13 маусымда Армения премьер-министрі Пашинян: «Келесі қисынды қадам ҰҚШҰ-дан шығу болады», - деп мәлімдеді және: «Ел билігі бұл қадамды қашан жасау керектігін шешеді», - деді.
(Сурет: primeminister.am)
Осының алдында, ақпанда Пашинян Арменияның ұйымға қатысуын тоқтата тұру туралы мәлімдеген еді. 8 мамырда Арменияның СІМ-де елдің ҰҚШҰ-ның жылдық бюджетін бекітуге және ұйымды қаржыландыруға қатыспайтынын хабарлады.
Осыдан кейін Ресейдің осы елге деген қабағы қатылуанып, түрлі шаралар орын ала бастады. Президент Путин бастап, Медведьев қостап, өзгелері ұлардай шулап, Арменияны «одақтағы сатқын» ретінде сипаттап, айыптай сөйлей бастады.
Жуырда Армения Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: «Мәскеудің өзі бізді ҰҚШҰ-дан шығуға итермеледі. Мәскеудің өзі Ереванға қару-жарақ жеткізуді азайту туралы шешім қабылдады», - дегенді алға тартып:
«Дәл осы Ресей (Арменияға) қару-жарақ пен оқ-дәріні жеткізбейміз шешті. Айтпақшы, олар келісімшарттар бойынша жоспарланғанды әлі толық көлемде жеткізбей отыр. Бір қызығы, ресейлік тарап Армения басқа елдерден қару сатып алады деп шағымданған жағдайда, 2021-2022 жылдарға арналған келісімшарттар бойынша жеткізуді жалғастырмайтын болады», - деп мәлімдеді Григорян.
Оның айтуынша, Ресейдің Арменияға қару жеткізуден бас тартуы Украинадағы әскери іс-қимылдармен түсіндіріледі. Григорян РФ-мен қауіпсіздік және әскери ынтымақтастық саласындағы одан арғы үдерістер Мәскеудің ұстанымына байланысты екенін атап өтті.
Ал Арменияның НАТО-ға кіру мәселесі талқыланбайды. Бұл туралы армян парламентіндегі «Азаматтық келісім» фракциясының мүшесі Сандыков мәлімдеді. Ол сондай-ақ, Ереван ҰҚШҰ-ға қатысуын «түсінікті себептермен» тоқтатқанын, бірақ ұйымнан шығу туралы әзірге сөз жоқ екенін атап өтті.
Mezgil.kz