Палестинаны мойындау: Күштілер Израильден сырт айналды ма?

Кеше Норвегия, Испания және Ирландия Палестинаны ресми түрде мемлекет деп таныды. Ал Германия бұл мойындауға дайын екенін мәлімдеді.

1716466353996536.jpg

(Коллаж: Mezgil.kz)

«Мұндай шешім Таяу Шығыстағы бейбітшілікке септігін тигізеді», - деп еуропалық елдердің билігі сөз етті. Израильдің өз басы еуропалықтардың бұл қадамын: «ХАМАС пен Иранның сыйақысы», - деп атады.

Еуропалықтардың басым көпшілігі аузың қайсы десе, мұрнын көрсетіп, Палестинаны картадан таба алмасы анық. Бұрын Құдыс турасындағы мәселенің шынайы мәнісін мүлдем білмей келгендері де жасырын емес. Құдыстықтардың азаттық ұмытылып, АҚШ пен Израильді әлеке салуының ақыры Еуропада палестиналықтарға деген құштарлықты арттырып, ақыр соңы АҚШ пен Израильдің Газадағы саясатына наразылық туғызды.

ҚҰДЫС ПЕН ИЗРАИЛЬ ҚАҚТЫҒЫСЫ: ЕУРОПА НЕ ДЕЙДІ?

Израиль-Палестина қарым-қатынасы, дәлірек айтсақ, ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан дағдарыс Еуропаны шарпып, ешкім бұрын басынан сыйпап көрмеген Құдыстықтарға деген жылы қабақтық танытуға бастап алып келді.

Бұл орайда Палестина мемлекетін тану туралы еуропалықтардың барша мәлімдемелері жаһандық саясатта қандай да бір нақты шешімдер қабылдауға әкеліп соқтырмайтын, ешқандай нақты қаржылық немесе саяси міндеттемелер жүктемейтін, жай ғана символикалық ишара болып табылады.

Өзін соғыс оты шарпымаған Еуропа үшін бұл ыңғайлы жағдай. Сол себепті олар: «Біз барлық жақсылық үшін және барлық жамандыққа қарсы өз пікірімізді білдірдік. Бірақ оның салдары үшін жауап бермейміз», - деп, ауыздарын қу шөппен сүрте алады. Бұл бос белбеулікке Еуропадағы палестиналықтарға ғана емес, соңғы он жылдағы ең консервативті және ұлтшыл үкімет ретінде танылған Израильге де қатты алаңдайды.

ГАЗАДАҒЫ ҰЗАҚ СОҒЫС ИЗРАИЛЬДІ ҚОЛДАУДАН АЙЫРУДА...

Егер 2023 жылдың 7 қазанынан кейін Израильдің Еуропадағы қолдауы жан-жақты болса, қазір ол қолдау айтарлықтай азайған. Өйткені Құдыс-Израиль қақтығысының әскери шешімі жоқ екені айқындала түсті. Израиль басшылығы әлемге өзін жеңімпаз ретінде таныта алмады. Жеңімпаз үшін Еуропа көп нәрсені кешіруге дайын, бірақ аутсайдерлер оған үміт ете алмайды. Бұған Ресей-Украина қақтығысы дәлел.

Бәрі керісінше болып, Израиль аталған 5-6 айдың ішінде шынайы жеңіске қол жеткізсе, олардың бұл ең қатал әрекеттеріне еуропалықтар шаң жуытпай, шыбын жандары шырқырай ақтар еді. Бірақ Нетаньяху үкіметі бұған қол жеткізе алмады.

Оның үстіне – белгілі бір аймақта орын алған әскери-саяси кикілжіңнің жұртты қажыту факторы да өз дегенін істеп, нәтижесінде: ондаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан дағдарыс Израиль-Палестина қарым-қатынасы Еуропаны шаршатып бітті. Бұл дағдарыс ешқайда бастап апармайтын соқпақ болғандықтан, жағдайдың тұйыққа тіреліп, одан шығу жолы жоқ екендігі сөз ұғатын жанға белгілі болды. ХАМАС олар үшін қолайсыз жарылмаған бомба және еуропалықтар көзсіз сенетіндей еврей мемлекетінің қазіргі басшылығы соғысқа біржақты үміт артып, оңтайлы жол ұсына алмайды.

ПАЛАСТИНАНЫ КІМДЕР МОЙЫНДАЙДЫ?

Оның үстіне, бүгінгі таңда Палестинаны БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 146-сы, оның ішінде Қытай да мойындады. Бұл бірқатар еуропалық мемлекеттерге АҚШ-қа жалтақтамай, өз мойындауын жасаудың қосымша дәлелі болып табылады.

Бірақ кез келген жағдайда Еуропаның бірқатар мемлекеттерінің мойындауы әзірге таза символикалық сипатта екенін және нақты саяси салдарға әкеп соқпайтынын үнемі есте ұстаған жөн.

Оның үстіне еуропалық қос алып – Париж бен Берлин бұл трендке қосылуға асықпауда. Олар Палестинаны мемлекет ретінде тану соғыс аяқталып, Израиль Палестина мемлекетін құруға келіскен кезде ғана болуы тиіс деп санайды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар