Путиннің «ядролық шантажына» НАТО жауап берді: Әлемде қанша ядролық қару бар?

Ядролық қаруды жасаушылардың барлығы қос лагерге бөлініп алып, әрқайсы өздері ұстанған иделогия бойынша әлемді «қоңыр обадан», «коммунистік инфекциядан» және «империалистік экспансиядан» құтқарып, «игі іс жасап жатырмыз» деп ойлап, жұртты сөздеріне сендірді.

1718622931318796.jpg

ЕҢ ЖОЙҚЫН ҚАРУ – БЕЙБІТШІЛІКТІҢ КЕПІЛІНЕ АЙНАЛДЫ

Атом энергиясына ие болуға ұмтылған елдер үшін бұл өмірілік мүдде мен ғаламдық міндет болды. Бомбаға иелік ету – олардың ұлттық қауіпсіздігі мен тыныш болашағының символы әрі кепілі болып саналды. Осылайша, адам ойлап тапқан адам өлтіру құралдарының ішіндегі ең қасіретісі жер бетіндегі бейбітшіліктің ең қуатты кепілі болды.

ПУТИННІҢ «АТОМДЫҚ ШАНТАЖЫНА» НАТО ҚАТҚЫЛ ЖАУАП ҚАТТЫ

КСРО келмеске кеткен соң, әлемде ешкім «Ядролық шантажға» баруға дәті шыдамады. Тек Сотүстік Корей мен Иран ғана қоқаңдап, сес көрсетіп қоюшы еді. Енді Путиндік Ресей Украинға әлі келмей бара жатқан соң, «атомдық шантажға» көшуге мәжбүр болды. Бірақ осы бомбаға иелік ететін елдер орыстың бұл әпербаққандығына саяси күле қарайтыны да рас.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг «The Telegraph-ке» берген сұхбатында: «НАТО Ресей мен Қытай тарапынан төнген қауіп-қатердің салдарынан ядролық қаруды жауынгерлік әзірлікке келтіруде. Альянс өз қарсыластарына тікелей дабыл қағу үшін әлемге өзінің ядролық арсеналын көрсетуі тиіс», - деп мәлімдеді.

СТОЛТЕНБЕРГ: ЯДРОЛЫҚ АРСЕНАЛЫМЫЗ САҚАДАЙ САЙ ТҰР!

Одан ары Столтенберг: «Мен қанша ядролық қаруды әзірлікке келтіру және қанша ядролық қаруды запаста ұстау керектігі туралы егжей-тегжейлі айтпай-ақ, қояйын. Бірақ бізге осы мәселелер бойынша кеңесу қажет. Біз дәл осымен айналысамыз.

Ядролық қаруымыз бар кезінде, біз ядролық альянс болып қала береміз. Себебі Ресей, Қытай және Солтүстік Корейде ядролық қару бар. Ал әлем анағұрлым қауіпті әлем болып табылады», - деп мәлімдеді.

НАТО Бас хатшысы өз сөзінде Қытай қазіргі заманғы қару-жараққа, оның ішінде өзінің ядролық арсеналына едәуір қаражат инвестициялайтынын, ал 2030 жылға қарай бір мыңға дейін өсетінін хабарлады.

НАТО: БІЗДІ РЕСЕЙ ЖӘНЕ ҚЫТАЙМЕН ЯДРОЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫС КҮТІП ТҰР!

«Ал бұл НАТО таяу болашақта екі ықтимал ядролық қарсыласымен - Қытай мен Ресеймен бетпе-бет келуі мүмкін дегенді білдіреді. Әрине, оның салдары болады», - деп атап өтті Столтенберг.

17 маусымда Стокгольм халықаралық бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының (SIPRI) әлемдегі ядролық қару туралы баяндамасы жарияланды. Одан келіп шығатыны, соңғы жылы барлық тоғыз ядролық держава (АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбритания, Үндістан, Пәкістан, Израиль және Солтүстік Корей) өздерінің арсеналдарын кеңейтті, ал жедел өрістетілген ядролық қару-жарақ саны артты.

ӘЛЕМДЕ ҚАНША ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ БАР?

Аталған есептен келіп шығатыны, 2024 жылдың басында тоғыз мемлекеттің жалпы саны 12 121 ядролық оқтұмсық болған. Олардың тоғыз жарым мыңнан астамы ықтимал пайдалануға жарамды. 2100-ге жуық өрістетілген оқ-дәрі баллистикалық зымырандарда жоғары жауынгерлік әзірлікте тұр. Олардың барлығы дерлік Ресей мен АҚШ-қа тиесілі. Өткен жылы Қытайда алғаш рет жоғары жауынгерлік әзірліктегі бірнеше ядролық оқтұмсық пайда болды.

Сарапшылардың бағалауынша, қырғи-қабақ соғыстан бері ядролық қару ешқашан қазіргідей елеулі рөльге ие бола қойған жоқ.

2024 жылғы мамырда Ресей Беларусьпен стратегиялық емес ядролық күштердің бірлескен оқу-жаттығуларын өткізетіні туралы хабарлады. Маусымда осы оқу-жаттығулардың екінші кезеңі басталды.

2023 жылғы қазанда Владимир Путиннің басқарумен Ресейдің стратегиялық ядролық күштері жаттығулар жасап, онда шартты қарсыластың ядролық соққысына жауап ретінде жаппай ядролық соққыны пысықтады. Жаттығу барысында тәжірибелік баллистикалық және қанатты зымырандар ұшырылды.

Ресей президенті Владимир Путин Петербург экономикалық форумы аясында Ресейдің ядролық доктринасын өзгертуді жоққа шығармады. Путин «ядролық қаруды көңірсітпейтінін» мәлімдеді. Бірақ, кейінірек Еуропаның бұл мәселеде «аз да болса қорғаусыз» екенін атап өтті.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар