Ескі Қазақстаннан мұраға қалған проблемаларды шешуде жаңа Үкімет қауқарлы болма ма?

Кешелі-бері Қазақстанның саяси кеңістігі ауыс-түйістерге толы болды. Үкіметті 44 жастағы антикор генералы Олжас Бектенов тізгіндеді. Смайылов отставкаға жіберілгеннен кейін, Үкіметті кім тізгіндейді деген сұрақ қызу талқы болды. Алматы әкімі Досаев, Маңғыстау әкімі Ноғаев, Мәжіліс спикері Қошановтардың аттары аталды. Алайда, болжалды үміткерлердің арасында мүлде аталмаған Олжас Бектенов Үкіметке келді.

1707295613167969.jpg

Бектеновтің кандидатурасына қатысты да қоғам пікірі екіұшты. Бір топ оның ескі жүйе олигополиясындағы үлкен ойыншылардың бірімен туыстығын сынаса, екінші топ керісінше, Бектеновті жаңа формацияның адамы ретінде сипаттайды. Оған себеп те жоқ емес, дәл Бектеновтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті тізгіндеген тұсында экс-президент Назарбаевтың төңірегіндегі бірсыпыра терең қалталы дөкейлердің кісенделгені белгілі. Олардың қатарында Қайрат Сатыбалды, Қайрат Боранбаевтарды атауға болады.

Жә, сөйтеп, кеше Үкімет құрамы жасақталды. Жаңадан 4 министр ауысты. Қалған министрліктерде өзгеріс бола қойған жоқ.

Ал бүгін Президент Үкіметтің кеңейтілген жиынын өткізіп, жаңа жасақталған Үкіметке нақты 10 тапсырма жүкте, 26 мәселені басты назарға алуды міндеттеді. Енді солардың бірсыпырасын сөзталқы жасайық:

1. Үкімет алдына бюджет және салық саясатының тиімділігін түбегейлі арттыру міндеті қойылды.

2. Президент жаңа Салық кодексі инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мен бюджетке түсетін түсімдердің қажетті деңгейін ұстап тұру арасындағы ақылға қонымды теңгерімді қамтамасыз етуі тиіс екенін атап өтті.

3. Үкімет отырысы барысында Мемлекет басшысы бизнеске әкімшілік қысымды азайтуды тапсырды. Ол үшін салық жүйесін цифрландыру және цифрлық технологияларды, әсіресе жасанды интеллектті қолдану қажеттігін алға тартты.

4. Үкімет жаңа инвестициялық циклді іске қосады.

Президент таяу жылдары елдің даму қарқынын сақтау қиын болатынын кеңінен қозғады.

5. Уәкілетті құрылымдар заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша күш-жігерді жандандыратын болады.

Түскен қаражат ел үшін маңызды жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.

Үкіметтің бұл бағыттағы міндеті де кәсіпкерлерді қысқа тізгінде ұстап тұру емес, елдегі қолайлы бизнес және инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл жұмыс әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету тұрғысынан үлкен мәнге ие және маңызды экономикалық міндетті шешуге арналғанын сөз етті.

6. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлемдегі озық тәжірибеге сәйкес келетін Қала құрылысы туралы кодексті пысықтауды тапсырды.

7. Үкімет халықаралық тәжірибе негізінде инвесторлар үшін жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту тәртібін түбегейлі жеңілдеткені жөн.

8. Президент бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін таңбалау және қадағалау немесе ақшаны Цифрлық теңгенің көмегімен «бояу» мүмкіндігі шешуші болып табылатынын атап өтті.

9. Үкіметтің алдына экономиканы кешенді ырықтандыру үшін жүйелі шаралар қабылдау міндеті қойылған.

Экономикалық процестерге ауқымды мемлекеттік араласудан кезең-кезеңмен алшақтауға мүмкіндік беретін маңызды реформа.

10. Үкімет квазимемлекеттік секторда ауқымды реформа жүргізетін болады.

Бұл «Самұрық-Қазына» қорына кіретін компанияларға қатысты әлеулайларды жөнге келтіруді баса айтты.

11. Президент елдегі өндірісті дамытуға жаңа серпін беру қажеттігін атап өтті.

12. Қарағанды комбинаты ұлттық инвесторға берілді. Ескі инвестор кәсіпорынды жаңғырту, экология, еңбек қауіпсіздігі мәселелерін елемей, пайдасын тартып алды.

Қазір жаңа Инвестордың кәсіпорынды кешенді жаңғырту ниеті бар.

13. Президент енді автомобильдерді құрастырудың неғұрлым күрделі деңгейіне жүйелі түрде көшу қажеттігін атап өтті. Отандық автомобиль жасау саласында белгілі бір жетістіктер бар.

Жол және құрылыс техникасы, энергетика саласына арналған жабдықтар, мелиорациялық жүйелер, металдардан жасалған дайын бұйымдар - бұл перспективалық бағыттардың толық тізбесі емес.

