Путин келіссөзді ойлап жүр ме, Еуропаға жорықты ойлап жүр ме?

Жарық күндегі найзағай «The New York Times-тың» Путин Украинадағы соғысты «тоқтату» бойынша келіссөзге дайын деген мақаласы болды.

1703511755437657.png

«Былтыр қыркүйекте Украинаның сәтті қарсы шабуылынан кейін Путин қазіргі майдан сызығында әскери қимылдарды тоқтату бойынша келіссөздерге ыңғай білдіре бастағаны белгілі болған-тын. Ресей Херсоннан айырылған сәттен бастап, майдандағы жағдай күрт өзгерді. Ресейге бұдан ары Украинаға қарсы шабуыл жасамақ түгіл Бахмутты зор шығынмен алып, өзінің дәрменсіздігін тағы бір мәрте танытты. Бұған керісінше Украина жауынгерлері оңтүстікте алға жылжыды», - деп жазады басылым.

Сонымен, Кремльдегі осы жағдайдан хабардар, бірақ аты-жөні айтылмаған Ресей өкілдеріне сүйенген басылым, Путин «тәуекелді азайтуға» тырысып, өзі күткеннен де әлдеқайда созылып кеткен соғысты аяқтаудың түрлі амалдарына дайын екенін алға тартады.

«Бұлай болатыны Украина тарабы Путин айтқан шарттармен бітім жасауға құлық танытса, Ресей Президенті өзінің «арнайы әскери операциясы» түпкі мақсатына қол жеткізбесе де, жаулап алған жерлерін ауызға ала отырып, жұрт алдында «жеңіске» жеткені туралы мәлімдеуге тастүйін дайын», - дейді оның маңындағылардың пікіріне сүйенген басылым.

Бірақ бұл қадамға Украина жағы әсте бармайтыны белгілі.

«BILD» басылымы бұған керісінше, Ресей 2024/25 жылдардың қысында Еуропаға соққы жасамақ»» деген хабардың шетін қылтитты. «Путин еліндегі сайлауға қатысты әлемдік саясаттан бір сәтке арқасы босаған АҚШ-тың «басшысыз қалған» сәтін пайдаланбақ», - дейді аталған басылым.

Бұл орайда «BILD» басылымының айтпағы – Путин соңғы солдаты қалғанша шайқаспақшы. Және Ресейлік саяси һәм әскери басшылық өздерін қазір Украинамен емес, НАТО-мен соғысып жатырмыз деген пікірде.

Еуродипломатиясының басшысы Жозеп Боррел «The Guardian» басылымына берген сұхбатында:

«Ресейдің жетістігі соғысқа адамды көбірек тартуына байланысты. Біз қазіргі ұстанып отырған бағытымызды өзгертпесек, қолдағы барша мүмкіндігімізді сарқа жұмасамайтын болсақ, онда Путинге Украинадағы соғыста жеңіске жетуіне мүмкіндік беріп аламыз», - деп, атап көрсетеді.

Боррел осы пікірін былайша түйіндейді: «Ресей ешқашан өзгелер сияқты жұрттың пікіріне құлақ асқан жоқ. Ол ұлт бола алған жоқ. Керісінше ешкімнің пікірін ескергісі келмейтін империя болып қала береді».

Міне, осыны ескерген көршілес елдердің бірі – НАТО-ның, енді бірі – Еуро Одақтың құшағына енді. Осы екеуінен қиырда жатқан Қазақстан қайдан сая таппақ!? Ешкімнің пікіріне құлақ аспайтын, ОА көршілерін жартылай отарым деп санайтын Ресейден қайыр күту ақымақтық.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар