Көмек сұрап, Шығысты шарлаған Путин НАТО-ға балама әскери коалиция құрмақ!

Әлемдік БАҚ «Жүзқаралардың жүздесуі: Путиннің КХДР-ға сапары немен аяқталды және Қытай бұл туралы не ойлайды?» деген тақырыпты жеріне жеткізе жазып, сан саққа жүгіртуге көшті.

1718875214657034.jpg

Ресей көшбасшысы Владимир Путиннің КХДР-ға сапары Ресейдің диктатураға бұрын-соңды болмаған жақындасуын білдіретінін ешкім жоққа шығармайды. Бір кезде осы елге салынған санкцияғаларға қатысқан Путин режімі енді өз басына осы кеп түскенде не істейді деген сыбыс та орыс оппазициясы арасында сөз етіле бастады.

Бір нәрсе анық - ISW: Путин НАТО-ның аналогын жасағысы келеді деген пікірді таратты. Өйткені, қандай жоғары деңгейдегі кездесу болсын, оның жұрт назарынан тыс құпиялы тұсы болады. Соғысты зерттеу Институтының сарапшылары: «Диктаторға айналған Путин АҚШ-қа қаны қарайған елдерден дос табушылық қадамына барып отыр. Оның сондағы түпкі ойы НАТО-ның баламасы болып таблатын Одақ арқылы әскери коалиция құрғысы келеді», - деген хабар таратты.

Путин КСРО-мен терең тарихи байланыстары бар мемлекеттерді біріктіруді жоспарлап отыр. Вьетнамға сапары қарсаңында ол «Nhân Dân» газетінде мақала жариялады.

Мақалада Путин Вьетнамның соғыс кезіндегі Кеңес Одағын қолдап, оны «шетелдік басқыншыларға қарсы батырлық күрес» деп атайды. Ол сондай-ақ Мәскеу мен Ханой арасындағы Достық туралы шарттың 30 жылдығын атап өтті. Путин Солтүстік Корея сияқты Вьетнам да Ресей Федерациясының «тең және бөлінбейтін еуразиялық қауіпсіздік» жаңа жүйесін қалыптастыруға деген көзқарасын қолдайтынын мәлімдеді.

Сарапшылардың айтуынша, Оңтүстік-Шығыс Азия әдетте Еуразияның саяси тұжырымдамасына кірмейді.

Мамыр айында Қытайға сапары кезінде Путин «қауіпсіздіктің еуразиялық құрылымы» туралы айта бастады. Маусым айындағы сөзінде ол «еуроатлантикалық қауіпсіздік жүйесі» бұзылып жатыр, ал батыстық «Еуропадағы гүлдену схемалары жұмыс істемейді» деп ұсынды.

Сарапшылардың пікірінше, Путин НАТО-ға нақты балама ретінде көрсете алатын елдердің коалициясын құруға тырысады. Ол сондай-ақ Батыс елдері - Украинаның жалғыз жақтаушылары, ал қалған әлем РФ-ны қолдайды деген иллюзия жасағысы келеді.

Қытайдағы ВВС тілшісі Лора Бикер ресми Бейжің Мәскеу мен Пхеньяндың жақындасуынан сақтанатынын және Бейжің-Мәскеу-Пхеньян осінің бір бөлігі болғысы келмейтінін атап өтті. Ол Путиннің жақында Қытайға сапары кезінде - оның инаугурациясынан кейін бесінші мерзімге алғаш рет - Қытай билігі Ресей көшбасшысының тікелей КХДР-ға баруына қарсылық білдіріп, осы екі сапарды бөлісуді ұсынды. Бикердің айтуынша, Ресей де, КХДР де Қытайға бірін-бірі қажет ететіннен әлдеқайда көп мұқтаж. Ал Қытай коммунистік партиясының жоғарғы тобы, өз кезегінде, Бейжің олардың жақындасуын қолдайтындай әсер қалдырмайды.

Mezgil.kz


Ұқсас тақырыптар