Газадағы қанқасап: Мысырдың бейбіт келісіміне ХАМАС пен Израиль не дейді?

ХАМАС пен Израиль арасындағы дүбәрә соғыс Араб елдеріне сыртқы саясаттағы өз ұстанымдарын өзгертіп, не Батысты, не Құдысты қолдаудың қатаң талабын қоя бастады. Әзірге Араб лигасы елдері арасынан белсенділік танытып отырғандары – Катар мен Мысыр ғана.

1703579780601649.jpg

Тек Катар мен Мысырдың ғана құлық танытып отырғанын сарапшылар «Батыс бизнесіне бастары байлауы болмауынан» деп санайды. Осы Батыс бизнесіне басының байлаулы болмауы Мысырға ХАМАС пен Израиль арасындағы ұрысты тоқтату туралы келісім жобасын ұсынға мүмкіндік берді.

1703579489992049.jpg

МЫСЫРДЫҢ ҰСЫНЫСЫ

Мысыр соғысушы қос тарапқа ұрыс қимылдарын үш кезең бойынша тоқтатуды ұсынып отырған жайы бар. Енді соны тарқата айтатын болсақ:

Бірінші кезең - гуманитарлық кезең. Тараптар 2 аптаға ұрыс қимылдарын доғарады. Бұл кезеңде ХАМАС 40 Израиль тұтқынын, ал Израиль 120 Палестина тұтқынын босатуы керек. Олар: Әйелдер, балалар, мен қарт кісілер болады.

Сондай-ақ, бұл кезеңде Газа секторына азық-түлік, жанармай мен медицналық көмектер жеткізіледі. 

Екінші кезең - Газаны бақсаратын органды анықтау. Осы кезеңде Газаны басқаратын Үкімет жасақталуы тиіс. 

Ал үшінші кезеңде екі тарап та ұрыс қимылдарын толық тоқтатады.

1703579530671718.jpg

ХАМАС НЕ ДЕЙДІ?

Әр тарап соғыстан кейінгі саяси-экономикалық жағдайды өздерінше тұжырымдай бастады. Енді соларды қысқаша сөз ете кетейік. Сонымен ХАМАС...

ХАМАС исламшыл қозғалысының көшбасшысы Исмаил Хания бұған дейін Мысырда келіссөздер жүргізу үшін өз делегациясымен болған. «Aschark News» хабарлағандай, ол сенбі күні Катарға қайтып оралды. Хабарларға қарағанда, ХАМАС-тың қуғында өмір сүріп жатқан саяси басшылығы қазірдің өзінде Газа, Джихия Синвар және Мохаммед Дейф секторларындағы ХАМАС-тың екі көшбасшысымен бірге, соғыс аяқталғаннан кейін Газа мен Батыс жағалауды қалай басқаратыны туралы келіссөздер жүргізуде.

Дәл осы Исмаил Хания осыған дейін: «Израиль ұрыс қимылдарын, әскери операциясын толық тоқтатпайынша, ешқандай келіссөз болмайды», - деп кесіп айтқан.

ХАМАС-тың шетелдермен байланыс бойынша өкілі Әли Барак та: «Израиль ұрысты толық тоқтатпайынша, ХАМАС тұтқын алмасу туралы ешқандай келіссөз жүргізбейді!», - деп нүктелеген.

1703579583285588.jpg

ИЗРАИЛЬ НЕ ДЕЙДІ?

Израиль премьері Нетаняху бейбітшіліктің үш талабын алға тартып отырған жайы бар. «WSJ-ге» берген сұхбатында Израиль премьері Нетаняху Газадағы ұрыс туралы бүйдейді:  

1. ХАМАС-тың көзін жою;

2. Газаны қарусыздандыру;

3. Палестина қоғамын де-радикалдандыру.

«ХАМАС-тың көзін жою идеясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және көптеген өзге мемлекеттер қолдайды.  Біздің мақсатымыз - ендігіде Газаны Израильге шабуыл жасайтын базаға айналдыруға мүлде жол бермеу!  Ол үшін Газаны айнала қоршай, уақытша қауіпсіз аймақ құру керек.  

Палестина қоғамын өзгерту керек. Олар террорды қаржыландырушы емес, террорға қарсы қоғам болып қалыптасуы керек. Ол үшін ержүректілік пен моральдық төзім керек! ХАМАС-тың көзі жойылып, Газа қарусызданып, қоғам радикалдық көзқарастан арылған күннен бастап, Газаны қалпына келтіру басталады. Сонда ғана Таяу Шығыста ұзақ уақыттық бейбітшілік орнайды», - дейді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар