Президенттік сайлаулар: Әлиев «Қаһарман үміткер». Путин ше?

Ресей мен Әзербайжанда президенттік сайлау келе жатыр. Бұл сайлаулардың басты фавориттері - Путин мен Әлиев.

1707130443591371.jpg

Өз мемлекеттерін ұзақ жылдар бойы үздіксіз басқарып келе жатқан бұл екеуі сайлауға «Қаһарман үміткер» ретінде түсіп отыр.

Әлиев Қарабақты қайтарған адам ретінде, ал, Путин «орыс әлемінің» үкілі үміті ретінде. Енді әңгіме ауанын Ресейде қанша үміткер тіркелді, Әзербайжанда қанша үміткер тіркелгені төңірегінде өрбітпекпіз.

1707130149878675.jpg

РЕСЕЙДЕГІ САЙЛАУ: КРЕМЛЬДІҢ ЖОСПАРЫ ҚАЛАЙ?

Ресей президентінің сайлауы 15-17 наурыз аралығында өтеді және алғаш рет көп күндік болады. 9 қаңтарда ОСК 11 кандидатты атады, оның 3-еуі тіркелген. Қалғандары жиналған қолдарды ОСК-ға өткізіп жатыр.

Сонымен Ресейде 2024 жылғы 31 қаңтарда сайлау науқанының екінші кезеңі аяқталды. Екінші кезеңде ОСК парламенттік партиялардан кандидаттарды тіркеді және басқа кандидаттар жинаған сайлаушылардың қолдарын қабылдады. Олардың өзін-өзі ұсынғандары 300 мың, ал партиялардан кандидаттар 100 мың жинауы керек еді.

Қазір Украинадағы соғысқа қарсылар мен оны жақтайтын кандидаттар арасында текетірес басталып кетті. Сөзіміз дәлелді болуы үшін:

«Соғысқа қарсы үміткер» Борис Надеждин: «Мен тыныш, ымыраға бейім адаммын. Сондықтан соңғысына дейін билікпен ынтымақтасып, одан бірдеңеге қол жеткізуге тырыстым. Бірақ 2020 жылы Конституцияға түзетулер енгізілгеннен кейін және соғыс бастағаннан соң бұл биліктен үмітім үзілді», - деген болатын.

Жириновский аузына түкірген ЛДПР-дан түскен кандидат Леонид Слуцкий 2022 жылғы 30 шілдеде: «Бүгінде арнайы әскери операция» (Ресей соғысты осылай атайды) - бұл басып алушылардың емес, орыс тілін, салауатты ой-сананы игеруге арналған азат етушілердің операциясы, әрине, бұл жалғыз мүмкін шешім», - деген. Сайлауалды үгітінде де осы риториканы ту етіп ұстауда.

1707130308925882.jpg

КІМДЕР ТІРКЕЛДІ, КІМДЕР ТІРКЕЛМЕДІ?

Сонымен, бүгінгі таңда сайлау науқанының екінші кезеңіне өткен кандидаттардың толық тізімі және олардың одан әрі сайлауға қатысуы немесе қатыспауы туралы ақпарат:

Андрей Богданов – КСРО партиясынан кандидат. Ол ОСК-ға қолын тапсырды және сайлауға одан әрі қатыспайтынын бірден мәлімдеді.

Сергей Бабурин «Ресей жалпыхалықтық одағы» партиясынан кандидат. Ол да қолдардың жинақталғанын және сайлауға түсуден өздігінен бас тартқанын мәлімдеді.

Рада Русских – өзін-өзі ұсынған кандидат. Бьюти-блогер, коуч және кәсіби визажист. Ол тіркелуге қажетті 300 мың қолды жинай алмады және сайлаудан бас тартты.

Анатолий Баташев – эко-белсенді, сондай-ақ өзін-өзі ұсынған кандидат. Ол тиісті көлемде қол жинай алмағанын хабарлады.

Ирина Свиридова Ресей Демократиялық партиясынан ұсынылды, бірақ оған да, партияға да 100 мың қол жинауға ресурстар жетпеді.

Сергей Малинкович – өзінің Ресей Коммунистері партиясымен бірге қол жинаудан сәтті өтіп, оны ОСК-ға тапсырды. Таяу күндері оған президенттікке үміткер куәлігі берілуі тиіс.

Николай Харитонов – КПРФ өкілі. Харитонов президенттікке кандидаттың куәлігін алып, үгіт науқанын бастады.

Леонид Слуцкий – ЛДПР-дан. Слуцкий де ресми түрде кандидат болып тіркеліп, Ресейді аралап жүр. Үгіт-насихат жүргізуде.

Владислав Даванков – Жаңа адамдар партиясынан. Ол да додаға «допуск» алған үміткер.  

Борис Надеждин – Ресейдің барлық либералдарының, соның ішінде біздің елден кеткендердің де үміті. Оны Азаматтық бастама партиясы ұсынды. Алайда, Ресей ОСК-сы оның жинаған қолдарын тіркемеудің амал-әдістеріне мықтап көшуде. Қазірдің өзінде Надеждиннің жинап әкелген қолдарының 15 пайызға жуығы жарамсыз деп мәлімделген.

ВЛАДИМИР ПУТИН – БҰЛ ЖОЛЫ ӨЗІН-ӨЗІ ҰСЫНҒАН КАНДИДАТ!

Владимир Путин – бұл жолы өзін-өзі ұсынған кандидат. Ол бірінші болып сайлаушылардың қолын жинады және жақында оны ресми түрде тіркеді.

Сондықтан бүгінде Путиннің бес ғана қарсыласы қалды: Даванков, Харитонов, Слуцкий, Малинкович және Надеждин.

1707130368611725.jpg

ӘЗЕРБАЙЖАНДАҒЫ САЙЛАУ: 2 КҮН ҚАЛДЫ...

Әзербайжан ОСК-сі 2024 жылғы 7 ақпанда өтетін мерзімінен бұрын президенттік сайлауда 7 кандидатты тіркеді. Олардың арасында мемлекет басшысы Илхам Әлиев бар.

Оның кандидатурасын билеуші «Жаңа Әзірбайжан» партиясы ұсынды. Сонымен қатар, депутаттар Рази Нұруллаев, «Ұлттық фронт» партиясының көшбасшысы, өзін-өзі ұсынған Захид Орудж, «Әзербайжанның біртұтас халықтық фронты» партиясының төрағасы Гудрат Гасангулиев, Ұлы жасампаздық партиясының төрағасы Фазиль Мұстафа, сондай-ақ «Ұлы Әзербайжан» партиясының көшбасшысы Эльшад Мұсаев және өзін-өзі ұсынған Фуад Әлиев тіркелді.

Президент жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде еркін, жеке және жасырын дауыс беру арқылы 7 жылға сайланады. Мемлекет басшысы жарты дауыспен сайланады. Егер мұндай көпшілік дауыс берудің бірінші турында жиналмаса, онда екінші тур өткізіледі. Оған тек екі кандидат ғана қатыса алады. Президенттік мерзім санына шектеу қарастырылмаған.

Екі күннен кейін мемлекет басшысы Илхам Әлиев тағы бір мәрте ел тізгінін ұстайтынына ешкім күмән келтірмейді. Екі елдегі сайлауды саяси көзбояу деп атайтындарда жоқ емес.

Айым Нұрқалиева

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар