Қытай сарапшылары: "Кинжал" зымыраны - тот басқан, өтпес балта іспеттес

Қытайдың әскери сарапшылары Ресейдің гипердыбысты «Кинжал» зымыранын төмен бағалады. Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылы аталмыш зымыранды таныстырып, «әлемде баламасы жоқ және әуе қорғаныс жүйелері қағып түсіре алмайды» деп мақтанышпен айтқан болатын.


Гиперзвуковая ракета «Кинжал» 9-А-7660: история создания, устройство,  технические характеристики | Техкульт

 

Ресей әскері Украинаға басып кірген сәттен бері, әлемнің әскери сарапшылары Ресей мен Украина қолданатын қару түрлерін жіті бақылап келеді. Бұл өзгенің соғысынан сабақ алуға, қандай қару түрі тиімді екеніне және сәйкесінше олардың мүмкіндігіне қатысты тұжырымдар жасауға көмектеседі.

 

Ресей әскері Украина әскерін бірнеше апта ішінде талқандай алмағаны және Киевті қоршап, ала алмауы әскери сарапшылар тарапынан Ресейдің жаңа әскери технологиясына деген күмәнді арттырды. Кремль тарапынан мақтаулы саналатын қару түрлері өзін тиімді көрсете алмады, ал кей қару түрі тіпті бірлі-жарым сәтте ғана ұрысқа қатысты. Мысалы Ресей үздіксіз мақтап, баламасы жоқ теңдессіз танк деп таныстырған «Армата» танктері тіпті соғысқа қатыспады. О баста «20 танк шығарылды» деген ақпаратты да тексеріп жатқан ресейлік сарапшылардың бар-жоғы белгісіз.

 

Әлемдік әскери сарапшылар Ресейдің зымырандарын жіті бақылап отыр. Әсіресе гипердыбысты зымырандарын қадағалау маңызды еді. Өйткені Ресей «тарихта алғаш болып гипердыбысты зымыран шығарып, оны соғыста сәтті қолдана білдік» деп мәлімдеген-ді.

 

2023 жылдың күзінде Ресей сайттары «Қытай сарапшылары «Кинжал» зымыранын аса жоғары бағалады» деген мақалалар жариялады. Алайда 2024 жылдың қаңтарында Қытайдың бірнеше әскери сарапшысы ресейлік «Кинжалға» тәуелсіз баға беріп, оны төмен бағалады.

 

Business Insider басылымы Қытай сарапшылары «Кинжалды»» зымыран емес, «тот басқан, өтпес балта» деп атағанын жазды. Қытай сарапшылары Кинжалдың нысанадан ауытқып түсетінін, тіпті 1970-жылғы Patriot әуе қорғаныс жүйелерінің зымыранды қағып түсіргеніне назар аударған.

 

Қытайдың Ordnance Industry Science and Technology атты әскери журналында Ресейдің гипердыбысты зымыранына қатысты кқдемді сараптама жарияланды. Ал Қытайда қандай да бір ақпаратты жария етуде цензура барын ескерсек, бұл журналдағы сараптаманы билік тарапы мақұлдады десек те болады.

 

«Ресейдің таңғажайып деп аталған зымыранының осалдығына қатысты АҚШ пен Украина тарапы мәлімдеген ақпараттар біртіндеп шындыққа айналып келе жатқандай. Алты жыл бұрын Путин гипердыбысты «Кинжал» зымыранын таныстырған сәтте оны әлемде ерекше маневр жасайтын зымыран ретінде атап өткен еді. Алайда оның маневр жасауын шынайы гипердыбысты зымыранның маневрімен салыстыруға келмейді, ал оның ұшу траекториясы әуе қорғаныс жүйелері үшін атып түсіруге мүмкіндік беруде. Оны Patriot бірнеше мәрте көрсетті. Бұл зымыран гипердыбысты зымыран дегенге қарағанда, ұшақтан атуға болатын «Искандердің» баллистикалық зымыраны деуге жақынырақ. Аталмыш зымыран түрі шындығында айтылған жылдамдықты еңсере алмауда, яғни күтілген нәтижені ақтады дей алмаймыз», - дейді Қытайдың әскери сарапшылары.

 

Қытайдың сарапшылары Ресейдің қару саласының ғалымдары «Кинжалды» жасау барысында басымдықты жаңа қаруға емес, Искандердің үлгісіндегі зымыранды модернизациялап, сипаттама бере салған деген ойда. Ordnance Industry Science and Technology журналы зымыранға Путин геосаяси қақтығыстарда бәс тігіп отырғанын айтады және көптеген осалдық ол бәсте Путиннің жағдайын қиындатуы мүмкін деп топшылайды.


Алғаш рет Украина 2023 жылдың 4-мамырында Кинжал зымыранын қағып түсірді. Артынша зымыранның жылдамдығы сипаттамадағыдан үш есе аз екені белгілі болды. 


Mezgil.kz



Ұқсас тақырыптар