14. Өнеркәсіптің серпінді өсуінің негізгі шарты нақты секторды ұзақ мерзімді өтімділікпен қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл мәселенің бір шешімі БЖЗҚ активтерін тиімді пайдалану болуы мүмкін. Зейнетақы активтерін экономикалық айналымға нарықтық жағдайда ғана тарту керек. Зейнетақы ақшасының сақталуын қамтамасыз ету талап етіледі.

15. Президент Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенге және су ресурстарын үнемді пайдалануға назар аударды.

Басты проблема - қажетті қаржының жеткіліксіз бөлінуі. Сондай-ақ, инвестициялардың тапшылығы бар, бұл техниканың тозуына, өнiмнiң өнiмсiздiгiне және болмауына әкеп соғады.

16. Үкіметке фермерлерге жан-жақты қолдау көрсету тапсырылды. Ең бастысы, шаруалар жерді барынша тиімді пайдалануға және барынша мол өнім беруге ұмтылуы тиіс.

Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын «бір терезе» қағидаты бойынша ұсыну керек, бейінді қаржы институттарының қызметтерін біріктіру орынды.

17. Президент су ресурстарының тапшылығына жауап берді. Өткен жылы Жамбыл облысының фермерлері су тапшылығынан қатты зардап шекті. Биыл да құрғақшылық болуы мүмкін. Әсіресе, Түркістан және Қызылорда облыстарында су жетіспеушілігіне байланысты жағдай жоғары.

Көрші мемлекеттер су тапшылығын жою үшін белсенді жұмыс істеуде. Қазақстанда үлкен міндеттер жүктелген арнайы құрылған министрлік жұмыс істейді.

18. Үкіметке коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғыртуды жеделдету тапсырылды. Елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің барлық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету - Үкімет пен әкімдіктердің негізгі функцияларының бірі.

Мемлекеттік органдар саланы оның қазіргі жағдайына жеткізген жүйелі қателер мен олқылықтардан сабақ алмайды.

19. Мемлекет басшысы электр қуатын, жылуды, суды өндіру және беру қуаттарының тапшылығын сезініп отырғанын атап өтті.

Бірнеше жүйелік элементтерді қамтитын саланы терең реформалау қажет.

20. Президент әкімдерге қалаларды абаттандырумен белсенді айналысуды, олардың ластануымен күресуді тапсырды. Бұл үшін инвесторларды тарта отырып, ең алдымен ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттар салу, сондай-ақ көгалдандырумен айналысу қажет. Бұл жұмыс қазір қанағаттанарлықсыз жүргізілуде.

22. Президент автожолдар құрылысындағы проблемаларды атап өтті.

Еліміз үшін аса маңызды тас жол «Астана-Балқаш-Алматы» болып табылады, ол әлі күнге дейін жөнделмеген. Республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахань», «Ақтөбе-Қандыағаш», «Талдықорған-Өскемен» жолдарын жөндеу жұмыстары бес жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді.

23. Үкімет отырысында экономиканы цифрландырудың және жасанды интеллектіні кеңінен қолдануды қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.

Президент Қазақстан мемлекеттік және қаржылық қызметтерді цифрландыруда елеулі прогреске қол жеткізгенін атап өтті.

24. Үкімет отырысында әлеуметтік саладағы мәселелер қаралды. Мемлекет басшысы бөлінген қаражатты барынша тиімді жұмсап, көмекке мұқтаж адамдарға ғана беру қажеттігін атап өтті.

Елдің әрбір бесінші тұрғыны мемлекеттен әлеуметтік көмек алады. Бұл ретте басым көпшілігі - еңбекке қабілетті азаматтар.

25. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту. Елімізде бесінші жылдан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыс істейді.

Бұл ретте медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігі айтарлықтай артқан жоқ.

26. Президент үкіметке, әкімдерге және «Самұрық-Қазына» қорына «Денсаулық сақтауды жаңғырту» және «Жайлы мектептер» ұлттық жобаларын іске асыруға кедергі келтіретін барлық мәселелерді шешуді тапсырды.

Бұған дейін 655 нысан салу жоспарланған болатын. Іс жүзінде олардың тек 85-і ғана ашылған. Сондай-ақ, жаңа форматтағы 369 мектепті пайдалануға беру жоспарланған. Мұнда сондай-ақ техникалық құжаттарды дайындауды және жер аумақтарын салуға бөлуді кешіктіруде проблемалар бар.

Осы Мемлекет басшысы баса айтқан салалар бойынша Ескі Қазақстаннан мұраға қалған қордаланған проблемаларды шешуде жаңа үкімет қауқарлы болма ма, әлде құр қол қусырып пұшайман күй кеше ме оны уақыт көрсетеді.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар