Ким Чен Ын өте қатаң шешім қабылдады: Қос Корей тағы да соғысады

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Солтүстік және Оңтүстік Корейді біріктіруге өзара бейілділігін білдіретін «Қайта қосылу аркасын» бұзуға шақырды.

1705478109863286.jpeg

Ким Чен Ын Солтүстік Корейдің жоғарғы халықтық жиналысына үндеу жасай отырып: «Оңтүстік Кореймен ынтымақтасу мүмкін емес», - деп мәлімдеді. Ол Оңтүстік Корей халқын бұдан былай «отандастар» деп атауға болмайтынын мәлімдеді, сондай-ақ елдер арасындағы барлық байланыстарды үзуге, соның ішінде Пхеньяндағы «Қайта қосылу аркасын» бұзуға шақырды. Екі елдің бірігуіне бағытталған қызметпен айналысатын үш ұйымның жабылатынын хабарлады.

«ҚАЙТА ҚОСЫЛУ ҚАҚПАСЫ»

«Қайта қосылу қақпасы» - 2001 жылы Пхеньянға оңтүстік кіре берістегі Тхоньир даңғылында тұрғызылған және 1972 жылғы 4 шілдеде КХДР мен Корей Республикасының өкілдері қол қойған «Үш Хартия қақпасы» деп аталатын арка түріндегі ескерткіш. Хартияларда Солтүстік және Оңтүстік Корейдің өз бетінше және бейбіт бірігуге деген өзара ұстанымы көрсетілген, сондай-ақ идеологиясына қарамастан ұлттық бірлік белгіленген.

СОЛТҮСТІК КОРЕЙДІҢ СОҒЫСҚА ШАҚЫРУЫ

Ким Чен Ын Солтүстік Корей Конституциясында Оңтүстік Корей мәртебесін «бірінші нөмірлі дұшпандық мемлекет» ретінде бекіту қажеттігін атап өткен. КХДР көшбасшысы Солтүстік Корей соғысты қаламайтынын, бірақ одан қашқысы келмейтінін атап өтті.

Он төртінші шақырылымдағы КХДР Жоғарғы халық жиналысының 10-шы сессиясында сөз сөйлеген Ким Чен Ын: «Оңтүстік Корей КХДР Конституциясында «№ 1 дұшпандық ел және өзгеріссіз басты жау» ретінде қарастырылуы, сондай-ақ соғыс жағдайында Оңтүстікті «толық басып алу» міндетін бекітуі тиіс», - деп мәлімдеді.

«Корей түбегіндегі соғыс жағдайында Корей Республикасын толық басып алу, басу, өзгерту және оны республика құрамына қосу мәселесін ескеру маңызды», - делінген мәлімдемеде.

Құжатта: «Екі Корейдің қазір «өткір конфронтацияда» тұрғаны айтылған және Солтүстіктің Оңтүстікті дипломатиядағы әріптес ретінде қарастыруы елеулі қателік болар еді», - делінген.

Ассамблеяда сөз сөйлеу кезінде Ким Чен Ын Оңтүстік Корей мен АҚШ-ты өңірдегі шиеленістің күшеюіне айыптады. Ол КХДР үшін Оңтүстікпен татуласуға және бейбіт қайта қосылуға қол жеткізу мүмкін болмай қалғанын айтты.

ОҢТҮСТІК КОРЕЙДІҢ ЖАУАБЫ

Бұған жауап ретінде Оңтүстік Корей президенті Юн Сок Ель министрлер кабинетінің отырысында сөз сөйлеп: «Арандатушылық болған жағдайда Солтүстік Корейді бірнеше рет жазалайтынын», - мәлімдеді. Сонымен қатар, ол: «Сеулге қатардағы Солтүстік Корей жұрты емес, Пхеньян режимі қауіп төндіріп отыр», - деді.

Юн Сок Ель Солтүстіктен келген қашқындарды «жылы құшақпен» қарсы алуға шақырды және бірлестіктің министрлігіне «Солтүстік Корей босқындары күнін» құруды, ал Сыртқы істер министрлігіне «Солтүстік Корей қашқындарын жақсы қорғау үшін халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастықты нығайтуды» тапсырды.

Бұған дейін Солтүстік Корейдің басшысы Ким Чен Ын қақтығыс болған жағдайда әскерилерге АҚШ пен Оңтүстік Корейді жойып жіберуге дайын болуға бұйрық берген болатын.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар