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ КҮРЕСІ...

Қырғыздардың өз елін «заңдастырылған ұрылардан» тазартуының ар жағында не жатқанын ТМД сарапшылары өз ортасында сөз етуде. АҚШ пен Батыс Орталық Азия елдеріне қатысты алыстан ойластырылған «мүдделік одақтастық емес, аймақтық әріптестік» жобасының Ресейдің «орыс әлемімен» жасырын күресінің бір тармағы деген сыбыс соңғы кездері жиі айта бастады. Және Батыстың экономикалық көмегі һәм түрлі жеңілдіктері тек «заңдастырылған ұрылардан» арылған салаларға беріледі деген әңгіме де жасырын емес. 

Қырғыз бен Өзбек бизнесі Қазақстан сияқты түрлі этникалық топтардың емес, керісінше тек титулды ұлттың белгілі бір тұлғаларының ғана қолында. Сондықтан Қырғызстан мен Өзбекстан өз бизнесінен қылмыстық топтарды шеттеткен Назарбаевтық отбасыдан үлгі алуға тиістігі де ескерілуі қажет.

1701682617676584.jpg

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОЛЫ...

Назарбаевтың отбасылық бизнес империясы Қазақстанды қылмыстық топтардың өзара бөлісінен сақтап қала алды. Қазір Қазақстан жаңа бизнес бөлініске көшті. Ол – Назарбаев кланынан оның қолындағы барша бизнесті қайыра тартып алу үшін жүргізіліп жатқан күрес. 

Енді қос көршіміз де «заңдастырылған ұрылар» бизнесін мемлекетке тартып алудың алғашқы фазаларын бастан кешуде. Назарбаев пен Гүржістанның қылмыстық топтармен күресу амалын Батыс пен АҚШ ескеріп, олардың эмиссарлары қазақ пен гүржі тәжірибесін ОА елдеріне таратуда.

Бізде Назарбаевтарға қарсы гүржі тәжірибесі қолданыла бастады. Оның қазақ үшін не берерін болашақ көрсетеді.

1701682682734088.jpg

ӨЗБЕКСТАН КҮРЕС БАСТАДЫ

Енді Өзбекстанда орын алған соңғы зор оқиғаға тоқталайық. Жұрт «Салимбай», «Салимбойвачча» атандырған «ззбек мафиясының бастығы» Салим Абдувалиевтың ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Салим Абдувалиевті өзбек тәртіп сақшылары Ташкенттегі үйінде құрықтаған.

Естеріңізде болса, Салим Абдувалиев ТМД-дағы ең танымал меценат және филантроптардың бірі ретінде жұртқа жақсы таныс болған. 1997 жылдан бастап Салим Абдувалиев Өзбекстанның спорттық күрес қауымдастығын басқарып, 2017 жылдың қаңтарында Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды.

Салим Абдувалиев ұсталғаннан кейін денсаулығы күрт нашарлап бірден ауруханаға жеткізілген. Бірақ өзбек сақшылары оның үй қамаққа шығып кетпеуінің алдын алып, оны Ташкенттегі ішкі істер басқармасына жеткізген. Өзбектер бір бұнымен тоқталып қалмайды.

Ендігі кезекте «Гафур Черный» лақап атымен белгілі тағы бір кәсіпкер Гафур Рахимов. Оған іздеу жарияланып үлгерді. Ол Өзбекстаннан қашып кеткен немесе ел ішінде жасырынып жүр деген болжамдар да жоқ емес.

ТМД мен жаһан жұртшылығы өзбектер, қырғыздар сияқты өз экономикасынан қылмысты элементтерді отап тастай ала ма деген ойға қалуда. Қос елдегі қылмыспен күрес қай елде жақсы нәтиже берерін уақыт көрсетеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар